АУЫЛДЫҢ ЕҢ СЫЙЛЫ АДАМЫ
Тоқсан сегіздегі Қаншайым әже бүгінде ұрпағының және ауыл-аймақтың тілеуін тілеп отыр.
Арамызда жасы ұлғайып, 80-90 жастан асқан қариялар көп емес. «...Қариялар азайып бара жатыр» демекші, өмірде көп қиыншылық көрген, әсіресе, отызыншы жылдардағы аштық өмірді, одан кейін соғыс жылдарын көрген ата – әжелер ауылдарда саусақпен санарлықтай ғана. Көпті көрген, көп жасаған осынау сүйегі асыл жандарға бүгінгі ұрпақтың құрмет – қошеметі керек - ақ. Мемлекет тарапынан мұндай жандарға қамқорлық көрсетіліп, олардың өнегелі өмір жолдары жас ұрпаққа кеңінен насихаттауда.
Қарияларымыз – қазынамыз. Күреңбел ауылына іссапарлап барғанымызда, ауылдың ең үлкен қариясы, тыл ардагері, бүгінде 98 жастан асқан ақ жаулықты Қаншайым әжеге сәлем беріп, көпті көрген қарияның ақ батасын алдық.
Иә, бүгінде ғасырға жуық ғұмыр жасап, халықтың, жас ұрпақтың, оның ішінде, өзі тұратын ауыл-аймақтың берекелі өмір мен тыныштығын тілеп отырған Қаншайым әженің де балалық шағы ел өміріндегі қиын-қыстау жылдарға тұспа-тұс келді. Әжей 1922 жылы Боралдай өңірінде ата-бабаның ескі қонысы болған бұрынғы Қоғалы ауылында туған. Күреңбел ауылының азаматына тұрмысқа шығып, осында тұрып, ұрпақ өрбітіп жатқан жайы бар.
Отағасы Сенбек Есмұратов та қиын жылдарда өмірге келіпті. Өмір бойы су шаруашылығы саласында жұмыс істеп, содан зейнетке шыққан. 1996 жылы дүние салған екен. Өмірдің ыстық-суығын бірге кешкен ерлі-зайыптылар Сенбек пен Қаншайым екеуі еңбек майданының бел ортасында бірге жүрді. Отағасы да, өзі де колхозда аянбай еңбек етті. Өмірге төрт ұл, төрт қыз әкеліп, оларға жақсы тәрбие берді, қыздарын құтты орындарына қондырып, ұлдарын бір – бір отау етті.
Үйдің үлкені Жаңабай - есепші, одан кейінгі ұлдары Сағатбек - құрылысшы, Нұрғалиы - оқытушы, Исағали - болса қара шаңырақтың түтінін түтетіп отыр. Ал бұл әулеттің қыздарына келсек, Нұрила, Гүлмира, Диляра және Эльмира өмірден өз орындарын тапқан. Қыздарының барлығы білім саласын таңдап, ұстаздық етіп жүр.
Қаншайым әженің қолында ең кенже ұлы Исағали мен келіні Жанат тұрып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, олар аналарын әжелерін жас балаша күтіп, алақанға салып аялап бағуда. Үлкен үй болғаннан кейін мұнда келетін қонақтардың да қарасы көп. Ауыл-аймақтағы абысын-ажындарының да қатары сиреп қалғандықтан, әженің кейде жалғызсырайтыны бар. Ал, ондайда көрші келіндері әженің батасын алу үшін бірі шәйі мен тәттісін әкелсе, енді бірі иығына ақ орамал жауып, қарияны қуантып, көңілін көтеруді дағдыға айналдырған.
Әулеттің немере-шөберелері жазғы демалыс кезінде Күреңбелдегі қара шаңыраққа келіп, жаз бойы осында демалады. Әрі олар ауылдағы аға-жеңгелерінің шаруасына жәрдем береді. Бұл бір жағынан ауылда таза ауада демалыс болса, екіншіден ауыл еңбегін көріп, шынығып өскен баланың денсаулығы да, дүниетанымы да жақсы болады.
Қаншайым әженің ұзақ жасауының негізгі сыры еңбек етуде, адамдарға жақсылық ойлап, елдің тілеуін тілеуде жатқаны айдан анық. Бірақ, оның еңбектен қажыған жері жоқ. Қайта еңбек пен қиыншылық оның өмірге деген құштарлығын арттырып, шыңдай түсті.
– Әжеміздің құлағы сәл ауырлағаны болмаса, денсаулығы өте жақсы. Есте сақтау қабілеті де қалпында. Өзінің айтуынша, әже бала кезінде тылда еңбек еткен. Ол жылдары соғыстың жүріп жатқан кезі. Ер - азаматтардың бәрі майданға кеткен. Біздің әжей де солардың бел ортасында жүріп, аянбай еңбек еткен жан. Тұрмыс құрғаннан кейін де еңбектен қол үзбей келеді.
– Менің бұл әулетке келін болып түскеніме де 30 жылдан асып барады. Жалпы әулеттің келіндерінің барлығы әжеден көп ұлағат үйренгенбіз. Ол кісінің өнегесін алғаннан ешқашан жаман болған емеспіз. Әженің ақ батасымен өсіп-өніп, көркейіп келе жатырмыз. Әженің мінезіне келер болсам, бұл кісі өте сабырлы, салмақты қалпынан танған емес. Ешкіммен жүз шайысып көрген емес. Ауыл-аймаққа, көрші-қолаңға өте сыйлы кісі. Ауылда бізге туыстық жағынан жақын болып келетін өзімен қатарлас абысыны бар еді. Ол кісі қайтыс болғалы бері әже жалғызсырап қалды. Әженің ақ тілеуімен өсіп - өніп жатқанымызға қуаныштымыз. Жақында ұлымыз Әлібиді үйлендіріп, үйге келін түсіргенбіз. Әжеміз немере келінін көріп, ақ батасын беріп жас балаша қуанды. Көпті көрген қариямыз, қазынамыз аман болсын,–дейді кенже келіні Жанат апай.
Қара шаңырақтың иесі Исағали мен Жанат екеуі екі қыз, бір ұл тәрбиелеген. Қыздары Аида мен Ақеркенің бірі кәсіпкер, енді бірі экономист. Ұлдары Әліби Сенбек Алматы қаласының Алатау ауданында өрт сөндіру бөлімінің бастығы, шені азаматтық қорғаныс майоры. Жақында Есмұратовтар әулеті Шыңбұлақ ауылындағы ордалы әулеттердің бірі – Ортаевтар әулетімен құда болып, шаңыраққа өнегелі келін түсірді.
«Жақсы бір адам қартайса, көкірегі тола хат болар» деген сөз бар. Ғасырға жуық ғұмырында қаншама қиыншылық көрсе де, жақсылық жасаудан танбаған Қаншайым әженің ұлағаты ұрпақтарына, ауыл-аймаққа молынан үлгі-өнеге. Әже өзі өсіріп жеткізген ұл-қыздарынан 23 немере, 48 шөбере және бес шөпшек сүйіп отыр.

Нұржан МАНАСҰЛЫ,
журналст.
Жуалы ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)