Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА РИЗАШЫЛЫҒЫМЫЗ ШЕКСІЗ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА РИЗАШЫЛЫҒЫМЫЗ ШЕКСІЗ

15 июль 2024, Понедельник
109
2
Біздің ата – бабаларымыз өткен ғасырдың 30 – шы жылдарының аяғында Әзірбайжаннан сол кездегі Кеңес өкіметінің сұрқия саясатының нәтижесінде Орта Азияға, оның ішінде Қазақстанға күштеп жер аударылды. Әкем Ибрагим: 
– Бізді мал сияқты темір вагондарға тиеп, қыстың қақаған аязында қазақ жеріне әкеліп еді. Жолай азапқа шыдай алмай көптеген бауырларымыз аштан қырылды. Қазақ деген елді бұрын естігеніміз болмаса көрген жоқ едік. Ең әуелі бізді Ойық ауылына әкелді. Ол жерді жерсінбей адамдарымыз дүниеден өте берген соң сол ауылдың ақсақалдары Алматыға, Қазақстан үкіметіне барып «Таулы аймаққа көшіріңіздер» – деп өтініпті. Олардың өтініштері орындалып, 1938 жылы Қаратаудағы Қасқабұлақ өзенінің бойында қоныстанып едік, – деп айтып отыратын. 
Кейін білдік қой, қазақтар үкіметтен қорқып, өздерінің де ашаршылықты бастарынан кешіріп, қырғынға ұшырағанын айтпайтын. Сондай сұмдықты көрсе де мойымай, жасымай, бойларын тік ұстап, мейірімділіктерінен ажырамапты. Өздері жарымай жүріп, ауызындағыларын біздерге жырып береді екен. