Билік бетін бұрмай жұмыс жанданбайды
Бүгінде, шыны керек баспасөзге жазылу қиындап тұр. Айтатын сылтауымыз – ақпарат-жаңалықтарды емес, ел интернеттен қарап, әлеуметтік желілерден оқып отыр.
Билік мемлекеттік ақпараттық саясатты қолдаудай қолдап-ақ жатыр, жыл сайын газеттерді шығаруға қыруар қаржы бөлінеді. Бірақ, таралым мардымсыз. Биліктің таралым мәселесінен іргесін аулақ салғанына көп болды. Айтатындары – мәжбүрлеп жаздыруға болмайды.
Былай қарап отырсаң сол газеттеріңнің айтатыны, жазатыны – мемлекеттің өсіп-өркендеуі, адамдардың жасампаз тіршілігі, биліктің күнделікті атқарып отырған жұмыстары. Олай болса билік бұл маңызды жұмыстан неге шет қалуы керек. Бұл – енді ұлкен сұрақ.
Өткен аптаның басында Сарысу ауданы әкімдігінің аппарат жиналысында ауданда 2026 жылдың екінші жартыжылдығына баспасөзге жазылу мәселесі қаралып, талқыға түсіпті, әлеуметтік желіден оқыдым. Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен өткен жиналыста баспасөздің маңызы туралы, оны әрбір мемлекеттік қызметкер, бюджеттік сала мамандары, өндіріс орындарының жұмысшылары оқуы керек деген түйін айтылса керек.
Бұл арада мәжбірлеу жоқ, тек мемлекеттік саясатты елге жеткізіп отырған баспасөздің маңызы туралы айтылған. Осы аппараттық кеңестен сәл бұрын аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков мекемелер мен кәсіпорын басшыларының басын қосып, баспасөзге жазылу мәселесін сөз қылғанын да әлеуметтік желіден оқып біліп едік.
Мен – өмірімнің саналы кезеңінде мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп, бүгінде сол еңбегімнің жемісін көріп жүрген ардагермін. Қолымнан қаламым күні бүгінге дейін түскен емес. Облыстық «Aq Jol», «AR-AI», «Ғұмыр-Дария», Сарысу аудандық «Sarysu» газеттерінің тұрақты авторымын, белсенді ардагермін, қалалық ардагерлер кеңесі тұрақты комиссиясының төрағасымын.
Баспасөзге жазылу науқаны кезінде өзіміздің ардагерлер басылымы – «Ғұмыр-Дария» газетін насихаттап, мекемелерде, оқу орындарында боламыз. Әрине «Қазпошта» қызметіне оқырмандардың өкпелері қара қазандай, бірақ бұл басқа мәселе.
Біздің басқа аудандардағы билік басындағылар сарысулық әріптестерінің бастамасын неге қолдамайды. Өздерінде өтіп жататын пайдалы-пайдасыз жиын-басқосуларда неге баспасөзге жазылу мәселесін көтермеске. Басшы мен қосшы, халық бетпе-бет отырып әңгімелессе, пікір алмасса көп жұмыс шешімін табатын еді.
Біздің қазір басшылардан еститініміз «мәжбүрлеуге болмайды» деген бір ауыз сөз. Ал ұғындыруға, түсіндіруге, баспасөзді насихаттауға ешкім Заңмен тиым салған жоқ қой. Осыны біз түсінуіміз керек. Барлық мәселе басшының ниетінде, жаңашылдығында, білік-білімінде.
Менің айтайын дегенім, Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөзге деген жанашырлық көзқарасын Тараз қаласы мен аудандардың жергілікті билігі өздерінде қолданса деймін. Бұл орайда облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы үйлестірушілік рөл атқарса құба-құп болар еді.
Алдаберді МАҚАШЕВ,
мемлекеттік
қызметтің ардагері,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)