Кәсіпке қадам басқан кез...
...Қызылқұм шөлімен араласып жатқан осы таулы өлке мал шаруашылығына өте ыңғайлы. 200-дей өсімдік түрлері өседі. Қақаған қыста малға пана болар ықтасыны – қазан шұңқырлары, ойпаңдары мен терең сайлары баршылық. Сондықтан болар тұяқсыз қалатындай жұт болмаған аймақ. Ал Тауелібайдан әрі Сырдарияның төменгі ағысындағы аймақта (Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында, тіпті сонау Ұлытауға дейін) бірде-бір тау жоқ. Шөл мен шөлейт. Сондықтан ба, сол өлкелерде қыс қатты болған жылдары жұт болып, тігерге тұяқ қалмаған оқиғалар бірнеше рет қайталанғаны тарихтан белгілі. Жұтқа ұшыраған жылдары сол өлкелердің адамдары бүгінгі Тауелібайда отырған елден көмек сұрап келеді екен. Мал-жаны аман, шалқып-тасып отырған қалың қазақ қолда барын ағайыннан аясын ба, алдарына қырық-елулеп мал салып жіберетін болған. Ал қуанып қайтқан ағайын еліне жетіп:"Тау ішінде отырған ағайын-туыс бай екен, таудың елі бай екен",-деп мадақтап жүретін көрінеді. Сөйтіп, біздің елді алыстағы ағайын "Тауелібай"(«Тау», «ел», «бай» деген үш сөзден құралған) деп атап кеткен.
Аты шетте демесеңіз, Өзбекстанда тұратын қазақтар дерлік өз ана тілдерінде білім алады. Мен өскен Науай облысындағы мұғалімдер дайындайтын институтта бес бірдей қазақ факультеті әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Шалғай қойшы ауылда өскен мен оқытушы болу мақсатымен сол институттың "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқыдым. Институтта сабақ беретін ұстазымыз, бүгінде Қазақстандағы танымал ақындардың бірі Саттаров Қонақбай ағай – ізденімпаз, барынша өнерді дәріптеп жүретін кісі еді. Сол ағайымыздың ықпалымен 1998 жылы институт бітіре сала Науай облыстық телерадиокомпаниясының қазақ радиосына тілші болып орналастым. Ол кезде ұстазым сол редакцияда редактор болып жұмыс істейтін. Кейінірек, облыстық телевидение жанынан «Бәйтерек» атты қазақ тілді арна ашып, сонда жұмыс істеді. Бұрынғы кеңес өкіметі ыдырап, құрамындағы елдер өз тәуелсіздігін алған кезеңде, дерлік барлық елде атажұртқа көшу үдерісі басталды.Ұмытпасам, 2000-жылы ұстазымыз – Қонақбай Саттаров та Қазақстанға көш басын түзеді. Сонымен 15 минут болса да қазақ тілінде эфир таратып отырған «Бәйтерек» бағдарламасы жабылып қалды. Мен қазақ радиосында Нәби Әбдірейімов деген ардагер журналист екеуміз жұмыс істейміз. Облысқа қарасты Тамды, Үшқұдық, Кенимех, Нұрата аудандары мен Зарафшан қаласында тұратын 120 мыңнан астам қазақ бар. Барлығының қалауы – облысқа радиодан бөлек қазақ тілді телеарна ашу болды. Содан сол аудандарда тұрып жатқан ардагерлерге қозғау салып, қазақ тілінде хабар тарататын телеарна ашу керектігі бойынша облыс басшысына ұсыныс хат жазуды ұйымдастырдық. Оған сол аудандардағы басшылық қызметте жүрген ағалар да қолдау көрсетті. Сонымен 2005 жылдың мамыр айында Науайы облыстық телерадиокомпаниясы жанынан «Алтын аймақ» атты арна қазақ тілінде хабар таратуды бастады. Оның аға редакторы болып мен тағайындалдым. Арнаның «Алтын аймақ» деп аталуының себебі Тауелібай өлкесі – қазақи салт-дәстүр мен әдеби тілді саф таза күйінде сақтап отырған ел. Батыр Баукеңнің Қызылқұмды аралаған бір сапарында «Мен нағыз қазақты Тамдыда көрдім» дегені, атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың Мыңбұлақ ауылында бұрымы тобығына төгілген арудың бұлақтан су алып келе жатқанына тамсанғанынан туған «Тамды аруы» әні бұған бұлтартпас дәлел.
Осылайша қызығы мен қиындығы қатар жүретін журналистиканың қауырт қызметіне араласып кеттім. Ол кезде облыстық телерадиокомпанияда қызметтік көлік бірен-саран. Журналистердің барлығы дерлік маршруттық көлікпен жүреді. Ал мен хабар дайындайтын қазақтар қоныстанған ауылдардың облыс орталығына ең жақыны 100 шақырым, шалғайы 600 шақырымға жуықтайды. Бір сапарымыз 2-3 күнге созылады. Сол кезде өзінің тәуелсіздігін жариялаған көршілес Өзбекстан елінде жүріп сол жердің қазақ ағайындарына арнап телеарна ашқанымды бүгінде мақтан тұтамын.
«Алтын аймақ» бағдарламасы әр жетінің жексенбісі күні түнде бір сағаттық уақытпен шығып тұратын. Бағдарлама соңында облыс тұрғындарының құттықтау хаттары оқылып, арнау әндер беріледі. Ол кезде жазу техникалары ескі, хабар магнитті таспаға жазылады. Уақытты үнемдеу үшін әнді төмендетіп бастаймыз да, сол әннің ырғағымен құттықтаулар оқылып, ары қалай әуен жалғасып кетеді. Облыстағы бірден-бір қазақ тілді бағдарлама болған соң, ел эфир уақытын тағатсыздана күтіп, құттықтау хаттар көп келетін.
Журналистік өмірде әртүрлі оқиғалар болып жатады. Қызмет бабымен жүргесін туған ауылға сирек барамыз, ауылдағы үлкендер ұмытыла бастады. Бір күні өз ауылымда тұратын Жәдігер есімді ақсақалдан құттықтау хат келген. Ол кісі егде жаста болғандықтан, қайтыс болып кеткен деген оймен эфирде «Аюбаев Жәдігер ақсақалды еске аламыз» деп оқып жібергенмін ғой. Сол кездегі ауылдың кеңпейілді адамдары-ай! Баласы ертеңіне хабарласып, «келесі эфирде түзетіп, құттықтау оқып жібер» деді де қойды. Әйтпесе, ол үлкен қателік еді.
Осылайша атажұрттан шалғайда 15 жыл журналистика саласында еңбек етіп, 2012 жылы Тараз қаласына қоныстандым. Осында біраз журналистерді өзіме аға, ұстаз тұттым, қатар әріптес санадым. Тараз мені жатсынған жоқ, бауырына тартты. Осында ардагерлерге арналып шығып жатқан "Ғұмыр-Дария" газетіне тілші болып жұмысқа тұрдым. Біраз жыл аймақтың ақылман ақсақалдарының ортасында еңбек еттім. Үлкендердің өнегесін көрдім, батасын алдым. Ардагерлер газеті мазмұны, безендірілуі жағынан болсын оқырмандарын өзіне тартып тұратын басылым екен. Ең бастысы "Ғұмыр-Дария" арқылы елге танылдым, бұл газет менің атажұртымдағы бұдан былайғы еңбек жолыма даңғыл жол ашып берді. Осы газеттен әлі күнге дейін қол үзген жоқпын, жанашырлығым болсын деп газет жұмысына қолым босағанда көмектесіп тұрамын. Мұндағы мақсатым – өзім сүйетін журналистикадан қол үзіп кетпеу, журналистік ортада жүру, осы бір әдемі кәсіптің маңайынан алыстамау.
Жалпы көрген-білгеніңді оқырман-ға жеткізе білудің өзі мерейіңді өсіреді. Осы бір ерекше мамандық иесі екенімді мақтаныш етемін. Орайлы тұста барлық баспасөз құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен шынайы құттықтаймын! Осы сәтті пайдалана отырып журналист әріптертеріме шын жүректен шыққан мына бір жыр жолдарын арнасам ба деп едім.
Журналистер –
қызық жандар, біртүрлі!
Оқшау ойды қаламында тұндырып,
Сара сөзін ақ қағазға сіңдіріп,
Жүретұғын журналистер негізі-
Ерек жандар, қанында бар «жындылық».
Аққа түскен көрсе қара күйені,
Ең алдымен оның жаны күйеді.
Еті, қаны, жүрегі елдің еншісі,
Өзінікі – тек қаусаған сүйегі.
Отты сөзге сусағанда Отаны,
Оған оғаш бастың қамы, атағы.
Бір момынның кәдесіне жарайды,
Кей сараңға жасаған бір «шатағы».
Көңілденсе, сермеп қойып қаламын,
Жазираға айналдырар алабын.
Буырқанса, сөз семсерін төндіріп,
Үстіне астын келтіреді даланың.
Сапарлардан артпаса да айлығы,
Тайдырмайды солақай жол «шайлығы».
Туындысы тумасындай толқытар,
Оқырманның бір алғысы – байлығы.
Ол алдына бір мақсатты қойса нық,
Кедергілер жолдан қашар, тайсалып.
Тойындырып жүрмесе де қаламы,
Қалың елге қояр жиі ой салып.
Кейде бұлтқа тұмшалатып кіл күнді,
Кейде еріксіз келтіреді күлкіңді.
Бір жеңешем дәл теңеуін тапқандай: –
«Журналистер – қызық жандар, біртүрлі!»
Маркс Дүзелбай,
журналист,
мәдениет қызметкері
Тараз қаласы

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)