Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ҚОЛДАУ АЯСЫ КЕҢЕЙЕ БЕРЕДІ

ҚОЛДАУ АЯСЫ КЕҢЕЙЕ БЕРЕДІ

15 декабрь 2023, Пятница
96
0
Күздің соңғы екі айы облыстық ардагерлер кеңесінде қоғамдық қызметтің қызу жүруімен аталып өткендігін айтуға тиістіміз. Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша, «Ардагерлер ұйымына қолдау көрсету қызметін ұйымдастыру» жобасын іске асыру бойынша шаралар кешені жүзеге асырылып жатыр. Облыстық ардагерлер кеңесінің арнайы жасалған іс - шаралар жоспарына сәйкес Жамбыл облыстық, Тараз, Шу қалалық және барлық аудандық ардагерлер кеңестері ардагерлер ұйымына қолдау көрсету қызметін ұйымдастыру бойынша өздерінің қоғамдық қызметтерін кең көлемде жүргізуде. Осы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ардагерлердің саяхаттары ұйымдастырылуда, түрлі тақырыптарда жиындар өтіп жатыр, ұрпақтар сабақтастығы, діни ақуал мәселесі, жастар тәрбиесі, қарттарды әлеуметтік қолдаудың жай күйі ардагерлер ұйымдарының назарынан тыс қалмауда. Біз алдағы уақытта газетіміздің шығу кестесіне сай облыстық, қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерінің өткізіп жатқан шаралар атқарып жатқан жұмыстары жайлы оқырмандарымызы кеңінен хабардар етіп отыратын боламыз.
Ардагерлер кеңестерінде, ардагерлер ұйымдарында күн сайын, сәт сайын қызу тіршілік орын алуда. Барлық жұмыс ардагерлерге әлеуметтік, адами, рухани тұрғадан қолдау көрсетуге бағытталуда. Қоғамдық жұмыстарымыз кеңге қанат жаюда. қызу қарқын алуда.

блыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырмасы аясында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ардагерлер ұйымдарына қолдау көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру бағытында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және денсаулық сақтау басқармаларының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткен ауқымды шараларда ардагерлерге жасалап жатқан қамқорлықтар жайлы, сондай-ақ алдағы уақыттарда осы сала бойынша атқаратын жұмыстары туралы кеңінен талқылау өтті. Қорытындысында жүйелі ардагерлер ұйымдарына мемлекеттік органдар тарапынан алдағы уақытта қолдау шараларынан кешенді бағдарламасы айқындалды.
Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыс ардагерлері киелі «Ақыртас» мекенінде туған жердің тарихымен танысу мақсатында демалыс ұйымдастырды. Онда, Ақыртас қамалының тастан қаланған қабырғасы, бөлмелерінің орналасуы, намаз оқуға арналған жалпақ тастың Құбылаға қарай орналасуы, шашылып жатқан қой тастардың ғарышпен байланысы, тас дайындалған жерлер мен астау тастардың қашалғаны, керуен сарайдың орны ардагерлердің қызығушылығын тудырды. 
Ардагерлердің денсаулықтарын шыңдап, өзара әңгіме-сұхбат құрып, басқосуларын үшін облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы тарапынан үнемі қолдау тауып отырады. Мәселен, шахматтан, тоғызқұмалақтан спорттық іс-шаралар өткізіп, ардагерлер жиі бас қосады, мұның өзі аға ұрпақ өкілдерінің бос уақыттарын тиімді пайдалануына зор ықпалын тигізді. 
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының жауапты қызметкерлері ардагерлер арасында жиі болып, қолданыстағы заңнамалары негізінде оларға жасалып жатқан тегін медициналық қызметтің жай-жапсарын кеңінен ауруханалар мен емханалар қызметкерлері ардагерлердің денсаулықтарына, әлеуметтік жағдайларына зерделеу жүргізіп, практикалық көмектер көрсетіп отырады. Ал, барлық емханаларда зейнеткерлердің жеке әлеуметтік карталары компьютерге енгізіліп, цифрландырылған.
Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында «Атадан қалған асыл сөз» айдарымен дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел отырысында бұрынғылардан қалған асыл сөздер, астарлы ойлар туралы айтылып, оның мән-мағынасы талданды. Шешендік өнердің қыр – сыры талқыланды.
Облыстық ардагерлер кеңесі қоғамының қызметі басты бағыттарының бірі - жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың бойына ұлтжандылықтың дәнін себу. Осы мақсатта М.Х.Дулати атындағы өңірлік Тараз университетінің және Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттерімен, Тараз қаласындағы колледждер білімгерлерімен ардагерлер жиі кездесіп тұрады, өмір тәжірибелерімен бөліседі, сыр-сұхбат құрып, еркін тақырыпта «дөңгелек үстел» отырыстарында пікір алмасады.
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдау көрсетуімен «Тараз-Арена» спорт кешенінен арнайы ардагерлердің спортпен шұғылданулары үшін арнайы спорт залы бөлінген. Кіру есігі бөлек. Онда, үлкендеріміз бильярд, үстел теннисі, шахмат, шашка, дойбы, дартс, т.б. секілді бойға күш түсірмейтін, дене қимылдарына еркін спорт түрлерімен шұғылданды. Облыстық ардагерлер кеңесінің ардагерлердің спортпен шұғылдануын отставкадағы майор Орынбасар Айтжанұлы Саймасаев пен ардагер - спортшы Нарынбек Оңалбеков арнайы жасалған кесте бойынша ұйымдастырды. Тараз қаласындағы саябақтарда сол маңайда тұратын ардагерлерді серуен жасайды, жаяу жүреді, шахмат – дойбы, тоғызқұмалақ ойнайды. Саябақтарда ардагерлердің, скандинавиялық таяқшалармен жүруі де жолға қойылған. Мәселен, мөлтек аудандағы «Денсаулық сақтау» саябағында спорт ойындары ардагер Тайшықов Сапарғалидың бастауымен, ал, Т.Рысқұлов саябағында А.Саймасаевтың басшылығымен ұйымдастырылды. 
Облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған әкелер кеңесі мен Аналар алқасы бүгінгі күннің талабына сай, ұл -  қыздарымыздың, жас әйел-аналардың тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуде, олар «Қызды тәрбиелесең, ұлтты тәрбиелейсің. Ұлды тәрбиелесең, елді тәрбиелейсің», -деген тәмсілді басты ұстаным етіп, назар аударуда. Отбасылық тәрбие ерекше.
Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан ардагерлерге жасалып жатқан қамқорлықтың, қолдаудың ауқымы кең. Алдағы уақытта облыстық ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып «Ғибратты керуен» жобасы секілді игілікті жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «1 Қазан - Халықаралық қарттар» күніне байланысты жариялаған Үндеуіне байланысты облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен облыс бойынша аз қамтамасыз етілген және жалғызбасты зейнеткерлерге азық-түлік себеттері таратылып, қаржылай көмектер көрсетілді, ауылдық жерлерде тұратын қарттардың малдарына жем-шөп, үйлеріне отын түсіріп беру ұйымдастырылды. 
Міне, осы жұмыстардың бәрі облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Ардагерлер ұйымдарында қолдау көрсету орталығының қызметін үйымдастыру» мемлкеттік - әлеуметтік жобасын нақты жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып жатқандығын айтуға тиістімін.

Сайлаухан АШАНОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің
жауапты хатшысы.
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры