БИЛЕР БІТІМГЕРШІЛІК БАСТАУЫНДА
Көшпелі қазақ қоғамындағы билер институты дала өркениетінің маңызды буыны болып келген. Ал, енді билер кеңесінің қалыптасуы мен дамуы алғашқы қадамдарына тереңірек үңілетін болсақ, бұл жүйенің ежелгі көшпелі далад демократиясының, сөз жоқ жақсы жалғасы екендігіне көз жеткізуге болады.
Бүгінде қит етсе қаламын ұштап арызын жазып соттың көмегіне жүгінушілердің қатары күн санап көбейіп келеді. Міне, билер кеңестері негізгі қызметінің мақсаты – осындай түсініспеушіліктің алдын алуға бағытталған. Кезінде ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен қазақ билері жер дауы мен жесір дауын да ағайын арасынан сыртқа шығармай түйіндеген.
Соңғы жылдары қоғамда орын алатын дау-дамайларды, келіспеушіліктерді сотқа жеткізбей шешудің жолдары қарастырылуда. Ардагерлер ұйымдары-ның қатысуымен, әр деңгейдегі соттардың тікелей ықпал етуімен еліміздің барлық аймақтары мен өңірлерінде, тіпті, ауылдарында билер кеңестері құрылды. Мұндай жұмыстар біздің ауданда да іске асуда. 2018 жылдың желтоқсан айында аудандық соттың бастамасымен аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрамына жеті адам кірген билер кеңесі құрылды.
Бүгінде билер кеңесінің арнайы ережесі бекітіліп, Қазақстан Республика-сының «Медиация туралы» Заңының және біздің ұлттық дәстүрлі құқықтық негіздеріміз аясында өз қызметін ұйымдастыруда. Билер кеңесі түскен арыз-шағымдар мен өтініштерді қарайды, орын алған құқықбұзушылықтар мен дауларды талқылап, шешім қабылдайды, тиісті ұйымдардың алдына мәселе қояды, сауал жолдайды.
Билер кеңесінің нәтижелі жұмыс істеуі өз кезегінде соттардың жұмысын біршама жеңілдетеді деп есептейміз.
Қазіргі кезде мен төрағалық ететін билер кеңесінің құрамында Орынбай Рысбаев, Рахымбек Жапаров, Абдухалил Маюфи, Ошақбай Ибрагимов, Сабри Асанов, Сембек Пірімқұлов сынды өмірден көргені мол, көп алдында сөйлей алатын, әділ шешім қабылдауға ықпал ететін, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен құқықтық негіздерді меңгерген белсенді ардагерлер бар. Сонымен қатар, барлық ауылдық округтерде әрқайсысында үш кісіден билер кеңесінің құрамы бекітіліп, нәтижелі жұмыс атқаруда.
Бүгінде билер кеңесіне сенім артып, арнайы қайырылатын азаматтардың саны артып келеді. Өткен жылы аудандық билер кеңесінде 56 азаматтық іс қаралып, 27-сі оң шешімін тапса, отбасындағы кикілжіңге қатысты 21 істің 18-і билер кеңесінің қатысуымен тоқтатылды. Сонымен қатар, билер кеңесі қараған еңбек дауына қатысты 1 іс пен ардагерлерден түскен 7 шағымның 3-еуі өз нәтижесін берді. Былтыр билер кеңесі түрлі тақырыпта 11 жиналыс өткізді. 2022 жылы 1 рет, өткен жылы 2 рет семинар ұйымдастырылды. Оған облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтер әкімдері, тиісті бөлім, мекеме басшылары, аудандық соттың қызметкерлері, ауылдық билер кеңестерінің төрағалары қатысып, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, өткен жылдың қазан айында ауылдық билер кеңестерінің қызметтерін ішкі талдау, нақтылау мақсатында семинар өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 12 материал жарияланды.
Алдағы уақытта туындаған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға ұсыныс жолдайтын боламыз. Дау-дамай, түскен өтініштер, шағымдар ашық, жария түрде қаралады. Бір атап өтерлігі, билер кеңесі Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ұлттық әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрлерімізді, әдеп нормаларын, адамгершілік, имандылық қағидаттарын басшылыққа алады.
Аудандық билер кеңесі «Ардагерлер үйінде» жұмыс атқаруда. Бізге аудандық ардагерлер кеңесі тарапынан арнайы бөлме беріліп, әдістемелік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдерін дамытуды тапсырған болатын. Ондағы мақсат – билер кеңестері арқылы кейбір дауларды сотқа дейін реттеп, татуласу рәсімдерін жан-жақты дамытуды жолға қою. Жеті жылдан бергі аралықта аудандық билер кеңесі дауласып жүрген тұлғаларды келісімге келтірудегі тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, осы бағыттағы көптеген бағдарлы мәселелерді анықтап отыр.

Батырбек САРШАЕВ,
Жамбыл аудандық билер кеңесінің төрағасы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)