Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Көкем мінезді жан

Көкем мінезді жан

31 май 2022, Вторник
155
2
Жақсы адаммен сөйлессең, жаның жадырайды. Жаман жаныңды жүдетеді. Өзім жарты ғасырдан бері білетін, сыйласатын, құрмет тұтатын -  Ілиясбек Жуасбекұлы көркем мінезді жан. Қаншама жыл араласып жүріп ол кісінің біреуді ғайбаттағанын немесе біреуге ренжігенін көрген емеспін. Мұндай да мінезі көркем, мінсіз адам болады екен-ау деп ойлаймын кейде. 
Ғұламалардың айтуына қарағанда адам баласын өзі секілді екі аяқты, жұмыр басты өзге пенделерден ерекшелеп тұратын бір қасиет – оның мінезі. Мінез – адам бойындағы алтын мен жауһардан да артық жылтырап, көзге ұрып тұратын әшекей. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез, ар деген нәрселермен озады. Бұдан өзге нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылық» деген Абай атамыз он сегізінші қара сөзінде. Ілекең Құдай деген діншіл адам. Бес уақыт намазын қаза жібермейді. Көп оқиды, көп біледі. Оны замандастарынан өзгешелеп тұратыны да сол қасиет сияқты. 
"Елу жылдан бері білемін" дейтінім аудандық «Ленин жолы» (қазіргі «Талас тынысы») газетінде еңбек жолымды бастағанымда бірде Қаратау ауылына іссапарға барғаным есімде. Ілекең совхозда мал маманы екен. Шаруашылықтың басшысы Әбдіқұлов Сәтбай малшы ауылдарын аралатуға сол кісіге тапсырма берді. Жол бойы елпілдеген қалпынан бір айнымады. Кешке қарай үйіне қонақ етті. Жолдасы Сүлейменқызы Закира ағамызға сай биязы мінезді, дастарханды болып шықты. Негізінде ер адамның абыройын асыратын да, жаманын жасыратын да әйел ғой. Ойпырмайдың тектілігі, күйеуін «сіз» деп сөйлейді. Өзі бастауыш сыныпта ұстаз екен. Содан бастап сыйласып кеттік. Ілиясбек шаруашылықта ұзақ жыл бас мал дәрігері болып қызмет етті. Оншақты жыл осы күнгі Қараой ауылындағы ферманы басқарды. Білемін, ферманы ауылдағы ғана емес, аудандағы іргелі шаруашылықтың біріне айналдырды.
Араласып жүріп білісе түседі екенсің. Ағамыз тектінің тәрбиесін көрген адам ғой. Әкесі Жуасбек Қартабаев кезінде колхоздастыруға белсене қатысып, еті тірілігінің арқасында ауылдық кеңестің төрағасы қызметін де атқарған. Ауылының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосыпты. Қараой ауылының оңтүстігіндегі «Жуасбек бағының» ұрпақтарының мақтанышына айналғанының өзі не тұрады? «Әке көрген оқ жонар» демекші, Ілекең де Қараойдың өсіп-өркендеуі үшін еш аянып қалған емес. Қызметте жүріп те, зейнетке шыққан соң да елді бірлікке, тірлікке шақырып, білгенін кейінгі ұрпаққа айтудан жалыққанын көрген емеспін. Соңғы жылдары ауылда мешіт үйі салынды. Қорымдар қоршалды. Жаңа типті мектеп үйінің салынуына Закира екеуінің бастамашы болғанына өзім куәмін. Осыдан 6 жыл бұрын облыстық білім басқармасының бастығына, аудан әкіміне ауылдан мектеп үйін соғуға ұсыныс еткенін, тіпті, бірнеше мәрте хат жазғанын да білемін. Балалардың саны жетсін деп қаладағы, сырттағы ағайындардың балаларын ауылға алдырып, жұмыс жасағанына да куәмін. Иманды болғыр Закира Қараой десе жүрегін жұлып беруге дайын жан болатын. «Екі жақсы қосылса, күн шығады айменен» демекші, Ілиясбек аға мен Закира жеңгеміз ел қызығатындай жұп болды. Ол да үлгі алатын қасиет қой. 
Ілиясбек зейнетке шыққаннан кейін де ауылда 5 жыл мал маманы болып еңбек етті. Осында мал дәрігерлік дәріхана ашты. 
Бұдан 2 жыл бұрын Алланың қалауымен жұбайы екеуі Мекке-Мәдинеге кіші қажылыққа барып қайтты. 
Міне, сексеннің сеңгіріне шықса да Ілиясбек ағамыз қол қусырып қарап отырған жоқ. Талас аудандық билер кеңесінің мүшесі. Аузы дуалы, сөзі уәлі ақсақал. Отбасы, ошақ-қасында болатын дау-дамайларды шешуге мәмілегерлік жасайды. Адамдарды иландыра алады. Ағамыздың арқасында талай отбасының шаңырағы сақталып қалды. Бірде ауданда әжептеуір қызмет атқаратын әйелдің дүкеннен қарыз алып, қайтармай жүретінін айтып, дүкенші шағымданғанда, сол дауды Ілекеңе тапсырдық. Қарызданушыны ұялтып, берешегін айға жеткізбей қайтартты. 
Мен Жуасбекұлы Ілиясбекті Алланың сүйген құлы деп санаймын. Соңғы жылдары талай қиындықты бастан кешірді. Бәрінде сабыр сақтады. Жаратқанға шүкірлік етті. Әсіресе, 55 жыл отасқан жан-жары Закираның о дүниелік болуы ол кісіге оңай тиген жоқ, әрине. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, ұшырды. Күні кеше ғана шөберелі болды. Құтты болсын айттық. Көркем мінезді жан дейтініміз тағдырдың басқа салғанын көтеріп, бойын тік ұстау, адалдық жолдан айнымау, қолдан келсе жақсылық жасау деп түсінсек, осы қасиеттің бәрі Ілиясбек қарияның бойынан табылады. Шаршамаңыз, ұрпағыңыздың қызығына тоймай ортамызда жүре беріңіз! 

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ,
Талас аудандық билер кеңесінің төрағасы.
Обсудить

Похожие материалы:

Абай-дара, Абай-дана
28 август 2020, Пятница
Абай-дара, Абай-дана
Тарих толқынында
19 март 2021, Пятница
Тарих толқынында
Қазақ бол!
19 март 2020, Четверг
Қазақ бол!
Ойталқы
29 апрель 2020, Среда
Ойталқы
Добавить комментарий
Комментарии (2)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Roxie
Roxie Гости 25 сентября 2024 20:47
replica handbags online ec067,replica bags,replica bags online fr346
Clay
Clay Гости 26 сентября 2024 02:29
fake designer bags bg894,https://www.affordbag.ru,luxurytastic hg213
Сотрудники
Партнеры