Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ТАҒЛЫМЫ МОЛ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ТАҒЛЫМЫ МОЛ

27 апрель 2023, Четверг
93
0
Шу аудандық ардагерлер кеңесі өзінің қоғамдық қызметін жылдық жоспар бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауынан туындайтын негізгі бағыттарды басшылыққа ала отырып жүргізуде. Осы орайда біздер ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды  насихаттауға баса назар аударудамыз. Адам баласының жан тазалығы үшін рухани  азық аса қажет деп ойлаймын. Біздер, аға буын өкілдері, ақ пен қараның, жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата отырып, жастарымызды жүрегіне имандылық, жанына тазалық, тілегіне ақиқаттық, әрекетіне шынайлылық дәнін сеуіп, тәрбиелеуіміз қажет. Сондықтан бүгінгі сананы қаражат билеген нарық заманында адамдардың жан дүниесін тәрбиелеу басты  мақсатымыз. 
Жақында белсенді ардагерлеріміз  аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлы  Жәнібековпен кездесу өткізді.  Кездесу еркін, өзара пікір алмасу жағдайында өтті. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкелері, ауылдық округтер ардагерлер кеңестерінің төрағалары, билер кеңестерінің төрағалары қатысты. Аудан әкімі ардагерлердің ұсыныс-пікірлерін назарға алатынын, мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді бірлесіп орындауға ниетті екенін, ел игілігі үшін халық пен биліктің үйлесімді   әрекет етуінің маңыздылығын атап өтті. 
Жаңадан сайланған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан  Көрікбайұлы Өміралиев қашанда игі істерде алдыңғы қатардан табылатын ауылдық округтер ардагерлер кеңестерінің қызметімен танысып, тыныс-тіршілігін, хал-жағдайларын өз көзімен көріп, ардагерлер бөлмелерінің жабдықталуына назар аударды. Әдістемелік көмек беру мақсатында Ақсу, Балуан Шолақ, Қорағаты, Ақтөбе, Алға ауылдық округтерінде ардагерлермен кездесулер өткізді. Ержан Көрікбайұлының кезінде аудандық деңгейде басшылық лауазымдардағы жинақтаған мол тәжірибесі ардагерлер ұйымдарының қоғамдық ұйымдарының қоғамдық қызметін жандандыруға ықпалы тиеді деген сенімдеміз. Осы кездесулерде үлкендер жағы жүректерге иман нұрын сеуіп, қазақ тілін – қазақ болу үшін, дінімізді – адам болу үшін, салт-дәстүрлеріміз ұлт болып   қалыптасуымыз үшін өскелең ұрпақтың бойына жалықпай-талмай сіңіре беру керектігін әңгімелерге арқау етті. 
Дәстүрлі отбасы құндылықтарын жандандыру бағыты бойынша  аудандағы әкелер кеңесі мен аналар алқасы қоғамдық құрылымдарының және билер кеңесінің атқаруға тиісті жұмысы ұшан-теңіз. Әсіресе, жас отбасыларды ажырасудан сақтауда оларға үлкен міндеттер жүктеледі. 
Өз отбасында бақытты бола алмаған адам, өзге жерде  бақытты болуы қиын. 
М.Мақатаев атындағы орта мектепте «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?» тақырыбындағы өткен «дөңгелек үстел» отырысының, Шоқпар ауылында «Атадан өсиет, анадан қасиет» атты кездесудің, Қонаев ауылында «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты семинардың, Шу қаласы Төле би мектебінде «Қыз бала ұлттың ұяты – халықтың шырайы» сырласу кешінің, «Қуаныш» балабақшасында  «Әжемнің ертегісі» атты ертеңгіліктің тағылымдық, тәрбиелік ұлағаты зор болды. Оқушыларға мектеп қабырғасында патриоттық тәрбие беру мақсатында батыр және қаhарман ұлдарымыздың ерлігін насихаттау  маңызды. Әсіресе, ер балалар тәрбиесін жаңғыртуда елін қорғаған, жерін қорғаған ерлердің, Тәуелсіздік жолында жанын қиған ұл-қыздардың ерлігін бойларына сіңіре беруіміз қажет. Отанға адал, еліне шынайы берілгендік, жоғары патриотизм рухында тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз нәтижесіз емес. Оған дәлел Кеңес Одағының Батыры   Сәду Шәкіровтің 100 жылдығына орай өткен іс-шара. Ал Халық Қаhарманы, Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, небәрі  21 жасында өмірден  өткен  боз-дақ Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков біздің Төле би мектебінде 8 жыл білім алғанын, біздің оқушымыз болғанын  жастар біле бермейді. Мектептегі мұражай жәдігерлерінен Қайраттың  мектепте оқыған өмірінен мәліметтер алуға болады.
Қорыта келгенде, ауданның  ардагерлер кеңесі зейнеткерлердің басын қосатын кеңес құратын олардың мұқтаждықтарын шешуге ықпал ететін қозғалысқа айналды десек артық айтқандық болмас. Ал енді дау-дамайды шешуде билер алқасына үлкен міндеттер жүктелуде. Бұл орайда аудан басшыларымен және аудандық мекемелерімен тығыз қоян-қолтық   бірлікте жұмыс атқаруымыздың көп пайдасы тиюде.
Қашанда Тәуелсіздігіміздің тұғы-ры биік, ғұмыры мәңгі болуын қалаған халқымыздың амандығы,  жұртымыздың тыныштығы, бауыры-мыздың бүтіндігінің жанашыры, бірлік пен бақыттың үйытқысы бола білген ардагерлеріміз әрдайым көптің жанынан табылып, оларға қолдау көрсете беретініне сенімдімін.

Данен Бейсенбаева, 
Шу аудандық ардагерлер кеңесінің  мүшесі 

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры