Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Экономика » ӘКЕ МЕЙІРІМІМЕН ӨСКЕН БАЛА ӨРКЕНДІ БОЛАДЫ

ӘКЕ МЕЙІРІМІМЕН ӨСКЕН БАЛА ӨРКЕНДІ БОЛАДЫ

29 июнь 2023, Четверг
149
0

Өткен аптада облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен отбасы құндылығын насихаттау, отбасындағы әкенің міндеттері мен рөлін көтере отырып, балаларды ұлттық рухта тәрбиелеу, әдет-ғұрып, салт-дәстүр негізінде өскелең ұрпақтың бойына ең жақсы қасиеттерді сіңіру мақсатында "дөңгелек үстел" отырысы ұйымдастырылды. "Әке – менің асқар тауым" деген тақырыпта ұйымдастырылған шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, белсенді ардагерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. 
Басқосуды кіріспе сөз сөйлеп ашқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев жиналғандарға күні кеше ғана қасиетті Түркістан қаласында болып өткен Ұлттық құрылтайдың қорытындылар туралы айтып, онда ұлттық тәрбиеге қатысты көптеген маңызды мәселелер қозғалғандығын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінде ұрпақ болашағына, ұлт болашағына қатысты маңызды міндеттердің алға қойылғандығын атап көрсетті. 
Бүгінгі жиынның мақсат-міндеттеріне тоқталған Еркінбек Бейсенбекұлы қоғамдағы және бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлінің зор екендігін тілге тиек етті. 
"Дөңгелек үстел" отырысында баяндама жасаған облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы әкелер кеңесінің төрағасы Қонысбай Ілиясов біз өмір сүріп отырған қоғамдағы әкелер рөлінің төмендеп кетуінің себеп-салдарларын ашып көрсетті. Онымен күресудің жолдары туралы айтты.
— 2021 жылы облыстық ардагерлер кеңесі жанынан әкелер кеңесінің құрылғандығы естеріңізде болар. Әкелер кеңесін құрудағы басты мақсатымыз қоғамдағы және отбасындағы әкенің рөлін одан әрі көтеру болды. Жалпы, әкелер институтын қалыптастырып, отбасындағы бала тәрбиесіндегі олардың міндеттерін айқындау – бүгінгі күннің ең басты міндетінің біріне айналды. Мәселен, әкелер кейінгі кездері мектептердегі ата-аналар жиналысына қатыспайтын болды. Олардың бала тәрбиелеудегі белсенділігі төмендеп кетті. Осы жұмыстардың барлығын жандандыру үшін соңғы бірер жылда қалалық және аудандық деңгейлерде әкелер кеңестері құрылды. Бүгінде олар үлкен қоғамдық жұмыстар атқаруда, – деп түйіндеді сөзін облыстық әкелер кеңесінің төрағасы. 
Келесі кезекте сөз алған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры Сейсекүл Исматова:
— Қазақ – балажан халық. Балаға болашағымыз деп қарағанбыз, оларға үлкен үміт артқанбыз, – дей келе С.Исматова отбасындағы әке мейіріміне кеңірек тоқталды.  Парасатты, мейірімді, шапағаты мол әкеден тәрбиелі, тәлімді ұл-қыз өсіп қалыптасады. 
Облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Қарабайұлы Есіркепов мектеп жасындағы балалардың тәрбиесіне тереңірек көңіл бөліп, олардың арасындағы тәртіп бұзушылыққа үзілді-кесілді тосқауыл қою, оларды бала кезінен ұлтжандылыққа тәрбиелеу – бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі екендігіне тоқталды. 
"Дөңгелек үстел"  отырысында сөз сөйлеген техника ғылымының докторы, профессор Сағатбек Мырзашев жастарды отансүйгіштікке тәрбелеудегі әкенің рөліне тоқталды. 
Басқосуда Талас аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықов, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы әкелер кеңесінің төрағасы Мұса Шоңбаев сөз сөйлеп, талқыланып отырған тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. 
"Дөңгелек үстел" отырысын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев қорытындылады. 

"Ғұмыр-Дария" – ақпарат.
Обсудить

Похожие материалы:

Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
БИЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ БЕЛСЕНДІ
25 август 2022, Четверг
БИЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ БЕЛСЕНДІ
Ардагерлермен ақылдасты
01 июль 2022, Пятница
Ардагерлермен ақылдасты
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры