АТАДАН – АҚЫЛ, АНАДАН – МЕЙІРІМ
Жаңа Қазақстан құру үшін салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды жаңғыртып, тілімізді тұғырына қондыруымыз керек, отбасылық, ұлттық құндылықтар аясын кеңейтіп, ұрпақтар сабақтастыстығын мықтап қалыптастырғанымыз жөн. Ұлттық тәрбиедегі ауыл ақсақалдарының, ардақты аналардың орны ерекше. Әсіресе, ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының, ата-әжелердің жөні бөлек.
Міне, осы мақсатта 2019 жылдан Байзақ ауданындық ардагерлер кеңесінің жанынан "Аналар алқасы" қоғамдық құрылымы жұмыс істей бастады. Аналар алқасы қоғамдық құрылымының мақсаты мен міндеті – отбасы дәстүрлері мен құндылықтарын насихаттау мен дамыту, отбасы мәртебесін көтеру және бала тәрбиесіндегі үздік тәжірибелерді тарату, отбасындағы рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбие берудің барысына, балалардың ата-аналарымен немесе ата-аналардың балаларымен арақатынасына байланысты проблемалық мәселелерді зерделеу, тағы да басқа мәселелер.
Байзақ ауданында 17 ауылдық округі бар. Қазіргі таңда барлық ауылдық округтерде аналар алқасы жасақталып, төрайымдары мен оның мүшелері айқындалды. Әр округтегі жасы үлкен аналар, жас аналар, көпбалалы аналар, тұрмысы төмен отбасындағы аналар тізімі түзілді. Әр округтегі аналар алқасының жылдық жұмыс жоспары бекітілді.
Енді аудандық аналар алқасының атқарған жұмыстарына тоқтала кетсем, ауылдық округтегі аналар алқасының төрайымдарымен, ауылдағы аналармен жиындар өткіздік. Бұл басқосуларда әр ауылдағы аналарды толғандыратын проблемалар, сұраныстар мен ұсыныстар ескерілді.Осы мақсатта акпан айында Үлгілі ауылық округіне барып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткіздік. Аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан әкелер кеңесі де құрылған. Отбасындағы құндылықтар, салт-дәстүрді дәріптеуде әкелердің де айтары мол.
Осы жылдың акпан айында қыз балаларға икемділік дағдысын дарыту, үй жағдайындағы ісмерлікті дамыту бағытында «Шеше көрген тон пішер..» тақырыбында Сарыкемер ауылындағы №1 мектеп-гимназия оқушыларымен шеберлік сабағын өткіздік. Үлгілі ауылынан келген Абдрашитова Рахила тігіншілік өнерге үйретті. Осындай кездесу Ю.Гагарин орта мектебінде де жалғасты.
Ауылдағы жасы ұлғайған, еңбегі сіңген, ауылға үлгі болған аналарды айтулы күндерде мемлекеттік және кәсіби мерекелерде құттықтау дәстүрге айналды. Бұл жұмысты барлық ауыл округтегі аналар алқасының төрайымдары үлкен жауапкершілікпен атқаруда. Мерекелерде ауданның белгілі кәсіпкерлері және мәслихат депутаттарының демеушілік жасауымен ардақты аналарға сый-сияпат жасау жағы ұмыт қалған емес. Наурыз айында аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасовтың қолдауымен ауданның 45 ардагер аналары қасиетті Түркістан қаласына саяхатқа барып келді. Мұндай игілікті іс барлық ауылдық округ әкімдерінің бастамасымен өз жалғасын табуда.
Сондай-ақ, сәуір айында ауданның аналар алқаларының төрайымдары облыстық «Анаға тағзым» орталығына барып, жұмыстарымен танысып, колледж студенттері арасында шеберлік сағатын өткізді. Онда Мырзатай ауылынан келген Жанар мен Үлгілі ауылынан келген Рахила тігіншілік өнердің қыр-сырына тоқталды. Жақында аналардан «Ақ әже» ансамблі құрылды.
Сәуір айында ауылдық округтердегі көпбалалы, тұрмысы төмен отбасы-ларының тізімін жасап,бірнеше көпбалалы отбасындағы аналарға азық-түлік себетін табыстадық.Осы орайда облыстық Қызыл жарты Ай қоғамының төрайымы Тойбекова Оразгүл ханымға алғысымыз шексіз. Мамыр айында байзақтық аналар алқасының бір топ мүшелері Талас ауданына барып «Ауылдағы аналар мәртебесі» атты облыстық семинарға қатысып, тәжірибе алмасып қайтты. Жалпы аудандағы аналар алқасының жұмысын зерделеп, түсіндіріп нәтижелі жүруіне облыстық аналар алқасының төрайымы Оспанова Хадиша Аяғанқызы бағыт беріп отырады.
Жарты жыл сайын әр округтегі аналар алқасы құрылымы есеп беру, тәжірибе алмасу семинарын өткізеді. Өткенде Көптерек ауылдық округінде осындай семинар болып өтті. Семинар соңы ауыл өнерпаздарының концертіне ұласты. Аналар алқасының төрайымы Ақбердиева Гүлсім қоғамдық жұмысқа өте жауапкершілікпен қарайтын жан . Ауыл тұрғындары өз көкейіндегі сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.
Жанат Әлібекова, Гүлсім Ақбердиева, Ұланбике Сейдуалиева, Зағипа Жұмахметова, Гүлнар Боранбаева, Айман Әбиева, Айжан Байтақова, Мәншүк Мамыралиева, Орынкүл Кенжебекова, Шәрия Абдраманова, Махарам Өткелбаева, тағы басқа да аудандағы белсенді аналар алқасының төрайымдары мен оның мүшелерінің қоғамдық қызметін жоғары бағалаймыз.
Қорыта айтқанда, аналар алқасы қоғамдағы кұбылыстарға, отбасындағы тектілік пен тәрбие мәселесіне баса назар аудара отырып, елдің бірлігі мен татулығына, ұрпақ тәрбиесіне өздерінің мүмкіндігіне қарай алдағы уақытта да үлес қоса беретін болады.
Шырын ҚАПАРОВА,
Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған Аналар алқасының төрайымы.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)