Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ҚАЙРАН ЕРЛЕР, ҚАҺАРМАН АРДАГЕРЛЕР!

ҚАЙРАН ЕРЛЕР, ҚАҺАРМАН АРДАГЕРЛЕР!

28 сентябрь 2023, Четверг
83
0
Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің іс –шаралар жоспарына сәйкес Жамбыл облысы бойынша коммерциялық емес заңды тұлғалар бірлестігі Ассосациясының (төрайымы Айнұр Зәуірбекова) ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы, тыл және еңбек ардагерлері мен жастардың қатысуымен «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты қалалық өнер фестиваль өте әсерлі болып өтті.
Алғашқы сөзді алған Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев өмірде көп нәрсені көрген, көкірегіне көп нәрсені түйген қадірменді ардагерлер қоғамның баға жетпес қазынасы екендігін айта келіп, бүгінгі іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Өнер фестивалында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәулет Дәуір Рысбайұлы құттықтау сөзінде:
– «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Отбасының тірегі әрі ұйытқысы, немерелерінің қорғанышы, балаларының ақылшысы, асқар тауы да, әрине, Сіздерсіздер. Ғұмырларыңыздың ең қызықты да жалындаған жастық шақтарыңызды еліміздің өркендеуіне, келер ұрпақтың игілігіне арнадыңыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз – бүгінгі жас ұрпаққа қайталанбас үлгі, – деп атап өтті.
Айтулы бас  қосуға шақырылған Ұлы Отан соғысы, тыл және еңбек ардагерлеріне арнайы сый-сияпаттар жасалынды.
Фестиваль «Әулиеата» ардагерлер ансамблінің, «Асыл аналар» әжелер ансамблінің, «Калинка» және «Маричка» ансамбльдерінің концертімен жалғасып, отан, туған жер туралы патриоттық әндер шырқалды, шараның қорытындысында даңқты композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін фестивальға жиналған көпшілік бірге айтты.
"Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер" өнер фестивалін қорытындылаған Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова:
– Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымызбен мақтана білген.Қазақстанның өсіп-өркендеуі, еліміздің бейбіт өмір кешуі осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп білеміз.Біздің қарияларымыз қандай сый құрметке болса да лайық жандар, -дей келе, фестивальда ардагерлерден құралған, өнердің өрнегін таныта білген төрт ансамбль мүшелерін құрметтеп, барлығына сый-сияпат жасады.
Өнер фестивалі жиналған ардагерлерге көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. Осы арада олардың жастық шақтарының әндері орындалды. Жиынға қатысқан ардагерлер өздеріне деген қоғамның үлкен құрметін, ізгі ілтипатын сезінгендей әсермен қайтты. Бойларына рухани күш жинаған олар ұйымдастырушыларға өздерінің үлкендік ризашылықтарын білдіріп жатты.

Алдаберді МАҚАШЕВ, 
Тараз қалалық ардагерлер
кеңесінің мүшесі.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
спорт
29 апрель 2022, Пятница
спорт
БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
14 июль 2023, Пятница
БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры