БИ ӘДІЛ БОЛМАЙ, ІС ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ
Талас аудандық билер кеңесі елді мекендерде салауатты өмір салтын қалыптастырып, лудоманияға, вандализмге, ысырапшылдыққа қарсы тұрғындармен үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, бағытында жоспарлы жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.Билеріміз оқу орындарында білімгерлермен кездесіп, зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде әңгімелер өткізуде. Жақында ғана Қаратау ауылдық округі Салауатты ауылға айналды. Ардагерлердің, әсіресе билердің тікелей ұйытқы болуымен Бостандық, Аққұм, Шәкіров, Тамды, Қызыләуіт ауылдарында отбасы құндылығы жөнінде, әлеуметтік желі мен онлайн ойындарының зияны төңірегінде жиындар өткізілді. Мысалы, Қызыләуіт ауылында оқушылар арасында орын алған әлімжеттік фактсі анықталып, ата-аналарымен, ұстаздарымен бірлесе жұмыс жүргізіліп, бұзақылықтың алды алынды. Бостандық ауылында билер кеңесінің төрағасы Ж.Есімовтің тікелей араласуымен екі мектепте учаскелік полиция өкілінің, психологтың қатысуымен жиындар өткізілді. Осындай келелі әңгіме Шәкіров ауылында да қолға алынып отыр. Соңғы кездері Бостандық ауылының ардагерлері жаназаны аста-төк түрінде өткізуге тиым салу жөнінде бәтуә жасасты. Осы туралы Ойық ауылында өткізілген облыстық ардагерлер кеңесінің семинарында қабылданған Үндеу барлық елді-мекендерге таратылды. Әрине, бәрін бірден шеше салу мүмкін емес. Бірақ алға жылжу бар. Меніңше бұл мәселеде атқарушы биліктіңде араласуы керек сияқты. Соңғы кездері Тамды ауылдық билер кеңесінің төрағасы Қанатбек Құралбаев тойлардағы ысырап, салт-дәстүрдің бұрмалануы туралы дабыл қағуда. Тіпті кейбір ардагерлеріміз тойды күндіз өткізуді ұсынып жүр. Осыдан үш,төрт жыл бұрын біздер көкпар ойыны кезінде ішімдік ішуге жол бермеу жөнінде бәтуә жасасқан едік, біздің бұл ұсынысымызды халық құптады, соның нәтижесінде көкпарда ішімдік ішу тиылып, соңғы кездері мертігушілер фактісі тіркелген жоқ.
Біздің ойымызша ардагерлер өздері бас болып, халықтық тәрбиені қолға алу керек. «Бізді кім тыңдайды» деген әңгімеге орын болмауы тиіс. Ол үшін әрине, сөзі уәлі, ауызы дуалы ақсақалдар бұл іске ұйтқы болғаны жөн. Сонда ғана ісіміз оңға басады.
Таяуда ғана Талас аудандық билер кеңесі жыл қорытындысын шығарды. Он бір ай ішінде аудандық соттан ҰӨ-ге ұйғарым келіпті. Олардың 60 пайызы шешімін тапты. Аудандық соттың медиация кабинетінде біздің билердің қатысуымен 30 іс қаралып, оның 28-і оң шешілді. Жыл қорытындысымен Қаратау қалалық билер кеңесінің төрағасы Дүйсенбек Томанов «2024 жылдың үздік биі» деп танылды. Өйткені, қаралған дау-дамайдың 80 пайызы қалалық билер кеңесінің араласуымен шешімін табуда. Сондай-ақ, «Ең белсенді би» атағын билер кеңесінің мүшесі Қонақбай Қалжанов иеленді. «Ең сыйлы ақсақал» атағын Ойық ауылы билер кеңесінің төрағасы Пана Рахманбердіұлы алғаш рет иеленіп отыр. Билер кеңесінің жұмысына белсене қатысып жүрген Тамды ауылдық билер кеңесінің төрағасы Қанатбек Құралбаев, аудандық билер алқасының мүшесі Ілиясбек Жуасбековтердің еңбектері атап өтілді. Соңғы кездері Қызыләуіт, Үшарал ауылдарында да билер институтын қалыптастыру жолға қойылды. Кеңес ауылдық округінде билер кеңесінің құрамы қайтадан жасақталды. Соның арқасында жиырма елді мекендегі билердің саны 70-ке жетіп отыр.
Өмір көрсетіп отырғанындай, елге ақыл-кеңес беретін, жөн сілтейтін, жеке басымен үлгі өнеге көрсететін, ақсақалдардың қажеттігі сезілуде. Біз өзара әңгімемізде ақсақалдық жасқа жеткен ардагерлерден өз жастарына лайықты әрекет етулерін, жеңілтектікке салынбауларын, парасаттылық көрсетулерін қашан да сұранып отырамыз. Бүгінгі ұрпақтың болашағына жауапты екендігімізді естеріңізден шығармаңыздар дейміз.
Ендеше, ұлт болып, ұйысамыз десек, ең алдымен тәрбиеге мән берейік. Осы ұлы мақсат жолында ақсақалдарымыз адал, иманды, белсенді, ұлтшыл, намысты болсын деп тілейік.
Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ,
Жамбыл облысының үздік биі,
Талас аудандық билер кеңесінің төрағасы

Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА
16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар
16 декабрь 2024, Понедельник
«Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті
16 декабрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)