Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ӘЖЕМ - АЛТЫН ҚАЗЫНАМ

ӘЖЕМ - АЛТЫН ҚАЗЫНАМ

11 октябрь 2023, Среда
124
0
Меркі ауылындағы «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасында «Әжем - алтын қазынам» атты «Әжелер» мектебінің ашылуына арналған салтанатты кеш болып өтті. Әжелер мектебі - ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрыптарын, жоралғыларын жаңғыртып, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беру жолында түрлі іс-шаралар өткізуді мақсат етіп отыр. Ұлттың ұлт болуы қашанда, оның тілі мен ділінің, салт-дәстүрінің, дінінің сақталуына байланысты. Осы құндылықтарды кішкентай бүлдіршіндерімізге сіңірсек, өнегелі болып өсіп, олардың қоғамдағы орны да биікте болмақ. Бұл шараға ауданымыздың 25 әжесі қонаққа шақырылды. Ұлағатты ұстаз болып еңбек еткен, қазіргі кезде құрметті демалыстағы зейнеткер Ақбөпе Сәрсенқызы Жазықбаева бата берді. 
Әженің батасынан кейін, «Түймедақ» тобының тәрбиеленушілерінен құралған оркестр «Беу, құрбым-ай» әнін шырқап берді. Зал мерекедегідей, тақырыпқа сай безендірілген. Төрдегі қазыналы қария мен ақжаулықты әженің суретімен безендірілген сахнада бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды. Біздің халқымыздың ерекшеліктерінің бірі - үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қариясы жасына лайық, ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең,  ақылы телегей теңіз болып келеді. 
Сол күнгі ертеңгілікте тәрбиешілердің дайындауымен, «Жауқазын» тобының тәрбиеленушілері «Еркелерім» биін билесе, «Қарақат» тобы «Дос болайық бәріміз» әнін қосылып шырқады. Әжелер риза болып, қол соғып қошеметтеп отырды. «Түймедақ» тобының бүлдіршіндері «Текемет» биін мың бұрала билеп берді.
«Құлпынай» тобының тәрбиеленушісі Марат Аяланың орындауында «Әжем» әні қонаққа келіп отырған әжелерге ұнады. «Қарақат» тобы «Періштелер» биін биледі, «Бүлдірген» тобы «Домбыра» биін өте әсерлі билеп, өнер көрсетті.
Кешті тәрбиеші Рәзилия Баймырзаева жақсы жүргізді. «Қариясы бар ел - қазынасы бар ел» деп ақсақалын ардақтап, қарияларын қадірлеп, даналық дәрістерін көңілге тоқып, ұрпақтар сабақтастығының ұлы көшін жарасыммен жалғап келе жатқан елміз. Осы кеште кезекті әжелер алып, ғибраты мол әсерлі әңгімелер айтты.

Әсем БОРАНҚҰЛОВА,
журналист.
Меркі ауданы.
Обсудить

Похожие материалы:

Анаға тағзым
26 октябрь 2021, Вторник
Анаға тағзым
АУЫЛДЫҢ ЕҢ СЫЙЛЫ АДАМЫ
08 август 2023, Вторник
АУЫЛДЫҢ ЕҢ СЫЙЛЫ АДАМЫ
МЫНА ӘЛЕМ ӘЖЕЛЕРМЕН ӘДЕМІ ЕКЕН
29 сентябрь 2022, Четверг
МЫНА ӘЛЕМ ӘЖЕЛЕРМЕН ӘДЕМІ ЕКЕН
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ
06 июнь 2023, Вторник
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры