Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » МЕН ӘЖЕМІН ҰРПАҒЫН ӘЛДИЛЕГЕН

МЕН ӘЖЕМІН ҰРПАҒЫН ӘЛДИЛЕГЕН

13 ноябрь 2023, Понедельник
102
0
Көңілдері кең, жүректері мейірімді, кеуделері қазына, сөздері қасиетті әжелер ізгілік атаулының ұйтқысы да құт берекенің бастауы. Осыған орай, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен Жамбыл облысы бойынша коммерциялық емес заңды тұлғалар бірлестігі ассосациясының ұйымдастыруымен, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің тікелей ұйтқы болуымен «Мен әжемін ұрпағын әлдилеген» атты дәстүрлі байқау өткізілді.

Ұрпақтар сабақтастығы арқылы ғасырдан-ғасырға жетіп отырған отбасылық тәрбиеде әжелердің орны ерен.
Байқауға қатысушы әжелер сахна төріне шақырылып, көпшілікке таныстырылған соң, сайыстың 5 кезеңнен тұратындығы хабарланды.
 «Асыл әжем, ақ әжем, ақ жаулықты дана әжем», «Әжеммен өмір ажарлы» (Әже немересімен өнер көрсетеді), «Ата мұра – асыл қазына» (Әжелер өздері жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетеді.), «Әженің ақыл қоржыны» (Қазақтың ұлттық салт - дәстүрлері), «Сыр-сандық» (Халықтың салт - дәстүрлері, мақал - мәтелдері бойынша заманауй сұрақтарға жауап береді) деген атаулармен бес кезеңнен тұратындығы жиналған көпшілікке жеткізілді.
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов рухы биік, өзінің шығармашылық мүмкіндігі мол, бүгінгі қазақтың болмысы, салт – дәстүрі, қол өнері бойынша сайысқа түскелі отырған әжелерге сәттілік тіледі.
Бұл байқаудың бір ерекшелігі – қатысқан 5 әженің барлығы да шәкірттердің бойына білім нұрын төгіп, әдепті тәрбие беріп, ақыл-кеңестерін айтып жүрген қадірменді жандар болып шықты.
Қазақы дәстүрлерді бойына сіңірген апа-әжелеріміздің алтын қолдарынан келмейтін ісі жоқ екен. Әжелер тек қана ән мен жырдан ғана емес, қол өнерімен де бірінен бірі асып түсіп, көздің жауын алған кестелі орамал, құрақ көрпелер, зермен көмкерілген мамық көпшіктері, тоқыма киім-кешектері, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер жайлы пікірлерімен, осындай қанық бағдарламамен көрермендерді тәнті етті.
Сондықтан да педагогика ғылым-дарының докторы, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы аналар алқасының төрайымы Жанат Сарыбекова бастаған әділ қазылар алқасы жеке - жеке орындарды белгілемей, қатысу-шылардың әрқайсысының көрсеткен өнерлеріне сәйкес лайықты атақтарды беруді жөн деп шешті.
Атап айтқанда, Несібелі Ералиеваға көрермен көзайымына айналған «Сүйкімді әже», Рахия Досжановаға сыны кетпеген, өнеге алатын «Инабатты әже», Айткүл Аңламасоваға бесік жырын төгетін «Өнерлі әже», Патшай Утегуловаға үйретуден жалықпаған «Парасатты әже», Құнар Черкееваға мейірімін төккен «Мейірімді әже» деген атақтар берілді.

Тартымды да тартысты өткен әжелер байқауын қорытындылаған Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова сайысқа қатысқан аяулы әжелердің әрқашанда ұрпақтарын рухани қазынаға кенелтіп, жүздерінен шуақ шашып жүре берулеріне тілектестігін білдіріп, барлығын арнайы дипломмен марапаттап, қалы кілем тарту етті.
Асыл да ардақты әжелеріміздің осындай үлкен іс-шараға белсене қатысып жатқанына сүйсіне қарайсың. Қаншама ұлағатты сөздер айтылып, өнердің сан - қилы түрлері көрсетілді. Сондықтан да жас ұрпаққа, тек құлақ түріп тыңдау, көз алмай таңданып қарау ғана қалады.
Кез - келген қоғамның байлығы – ардагерлер. «Ақылы – азық»  сүйкімді әжелеріміз әрқашанда көңілі жас, денсаулықтары мықты бола берсін.

Алдаберді МАҚАШЕВ, 
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

МЫНА ӘЛЕМ ӘЖЕЛЕРМЕН ӘДЕМІ ЕКЕН
29 сентябрь 2022, Четверг
МЫНА ӘЛЕМ ӘЖЕЛЕРМЕН ӘДЕМІ ЕКЕН
ӘЖЕМ - АЛТЫН ҚАЗЫНАМ
11 октябрь 2023, Среда
ӘЖЕМ - АЛТЫН ҚАЗЫНАМ
ҚАЙРАН ЕРЛЕР, ҚАҺАРМАН АРДАГЕРЛЕР!
28 сентябрь 2023, Четверг
ҚАЙРАН ЕРЛЕР, ҚАҺАРМАН АРДАГЕРЛЕР!
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры