«Аялы әже» форумына қатысушылардың ҮНДЕУІ
Біз, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Аялы әже» форумына қатысушылар барша аналарға, аймақтағы аналар алқаларының мүшелеріне, біздің белсенді қыз-келіншектерімізге Үндеу арнап отырмыз.
Мақсатымыз – аға буын өкілдерінің ұрпақтар сабақтастығы бойынша жастарды ұлттық мәдениетті, ана тілін, салт-дәстүрлерді және адами құндылықтарды сақтауға, оны жаңғыртуға, ұлттық және мәдени бірегейлікті дамытуға шақыру.
Еліміздегі жасампаз жаңалықтар, орасан зор саяси оқиғалар бәрімізге жоғары жауапкершілік жүктейді. Бірлік пен ынтымаққа, татулық пен тұрақтылыққа, алға қойған барлық мерейлі мақсаттарға бірлесе қол жеткізудеміз. Әсіресе, жаһандану сияқты алапат толқын бар әлемді дендеп тұрған кәзіргі шақта ұрпақ тәрбиесіне, ұлт келешегіне аса көңіл бөліп, ұрпақтар сабақтастығын жарасымды жалғастырып отырған аға ұрпақ өкілдері, яғни ардагерлер ұйымдарының жұмысы Мемлекет басшысының сарабдал саясатымен үндесіп жатыр.
Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «...ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек, ұлттың жаңа санасын қалыптастыру, әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет» деп атап көрсетті. Сонымен бірге, Президент: «Бала тәрбиесі – ең алдымен ата-ананың міндеті, ал мектеп – білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің ордасы» деп қадап айтты.
Ұрпақтар сабақтастығын жарасымды жалғастыруда, ата-баба аманаттарына адалдық танытуда бала тәрбиесі және отбасы құндылықтарын, салт-дәстүр мен әдет - ғұрыптарды насихаттауда әжелердің орасан зор орны бар екені, олардың өлшеусіз рөл атқаратыны ақиқат.
Сондықтан «Аялы әже» форумы аясындағы басқосуда айтылған ұсыныстарды, ортаға салынған ойларды, парасатты пікірлерді ескеріп, барша азаматтық қоғам өкілдерін, ардагерлерді, жастарды, қоғамдық кеңестерді, қоғам белсенділерін және қоғам дамуындағы кез-келген мәселеге бей-жай қарамайтын барша азаматтарды бірлесе, жұмыла жұмыс жасауға шақырамыз!
ҮНДЕУ 2024 ЖЫЛҒЫ 19 СӘУІРДЕ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН АЙМАҚТЫҚ «АЯЛЫ ӘЖЕ» ФОРУМЫНДА ҚАБЫЛДАНДЫ.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)