Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ҮЛГІЛІДЕГІ ҮЛГІЛІ ҮРДІС

ҮЛГІЛІДЕГІ ҮЛГІЛІ ҮРДІС

13 октябрь 2022, Четверг
115
0
Жақсы, игілікті істерге куә болсақ, «Жұғысты болсын!» – деп жатамыз тілектестікпен. «Жастар үлгі алса, үлкенді, өткенді құрметтеуді үйренсе» деген ниет қой.
Жуырда Үлгілі ауылында үлгі тұтарлық іс-шара өткізілді. Әрине, бұл іске ауылдық ардагерлер кеңесі белсене атсалысқаны айтпаса да түсінікті.
Осы ауылдың тумасы Жақыпбай Мырзабайұлы туралы бүгінгі жастар біле бермес, ал, көнекөз қариялар «туған жерге туын тігіп», ауылдың гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне өзіндік еңбегімен үлес қосып, азаматтықпен атқарған істерінен хабардар.
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап, яғни ат жалын тартып мінгеннен, ел ісіне араласқан Жақыпбай Мырзабайұлы кеңестік кезеңде күштеп ұжымдастыруды да, қолдан жасалған нәубет-ашаршылықты да, қазақтың беткеұстар азаматтарын жаламен ұстатып итжеккенге айдатқан саяси қуғын-сүргінді де, «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» ұранымен неміс фашистерімен болған Ұлы Отан соғысын да, бәрі-бәрін де көрген, қиыншылықтарын бастан өткерген. Көріп, куә болып қана қоймай, сол  кездерде елдің қамын ойлайтын баскөтерер басшысы да болған. Іскер басшылық, ұтымды ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында шаруашылықтың тасын өрге домалатып, экономикасының артуына үзіндік үлесін де қосты.
Сол асыл азаматтың аты ардақталып, осыдан ширек ғасыр бұрын ауылдағы бір көшеге есімі берілген. Жуырда ауыл орталығында Жақыпбай Мырзабайұлының суреті бейнеленіп, өмірбаяны жазылған ескерткіш-тақтатас орнатылды.
Ардагерге арналған ескерткіш белгінің  ашылу салтанатында оның көзін көрген қариялар сөз сөйлеп, естеліктер айтты, Жақыпбай қарияның елге жасаған жақсылығы туралы тебірене толғады. 
Өмірден өткеніне көп болса да, оған осындай құрмет көрсетілуі бір жағынан әруақты сыйлау, екіншіден жастар үшін өнеге.
Есенхан РЫМҚҰЛОВ,
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері,
еңбек ардагері.
Байзақ ауданы.

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Тәрбиелік мәні жоғары
01 июль 2022, Пятница
Тәрбиелік мәні жоғары
Ауылымыз көркейіп келеді
13 март 2020, Пятница
Ауылымыз көркейіп келеді
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры