ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ҮЛКЕН МЕКТЕБІ
Әжелер ұрпақ – тәрбиесінің үлкен мектебі. Қазіргі таңда қоғамның қай саласында да жетістікке жеткен кісілердің көпшілігі ауылдың тұнық тәрбиесіне қанып, ата менен апаның тағылымынан нәр алғандар. Сондықтан, өткен жылы қасиетті Түркістан өңірінде «Аялы әже» аймақтық форумының өтуі үлкен жаңашыл іс болды. Түркістан облысы келесі кезекте эстафетаны біздің облысымызға жолдаған болатын, 19 сәуір күні аталған форум біздің Тараз қаласында өткізілмекші. Біз «Аялы әже» форумының қарсаңында облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы аналар алқасының төрайымы, Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы Хадиша Оспановамен сұхбаттасқан едік.
ТІЛШІ: – Хадиша Аяғанқызы, жақында Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев дәстүрлі отбасы құндылықтарын табанды түрде орнықтыру жайын қозғады. Өзіңіз облыстық аналар алқасына» жетекшілік жасап отырсыз. Біздің өңірдегі отбасы құндылықтарын орнықтыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсаңыз.
Хадиша ОСПАНОВА: – Бүтін отбасы – мемлекеттің байлығы. Біздің өңірде де іргесі мықты, босағасы берік, шаңырағы биік отбасылар бар. Олар отбасының құндылығын бәрінен де жоғары сезінеді. Отбасындағы құндылықтардың қанат жаюы – қоғамның ілгерілеуіне сеп болады. Облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған аналар алқасы өз қызыметін осы бағытта ұйымдастыруда. Облыс бойынша аудандық, ауылдық деңгейде 166 аналар алқасы құрылған. Оларға белсенді деген 719 адам мүше. Бұл дегенің үлкен қоғамдық ықпалды күш. Біз белсенділерімізді нақты қоғамдық игілікті істерге бағыттай алудамыз.
ТІЛШІ: – Түркістан облысы былтыр «Аялы әже» аймақтық форумын өткізіп, эстафетаны біздің облысқа бергені белгілі. Облыста әжелер форумына дайындық жұмыстары қалай?
Хадиша ОСПАНОВА: – «Аялы әже» аймақтық форумы – өте ауқымды жиын. Оны жоғары деңгейде өткізуге бар күшімізді салып отырмыз. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев осы форумның өту барысына ерекше назар аударып отыр. Белсенді әжелер мен аналардың барлығын осы іс-шараның лайықты өтуі барысына жұмылдырып отырмыз. Біздің өңірдің әжелері өте белсенді. Әр ауданда, үлкен ауылдарда әжелер ансамблдері жұмыс істейді. Облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы тұрақты комиссияның мүшелері де форум жұмысының жауапкершілігін сезініп отыр.
Облыстық аналар алқасы барлық уақытта облыстық «Анаға тағзым» орталығымен, Жамбыл облысының «Әйелдер күштері альянсы» заңды тұлғалар бірлестігімен, облыстық «Іскер әйелдер» қауымдастығымен, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітімен, облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының зорлық –зомбылықтан қорғау тобымен, облыстық тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығымен және басқа да мемлекеттік мекемелер және қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс атқаруда. Форум жұмысына осы орталықтар мен ұйымдардың барлығы жұдырықтай жұмылатын болады. Одан бөлек Тараз қаласы мен аудандардағы аналар алқаларының көмегі де үлкен болғалы тұр. Облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Амина Қайназарованың да біздерге көрсетіп жатқан көмегі көп. «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза - Ғали – өте іскер кісі. Ол да біздің қоғамдық ұйымға өзінің жанашырлығын танытып келеді.
ТІЛШІ: – Жалпы, Тараз қаласы мен аудандарда аналар алқаларына атқарылып жатқан жұмыстарды қалай бағалайсыз?
