Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » облыс ардагерлер ұйымдарында

облыс ардагерлер ұйымдарында

01 июль 2022, Пятница
111
0
Рас, қазір ағайынға ауызбірлік қай кездегіден де қажет болып тұр. Жасыратыны жоқ, көп адамдар ағайындық көмек пен қайырымдылыққа мұқтаж. Өйткені оған түрлі себептер бар. Біздің ауылда отағасы өмірден өтіп кеткен жалғызбасты әйел Тұрсын Нуманова екі рет операцияға түсіп, өзі үш-төрт жыл сырттағы қызының қолында болған. Енді үйіне қайтып келсе, көп жылдан бері адам тұрмағандықтан үйінің шатыры сынып, үйдің бөлмелері жарамсыз болып қалған екен. Үйін жөндеуді бастап кетейін десе, қол қысқа. Содан жағдайды айтып ауыл әкіміне, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде маған келді. Қысқасы, біз тез арада осы кісінің үйін ел болып күрделі жөндеуге кірісіп кеттік. Қазір мына қымбатшылықта үй салу оңай емес, ауылдағы, қаладағы ағайындарға хабарласып көмек берулерін өтіндім. Құдайға шүкір, сырттағы, ауылдағы ағайындар болып, қаржы жинап, құрылыс материалдарын алып беріп, сойыспен қамтамасыз еттік. Осы жұмыстарды ұйымдастырушылар қатарында Әзімхан Қилыбаев, Базарбек Бақбергенов, Досболат Туғанбаев, Рыскелді Жантайбековтер сияқты елдің белсенді азаматтары көп еңбек сіңірді. 
Ал, ауылдық округ әкімдігі биржадағы жігіттерді ұйымдастырып құрылысты бастап кетті. Ойық ауылының әкімі Нұржан Нұржігітов өзі бастап аппараттың жігіттері 150 мың теңге жинап, бүкіл бес бөлмелі үйдің ішкі төбесіне «натежной потолок» жасатып берді. Ал, кәсіпкер, ойықтық Жандар Жексенов бүкіл 5-6 терезесін пластик материалмен өзі келіп салып берді. Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов жылу жүйесіне керекті материалдармен қамтамасыз етті. Сөйтіп, 4-5 айда үйді бітіріп бердік. Тұрсын дән риза. 
Және бір мысал, жақында болған табиғаттың тосын жағдайы – алапат дауылдан ауылдағы көпбалалы Шыңғыс Әбілжанұлының жаңа салынған бес бөлмелі үйінің шатыры түгел ұшып кетті, сол күні ел ішінде қаржы жинауға сауын айтылды. Айналайын ағайын, жастары бар, ардагерлері, сырттағы жерлестеріміз бар, бәрі жиналып екі күнде бір миллион бір жүз мың теңге жинап, тез арада құрылыс материалдарын алдыртып, ел болып 7-8 адам кезегімен тегін асарлатып, үйдің шатырын бір аптада қайта жауып берді. Міне, менің туған ауылымның азаматтары осындай. Біз ардагерлер – көнекөз қариялар бұған қатты қуандық, елге риза болдық. Бұл жұмыстарға көптеген азаматтар аянбай атсалысты. Осы ауызбіршілігімізді одан әрі нығайту мақсатында Ойық ауылдық округінің ардагерлер кеңесі белсенді қариялардың басын қосып «дөңгелек үстел» отырысын өткіздік. 
Сөйтіп, туған ауылымызды қалай көтереміз деген тақырып төңірегінде пікір алмастық. Көптеген өзекті мәселелер, құнды пікірлер айтылды. Қорытындысында ардагерлер кеңесінің алда атқарылуға тиісті тоғыз бағыттан тұратын іс жоспарын бекіттік.  
Онда ауыл тұрғындарының бірлік-берекесін қалыптастыру мақсатында салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды жаңғырту және ауыл бірлігін әр ауыл тұрғынының мәселесіне айналдырып, ағайын тірлігіне ел болып атсалысу, той, жиын, көкпар, бәйге, спорт жарыстары, т.б тірліктерге бір кісідей атсалысу, қауымдасып ұйымдастыру жөнінде нақты міндеттер қарастырылған және оларды жүзеге асыруға міндетті жауапты тұлғалар белгіленген іс-шаралар жоспары бекітілді. Жыл сайын Д.А.Қонаевтың туған күні мен қайтыс болған күнін ауыл болып атап өту жағы да шарадан көрініс тапты. 
Ауылды көгеріштендіру-көріктен-діру, тазалық сақтау мәселелері де тұрғындардың басты назарында болуға тиісті. Ауылдың тарихи орындары – Бөлтірік шешен, Рысқұл, Сапарғали имам, Қара қожа имам мешіттері және орталықтағы мешіттің айналасын гүлдендіру-көгеріштендіруге тұрғындар біркісідей қатысуға тиісті. 
Ауылда ұрлық-қарлық, бұзақылық болмауға тиісті. Ұрылар алыстан келмейді, оларды көптің көмегімен анықтап, билер кеңесінің талқысына ұсынуымыз керек. Тәртіпсіздік жасағандармен күресу – баршамыздың міндетіміз. Ішімдік атаулыдан аулақ болып, округтегі барлық дүкендерде арақ-шарап саудасын қадағалау ардагерлер кеңесі мен билер кеңесінің басты жұмысы болуға тиісті. 
Ауылдағы жастармен жұмыс – күн тәртібінен түспеуге тиісті. Жұмыссыз жүрген жастардың жұмыс істеуіне, демалуына, спортпен айналысуына жағдай жасауға тиістіміз. 
Ойық ауылдық округі бойынша әр ауылда дін және имандылық жайында жұмыстың ауқымын кеңейтіп, оның нәтижелі сипат алуына назар аударғанымыз жөн. Жалпы жамиғатқа жиындарда дін туралы уағыз айтып қана қоймай, басқа да теріс ағымдағы діндер жайлы түсінік беруіміз керек. Адам қайтқанда, жаназасында теңге таратпау, аста-төк дастархан мәзірін жасап, ысырапшылдыққа жол бермеу жағына назар аударғанымыз жөн. 
Ардагерлер кеңесіндегі басқосуда алға қойылған мақсат-міндеттерімізді ел қолдады. Әрине, айтылған шаруалар бірден орындала қоймайды. Әр ай сайын кезек-кезегімен әр бағыт бойынша жауапты тұлғалар ардагерлер кеңесінде атқарылған жұмыстар туралы есеп береді. Сөйтіп, жыл он екі ай белгіленіп бекітілген 9 бағыт бойынша кезегімен жасалған іс-жоспардың орындалу барысын біліп отырамыз. Өз міндетін ойдағыдай атқармаған топ басшысы және мүшелері өзгертіледі. Сонымен бірге жыл соңында, яғни 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесінде өз жұмыстарын өте жақсы орындап жүрген топ басшысылары марапатталады. 
Осы жұмыстарды жұмыла көтеріп, алдағы уақытта ең таңдаулы үлгілі ауыл болуға бар күш-жігерімізді саламыз. 

Пана Рахманбердіұлы,
Ойық ауылдық ардагерлер
кеңесінің төрағасы, 
Талас ауданының
Құрметті азаматы.
Обсудить

Похожие материалы:

Облыс ардагерлер ұйымдарында
29 апрель 2022, Пятница
Облыс ардагерлер ұйымдарында
КӨРКЕМ МІНЕЗДІ ЖАН
01 июль 2022, Пятница
КӨРКЕМ МІНЕЗДІ ЖАН
Көкем мінезді жан
31 май 2022, Вторник
Көкем мінезді жан
Асарлатқан ауылдар
29 июль 2020, Среда
Асарлатқан ауылдар
Билік және бастауыш ұйым
30 май 2022, Понедельник
Билік және бастауыш ұйым
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры