Кеңес Жұмысы Кемелдену Үстінде
Аудандық ардагерлер кеңесі жылдық жоспар бойынша өткізілетін іс-шараларды аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен келісілген кестеге сәйкес жүзеге асырады. Облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен тәрбие жұмысын үш бағытта жүргізіп келеміз.
Бірінші бағыт – «Бабалар аманаты», екінші бағыт – «Отбасы мектебі», үшінші бағыт – «Ағалар ақылы». 2019 жылдан «Дәнекер» жобасының нұсқауына сәйкес Билер кеңесіне ауылдардағы көп ішінде абыройлы, сөзге шешен, ойы жүйрік, халықпен тіл табыса алатын аудан бойынша 59 ардагер сайланды. Аудандағы «Әкелер кеңесі» мен «Аналар алқасы» да белсенділік танытуда.
Оған М.Әуезов атындағы орта мектепте өткен «Әке отбасы деңгейі» атты дөңгелек үстел, С.Шәкіров атындағы мектепте өткен «Әке жолы – ізгіліктің іздері» атты шара, М.Мақатаев мектебінде өткен «Қайран, біздің аналар арды ойлаған» форумы, Бірлікүстем ауылдық округінде ұлттық тәрбие бағыты аясында өткен «Қамқор әже» атты әжелер сайысы жарқын дәлел. Соңғы аталған іс-шара барысында отбасы тәлім-тәрбиесі насихатталып, әжелердің қамқорлығы көрсетілді. Кездесу аналар алқасының төрайымы Рәткүл Әліпбаева мен кітапханашы С.Сатканованың ұйытқы болуымен өтті.
С.Шәкіров мектебінде «Ақ әже» атты ансамбль құрылып, кимешекті төгілтіп киіп, әуелетіп ән салған әжелер аудандық байқаудан жүлделі орын иеленіп, сыйлықтармен марапатталды.
Бұдан бөлек, әжелер қауымы балабақшаларға барып ертегі айтып, бүлдіршіндердің ыстық ықыласына бөленді. Балуан Шолақ ауылындағы Шымшық кейуана республикалық «Мерейлі отбасы» байқауынан, ақсулық Онлахан Сырлыбаев қария аудандық батагөй қариялар байқауынан бас жүлдені иеленіп, облыстық батагөй қариялар байқауына жолдама алды.
Аудан ардагерлері арасында бірнеше спорт түрінен (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, дартс, үстел теннисі) «Спорт – өмір өрісі» атты сайыс өтіп, ерлер мен әйелдер арасында волейболдан, ерлер арасында асық атудан жылда ауданда және облыста өтетін спартакиадаларға қатысамыз. Спорт кешенінде волейболдан, жағажай волейболынан өтетін жарыстардың бас төрешісі Амантай Омаровты спорт сүйер қауым ерекше бағалайды. Аудандағы ардагерлер арасында салауатты өмір салтын ұстану, ұлттық спорттық ойындардан спартакиада өткізуде Амантай ағамыздың еңбегі зор.
Аудан ардагерлерінің шипажайға демалу мәселесі де жүйесін табуда. Жыл басынан ұсыныс берген зейнеткерлердің саны 83 адамды құрап, 27 адамға 166 мың теңгеден қаражаттары қайтарылып берілді. Барлығы 5 млн 650 мың теңгені құрады.
Бастауыш ардагерлер ұйымдарының шілде-тамыз айларында есеп беру сайлау жиналыстары кестеге сәйкес барлық 21 бастауыш және 12 цехтық ардагерлер ұйымдарында өтті. Аудандық ардагерлер кеңесі бастауыш ардагерлер ұйымында өткен жиналыстарға қатысып, хаттамаларын, ұсыныс тілектерін, қаулысын жинастырды. Қорытындысы бойынша бастауыш ардагерлер ұйымының рөлі мен мәртебесін арттыру, кеңес мүшелерін, билер кеңесін, әкелер, аналар алқасының мүшелерін сайлау туралы мәліметтерін жинап, алқа отырысын өткізіп, аудан әкімдігіне ардагерлердің талап-тілектерін жеткізеді.
Есеп беру–сайлау жиналыстарында төмендегідей ұсыныс-пікірлер түсті:
«Қайнар-Шу» аралығындағы автожолдың жағдайын ретке келтіру;
-Ақтөбе қалашығының жай-күйін бақылауға алу;
-«Қазақмыс» АҚ-ның таудағы малдың ауылға қатынайтын жолын жауып қойғандығы;
-ардагерлердің шипажайлардағы демалысын тегін жолдама арқылы шешу;
-Қорағаты округінде жеке меншікті мал жайылымының тарлығы;
-Қаза кезінде қаралы үйде аста-төк дастархан жасауға тыйым салу.
Ауылдарда халыққа әділ жол сілтейтін, өнеге мен тәлім-тәрбие көрсететін ақсақалдар мен адал зиялы қариялар барын көрдік. Төле би атамыз «Бірлікті, бақытты көктен іздеме, бірлігі мықты көптен ізде» деп тегін айтпаса керек. Бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағалары ауылдарда үлкендерді ақ сөйлеп, әділ болуға, ал жастарды ерінбей еңбек етіп, сөзге тоқтап, адал еңбек өсіп-өнуіміздің түп қазығы екенін ұғынуға шақырады.
Ержан Өмірәлиев,
Шу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)