Хадиша ОСПАНОВА: – Тараз қаласы мен аудандар – басты тірек күшіміз. Мәселен, Тараз қалалық аналар алқасының төрайымы Жанат Сарыбекованың жұмысы әрдайым көңілімізден шығып отыр. Белсенді әжелердің Тараз қаласындағы бөбекжайларға барып, балалармен кездесуін, оларға ертегі айтып беруін де Жанат Сарыбекова басқаратын қоғамдық ұйым назарға алып отыр. Сонымен қатар, Байзақта Шырын Қапарова, Талас ауданында Данагүл Молдабаева, Шу ауданында Айжан Иманова, Мойынқұм ауданында Ғалия Шубаева өздерінің іскерліктерімен көзге түсуде. Бір ауданда атқарылмай жатқан іс екінші ауданда жолға қойылған. Бірін - бірі толықтырып отырады. Сондықтан, өзге аудандардағы жұмыстарды да нашар деп айта алмаймын. Осы орайда Меркі ауданында Қайнаркүл Тәттіқұлова, Тұрар Рысқұлов ауданында Түзел Селбай, Сарысу ауданында Светалана Қожаназарова, Жамбыл ауданында Гүлмира Бектенбаева, Жуалы ауданында Күлбақыт Айтқұлова, Қордай ауданында Роза Қағазбаева да үлгілі істерімен көрінуде.
ТІЛШІ: – Мойынқұм аудан-ының үлкен - кішісі сізді тегіс сыйлайды. Ауданда атқарған жұмыстарыңызға тоқталсаңыз...
Хадиша ОСПАНОВА: – Жастық шақта мемлекеттік қызметті Мойынқұм ауданынан бастадым. Ол кезде Мойынқұм ауданының әкімі Бағлан Қарашолақов болатын. Ал, мен аудан әкімдігі ұйымдастыру, кадрлық - мемлекеттік құқық және бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарушы едім. Аудан әкімі Бағлан Жиенәліұлы шақырып алып: «Хадиша, жағдайды байқап отырсың, әйелдер – үлкен күш, солардың мүмкіндігін пайдалануымыз керек», – деп тапсырды. Содан мен аудан бойынша жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларды, жалғыз басты аналарды тізімге алып, оларға қолдау көрсету жағын бақылап отырдым. Ол кез - тоқсаныншы жылдар ғой. 7-8 айлап зейнетақы, жалақы кешігіп беріліп жатқан уақыт. Шын мәнісінде өте қиын болды. Біз зейнетақыны әуелі мүмкіндігі төмен, көмекті қажет ететін отбасыларға алдымен беретін едік. Соның нәтижесінде жұмыстарды жолға қойып, реттей алдық. Тіпті, республикалық деңгейдегі беделді қоғамдық ұйымдарға хат жазып, олардан бір «КамАз» азық –түлік, киім - кешек алдырған кезіміз де болды.
ТІЛШІ: – Аудандардағы бел-сенді аналардың, қыз келіншек тердің нақты атқарып жатқан жұмыстарға тоқталсаңыз.
Хадиша ОСПАНОВА: – Аудан дарда нәтижелі, белсенді жұмыстар бар. Жақында Наурыз мерекесі Тараз қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мойынқұм, Жамбыл аудандарында ұлттық мерекеміз керемет өтті. Қазіргі таңда Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Мақпал Досымбекова, Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы – басшылық қызметтің сатыларынан өткен білікті мамандар. Сондықтан, аталған аудандардағы жұмыстар өте сәтті жүзеге асуда. Олар аналарға қатысты жұмыстарды ерекше қолдап отыр. Өзге аудандардағы белсенді азаматтарға рахмет.
ТІЛШІ: – «Аялы әжелер» форум-ының жұмысына дайындық қалай жүруде?
Хадиша ОСПАНОВА: – Атал-ған форумға дайындық барысы маңызды. Облыстық аналар алқасы осы жұмысты тікелей назарына алып отыр. Форумға келетін қонақтардың тізімін алып, қонақ үйге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр. Форумның өту барысындағы жоспарларды да назарға алып отырмыз. Біз аталған форумды жоғары деңгейде өткізуге күш саламыз. Бізден кейін эстафета Алматы облысында жалғасады.
Сұхбаттасқан Есет ДОСАЛЫ,
журналист.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)