Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » МАҚСАТ – ӘДІЛ ЖӘНЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

МАҚСАТ – ӘДІЛ ЖӘНЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

10 май 2024, Пятница
68
0
Ұлттық құндылықтарымыз-ды қайта жаңғыртып, қоғам ішіндегі тәртіп пен тәрбиені дәріптеу мақсатында 2018 жылдың 20 қарашасында Жамбыл облыстық сотының ұйытқы болуымен ардагерлер ұйымдары жанынан облыстық, қалалық және 10 аудандық билер кеңестері құрылған болатын. Олардың қатарында біздің ауданнан да билер кеңесі құрылып, тыңнан түрен салғандай жұмысты жаңаша ұйымдастыруды қолға алды. Жаңадан құрылған билер кеңесіне арнайы жұмыс бөлмесі берілді. Ауданда «Татуластыру» орталығы ашылып, оның ашылу салтанатына облыстық соттан және облыстық билер кеңесінен өкілдер қатысты. 
Біздің аудандық билер кеңесі белсенді, тәжірибесі мол ардагерлерден таңдалып 5 адамнан құрылған. Олардың әрқайсысына жеке-жеке міндеттері бекітілген. Жұмыстар жылдық, айлық жоспарға сай жүргізіледі. Билер кеңесі аудандық сотпен бірлесе отырып, дауларды мүмкіндігінше сотқа жеткіз-бей, тараптарды татуластыру арқылы шешуге қол жеткізуде. Аудандық билер кеңесі тұрақ-ты түрде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді және олардың сұраныстарын мүмкіндігінше қанағаттандырып отырады. Жалпы, келіп түскен 42 өтініш-тің барлығы дерлік шешімін тапты. Аудандық билер кеңесі 2023 жылы 14 отырыс өткізіп, Сыпатай, Ақарал ауылдық округтеріндегі билер кеңестері төрағаларының атқарған жұ-мыстары жөнінде есептері тыңдалып, тиісті шаралар қабылданды. 
Сондай - ақ, 14 ауылдық округте құрамы 3 адамнан билер кеңестері құрылған. Жалпы аудан бойынша 47 би қоғамдық негізде жұмыс атқаруда. Билердің 80 пайызында қоғамдық медиатордың сертификаты бар. Билер кеңесі сол округтегі ардагерлер кеңесімен бірлесе, мүмкіндігінше бір жұмыс бөлмесінде бірлесе қызмет көрсетуде. Аудандық билер кеңесі тарапынан ауылдық билер кеңестеріне дербестік беріліп, олар жергілікті жерлердегі дау - дамайларды өздері шешіп, хаттамасын аудандық билер кеңесіне тапсырады. 
Әрине, дау - дамайды оңтай-лы шешу, келіспеушілікті, жер дауы, мал дауы, басқада түйіні қиын мәселелерді адал, әділ, екі жақтың толық келісімімен шешу оңайлыққа түспейді. Бірі келіссе, екіншісі келіспей кері тартады. Осы тұста тек әділ билік айту қажет екені түсінікті. Сондықтан, билердің парызы – бізге жүгінген кісілердің дау - дамайларын, келіспеушіліктерін әділ шешу. Мысалы, Тәтті ауылында Қ. деген азамат зейнет жасындағы қарияға тіл тигізіп, арты үлкен дауға айналып, билер кеңесі бірнеше рет татуластыруға ниет жасаған. Бірақ, нәтиже шықпаған соң аудандық билер кеңесіне қайырылған. Билер кеңесі ауылда көшпелі отырыс ұйымдастырып, екі жақты бітімге келтірді. Сарымолдаев ауылында пышақ жарақатын салу фактісі бойынша екі жақты татуластыру оң нәтижемен аяқталды. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Атап айтар болсақ, Сарымолдаев ауылдық билер кеңесі (төрағасы Ө. Алтыбаев), Ақарал ауылдық билер кеңесі (төрағасы А.Омаров), Ойтал ауылдық билер ке-ңесі (төрағасы Қ.Қондыбаев) тапсырылған жұмыстарды тия-нақты атқаруда. 
Қазіргі таңда жас отбасы-лардың арасында ажырасу мәселесі өршіп тұр. Жастар тұрмыстың қиындықтарын көтере алмай, бір - бірінің реніштерін заң жолымен шешу үшін адвокат жалдап, сотқа арызданып жатады. Жамбыл ауылында Қ. деген азамат отбасымен араздасып, жұбайы балаларын алып төркініне кетіп, сотқа арызданған. Соттан істі алып қараған билер кеңесі ажырасу себебін анықтап, істі зерделеп, екі жақты татуластырды. Ажырасу себебі, көпбалалы отбасының отағасы тұрмыс-тың тауқыметіне шыдамай, маскүнемдікке салынған. Тұрақты жұмысы болмаған. Билер кеңесі екі жұпты табыстыра отырып, отағасын жұмысқа орналастыруға ықпал етті. 
Осы мәселе аясында ауылдық округте «Шаңырақты шайқалтпаудың мәселелері» тақырыбында арнайы семинар ұйымдастырылып, аудандық аналар кеңесімен бірлесе отырып жастардың ажыра-су себептерін талқыладық. Отбасылардың беріктігін, ынтымағын сақтау бойынша медиация талаптарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Осы басқосуға ауылдық округтегі ақсақалдарды, көп балалы және үлгілі аналарды, іс-кер әйелдер қауымдастығы мүшелерін қатыстырып, пікір алмастық. Сонымен қатар, «Отбасындағы тәрбие – саналы ұрпақ кепілі» атты аудандық семинарды билер кеңесінің бастамасымен ауыл-дық округтердегі мектептерде өткіздік. Билер кеңесінің ұйымдастыруымен ауданда 3 «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды. «Шешендік және көркем сөйлеу билердің басты қасиеті», «Бітімі бар елде береке болады», «Шешендік өнер – асыл қазына» тақырыптарында болған бас-қосулардың тағылымы мол болды.
«Дөңгелек үстел» отырыс-тарына аудандық соттың төрағасы  С.Маханбетов, қоғам-дық медиатор А.Тоғысбаева, аудандық ардагерлер кеңе-сі төрағасының орынбасары С.Қалманбетов, Сарымолдаев ауылдық округі билер кеңесі-нің төрағасы Ө.Алтыбаев және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысып, өз пі-кірлерін, ұсыныстарын орта-ға салды. Сонымен қатар, аудандық соттың төрағасы С.Маханбетов белсенді қо-ғамдық қызмет атқарып жүрген бір топ билерге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырды. 
Билер кеңесі алдағы уақытта да «Дәнекер» пилот-тық жобасын басшылыққа ала отырып орын алған дау - дамайды уақытында шешіп, қоғамдық ахуалдың тұрақтылығын қалыптасты-руға үлес қоса беретін болады. 
Медербек ӨЗБЕКОВ,
Меркі аудандық
билер кеңесінің төрағасы
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры