Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » АРДАГЕРЛЕРІМІЗ – АРДАҚТЫЛАРЫМЫЗ

АРДАГЕРЛЕРІМІЗ – АРДАҚТЫЛАРЫМЫЗ

30 январь 2024, Вторник
66
0
Облыстық ардагерлер кеңесі «Ардагерлер ұйымдарына қолдау көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік - әлеуметтік тапсырысымен көзделген қызметтерді көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында облыс көлемінде 77 «дөңгелек столдар» отырысы ұйымдастырылып, оларға 3244 адам қатысты, 230 кісінің қатысуымен 7 кездесу ұйымдастырылды. 115 ардагердің қатысуымен 3 кеңейтілген жиналыс болды. Ұйымдастырылған 3 конференцияға 120 адам қатысты, 62 ардагердің қатысуымен өткен форум жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Осылармен бірге 87 аға буын өкілдері қатысқан 2 кеңес өтіп, 70 белсенді бас қосқан көшпелі семинар өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен 3 семинар - кеңес болып, оған 130 кісі қатысты. 7 сұхбат және сұрақ-жауап іс-шарасына – 284 кісі қатысты, 164 ардагердің белсене араласуымен өткізілген фестивальдер мен концерттер саны екеу болды, 4 көрмеге барлығы 292 кісі қатысты. 
Ардагерлер Қазақстанның және облыстың тарихи жерлеріне 3 рет саяхат жасады, оған 135 ардагер қамтылды. 86 ардагердің қатысуында 3 байқау шарасы өткізілді. 27 ардагердің қатысуымен 1 рет флешмоб шарасы ұйымдастырылды.
Спорттық шараларға барлығы 100 ардагер қатысты. Ұйымдастырылған 1 спартакиада және 16 спорттық, іс-шараға 414 ардагер қамтылып, жоғары көрсеткіштерге жетті. 
Әрбір іс-шараны өткізген сайын суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеп отырдық, кейбіреулері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды, телеарналардан көрсетілді.
Аталған шаралардан үйренетін үрдістер аз емес. «Ел туралы жадағай ойлау да, халықтың тағдырымен ойнау да түбі жақсылыққа апармайды» деген тәмсілді есте ұстай отыра, ең әуелі әрбір ардагердің іс-шарадан тыс қалмауын көздедік. Әрбір ардагерге көңіл бөліп, назар аударған соң, олар да белсенділіктерін арттыра бастады. 
Ел бірлігі, ырысты ынтымақ, ұрпақтар сабақтастығы, жастар тәрбиесі жөнінде іс-шараларда келелі әңгімелер қозғалды. Жұмыстардың біршама жүйеленгенін байқауға болады. «Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз» деген мақсаттың іс жүзінде орындалғанына сөз жоқ көз жеткізуге болады.
Атқарушы және өкілетті органдар тарапынан ардагерлерге жасалатын қамқорлық бүгінгі таңда жаман емес. Ардагерлер кеңестері құзырлы органдармен бірге көп шаруаларға араласуда. Солай болуға тиісті. «Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз» дегенде, әсіресе, ағаларымыз бен апаларымызға медициналық көмек көрсетудің және демалыс орындарында денсаулықтарын нығайтудың орны ерекше екені аян. Біздің облыста соғыс ардагерлері мен мүгедектері және соларға теңестірілгендер, майдангерлердің жесірлері, тыл және еңбек ардагерлері өз аймақтары бойынша емдеу мекемелеріне бекітілген. Тұрақты бақылауға алынған. Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларда соғыс ардагерлеріне арнайы бөлмелер жасақталған. Облыстық ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссиясы медициналық қызмет жағдайын үнемі қарап, қадағалап отырады. «Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз» деген ұранмен ардагерлердің бәріне дерлік жан-жақты медициналық көмек көрсетілуде. 
Облыс ардагерлерінің мәдени - рухани өмірінде де сергек серпіліс айқын аңғарылады. Ұрпақтар сабақтастығы мақсатында ардагерлеріміз жас ұрпақ тәрбиесіне көбірек араласа бастады. Мектептерде, колледждер мен университеттерде, жастар орталықтарында кездесулер жиірек ұйымдастырылуда. Президентіміз әр облыста, аудандарда ардагерлер үйін ашу туралы айтқан еді. Біле - білгенге ардагерлер – үлкен күш. Тәуелсіздігімізді мәңгілік баянды етуде аға ұрпаққа жүктелер жауапкершілік жоғары. Ең бастысы, ардагерлеріміз осы парызды терең сезінеді.
Сайлаухан АШАНОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры