Дау-дамайлар дабыраға айналмасын
Елімізде кейінгі жылдары билер кеңесі институтының қайта өмірге келіп, заманға сай лайықталуы мен қайта жаңғыруының жолына түсуі бейбітшілік пен тыныштықты дәріптеген біздің халқымыз, жалпы қоғам үшін де үлкен оқиға болғаны рас.
Осы ретте, 2018 жылдың 22-қарашасында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрамы 7 адамнан тұратын билер кеңесі құрылуының маңызы зор болды. Ал, 2019 жылдың басынан бері облыстағы 10 аудан және облыс орталығы Тараз қаласында құрамы 5 адамнан, 156 ауылдық округте құрамы 3 адамнан тұратын билер кеңестері құрылып, осы бағыттағы жұмыстар жедел қолға алына бастады. Қазіргі таңда облыстағы билердің құрамы негізінен ел ішінде абырой-беделі бар, ақыл мен парасаты жетерлік, сонымен қатар, өмірлік тәжірибелері мол тұлғалардан жасақталған.
Облыс аумағындағы билер кеңестерінің тұшымды жұмыстары туралы мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ежелден-ақ билеріміз «ердің құнын екі ауыз сөзбен» шеше білген. Сондай-ақ, жер мен жесір дауын, ағайын арасындағы дауды да сыртқа шығармай, ақылдасып шешіп келген халықтың өкілі екендігімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Сол кезде қазақ даласында ақсақалдар мен билердің де институты жұмыс істегенін білеміз. Ел үлкеннің сөзіне тоқтаған. Қандай да бір түйіні қиын, шешімі күрделі мәселені көргені мол, кемеңгер билер бір ауыз сөзбен түйіндеп тұтас бір елдің, жалпы қазақтың бірлік-берекесін сақтап отырғаны белгілі.
Сол үрдіс бүгін де сабақтастығын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Қаймағы бұзылмаған ауылдарда әулеттің үлкенінен бата алу, ауылдың ақсақалы айтқан шешімге бас ұру үрдісі ішінара болса да сақталған. Ал, бүгінгі таңда араздасқан ағайынды, ажырасқан жастарды қариялар, ауызы дуалы ақсақалдар мен билер ара түсіп, татуластырып жатса, сауапты іс емес пе? Әрі десе, бұл – үлкен тәрбиенің қайнар көзі.
Бұл ретте Б.Момышұлы ауылы ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған билер кеңесінің төрағасы, медиатор Шора Ысқақовтың да билер кеңесі жұмысын әрі қарай дамытуға байланысты өз пікірі бар.
–Ағайын арасын жарастыру, ел ішіндегі дау-дамайларды ешбір дабырасыз шешуге бағытталған жұмыстар біздің қазақ қоғамында кеше-бүгін басталған шаруа емес. Мұндай беделді құрылым бұрыннан қалыптасқан. Қазір де жұмыс істеуде. Бұл бағытта бізге ешбір жаңалық ашудың қажеті жоқ. Тек, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешіп, қара қылды қақ жарып, дауды әділ шешкен дана бабаларымыздың дәстүрін жалғастырсақ болғаны.
Қарап отырсақ, қай кезеңде де ел іші дау-жанжалсыз болмаған. Қоғамда ірілі-ұсақты даулар, ағайын, көрші, туысқан, тіпті, ерлі-зайыптылар арасындағы да келіспеушіліктерді бітістіру – қазіргі билердің басты мақсаты. Қандай жағдай болса да дабыраға салудың қажеті жоқ. «Жабулы қазанның сол күйі жабылғанын» қалайтын болсақ, ар сотына жүгінгеніміз жөн.
Жалпы, ең алдымен отбасындағы, ағайын, көрші-қолаң, жас-жұбайлар арасындағы ұсақ-түйек дау-дамайдың сот отырысында шешіліп қана қоймай, билердің, ақсақалдардың араласуымен де шешкен жөн. Біздің мақсат – тараптарды араздастыру емес, мейілінше табыстырып, жастардың отбасын сақтап қалуына, бауырлар арасының суып кетпеуіне күш салу.
Бұл ретте Б.Момышұлы ауылы ардагерлер кеңесінің жанындағы билер кеңесінің жұмысына аз-кем тоқтала кетсем, билер кеңесі құрылғаннан оның жұмысына белсенді араласып келемін, бітімгер ретінде қызмет атқарудамын,– дейді белсенді ақсақал.
«Елге бай құт емес, би құт» деп Төле би бабамыз айтқандай, билер кеңесі институтын – халық соты деп бағалауға әбден лайық. Үлкен ауылда құрылған билер кеңесі Қазақстан Республикасы «Медиция туралы» Заңының аясында жұмыс істеп, көршілер, ағайын-достар, әріптестер арасындағы, тіпті, ата-аналардың балаларына қатысты даулы мәселелердің де бейбіт жолмен шешілуіне қол жеткізуде.

Нұржан МАНАСҰЛЫ,
журналист.
журналист.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (1)