Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ЕРКЕЛЕЙТІН ӘЛІ МЕН, ӘЖЕМ ЖАҚСЫ БӘРІНЕН

ЕРКЕЛЕЙТІН ӘЛІ МЕН, ӘЖЕМ ЖАҚСЫ БӘРІНЕН

10 май 2024, Пятница
62
0
Жуырда облыстық ардагерлер кеңесі, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Аялы әже» форумы өтті.
Бұл форумның мақсаты  –  халқымыздың ұлттық құндылықтарын, жақсы әдет–ғұрыптары мен салт–дәстүрлерін насихаттап, дәріптеу, жаңғыру, жастарға рухани тәрбие беру болатын. Өзіндік өнегесі бар, дала дәстүрін сақтаған өңіріміздің апа- әжелері басқосып, тағылымы мол әңгіме өрбітті. Жалпы әжелер форумы өзінің діттеген мақсатына жетті ғой деп ойлаймын.
 «Аялы әже» форумына әр ауданнан 30 әжеден келді. Соның ішінде Тұрар Рысқұлов ауданынан 30-ға жуық әжелер қатысып рухани, эстетикалық әсер алып, қазіргі әженің қоғамдағы тәрбие жұмысындағы орны ерекше екендігін сезіндік.
Бұл форум біздерге әжелердің «Даналық» мектебін әрі қарай жалғастырып, ұлт тәрбиесінің тамырын тереңінен тартып, жұмыс жасауымызға әсерлі  құлшыныс берді. Форумға қатысқан әжелер аппақ ұлттық киім киіп, аппақ кимешек тағып, Тараз қаласын құлпыртып жібергендей болды. Форумда Алтын, Күміс алқалы әжелер, бала тәрбиесіндегі үлкен жетістіктерге жеткен аналар түрлі марапаттарға ие болды.
Әженің сөзі – тәрбиенің көзі. Бүгінде Т.Рысқұлов ауданында аналар алқасында белсенділік танытып жүрген әжелер баршылық. Атап айтатын болсақ Ғалия Майлыбайқызы Өтеулиева, Есенкүл Мұхтарқызы Мұхтарова сияқты әжелердің бойында тұнып тұрған ұлттық болмыс, тәрбиенің қайнар көзі бар десем қателеспеймін. Біздің де мақсатымыз – келешек жастарға ата мен әженің тәлім-тәрбиесін беру.
Салт - дәстүріміздің өзі ұлт тәрбиесіндегі жеке бір институт. Жақында Көкдөнен ауылдық округінде «Ата мен әженің тәрбиесі – жас ұрпақты кемел келешекке бастайды» деген тақырыпта аудандық аналар алқасының қолдауымен үлкен басқосу өтті. Шарапаты мол болған шарада ата мен әженің тәрбиесі жайында сөз қозғап, дүниеге келгеннен бастап құшағына алып, бесік жырымен әлдилеп, ес білгенде ұрпағымызды ертегі жырымен сусындатып өсіру керек деген ортақ ұйғарымға келдік. Семинарда отбасылық тәрбиеде әжелердің орны ерекше екендігі баса айтылды.
Ұрпақ тәрбиесі жолында зиялы қауым өкілдерімен әрдайым рухани әріптестік байланыста жұмыс жасаймыз. Құлан ауылындағы «Балапан» бөбекжай бақшасында «Еркелейтін әлі мен, әжем жақсы бәрінен» тақырыбында ашық есік күнін өткізіліп,  «Қазақы тәрбиенің бастау бұлағы – әже» тақырыбында өткен пікір алмасудың тәрбиелік мәні зор болды. 
Жыл басында бір жылдық жоспарымызға сай «Мәдениетті ана–мәдениетті ұлт» жобасын жүзеге асыруға бағытталған 4 бағытта жұмыс атқарып келеміз.Әрине ауданда ауыл аналары – үлкен күш. Ауылдардағы аналар алқалары аудан әкімдігімен, ішкі саясат бөлімімен, аудандық ардагерлер кеңесімен ақылдасып, бірлесе жұмыс атқаруда. Сондықтан әрбір іс-шарамыз мазмұнды, сәтті өтіп отырады.
Қоғамда ықпалды, белсенді күшке айналған аудандық аналар алқасы, ауылдардағы аналар кеңестері алдағы уақытта да өздерінің күделікті қоғамдық қызметін одан әрі жандандыра түсетін болады.
Түзел СЕЛБАЙ,
Т.Рысқұлов аудандық ардагерлер кеңесі жанынан
құрылған аналар алқасының төрайымы,
ауданның Құрметті азаматы.
Обсудить

Похожие материалы:

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ҮЛКЕН МЕКТЕБІ
15 апрель 2024, Понедельник
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ҮЛКЕН МЕКТЕБІ
ӘЖЕМ - АЛТЫН ҚАЗЫНАМ
11 октябрь 2023, Среда
ӘЖЕМ - АЛТЫН ҚАЗЫНАМ
ӘЖЕ – ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ, ТӘРБИЕ БЕСІГІ
15 апрель 2024, Понедельник
ӘЖЕ – ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ, ТӘРБИЕ БЕСІГІ
МЕН ӘЖЕМІН ҰРПАҒЫН ӘЛДИЛЕГЕН
13 ноябрь 2023, Понедельник
МЕН ӘЖЕМІН ҰРПАҒЫН ӘЛДИЛЕГЕН
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры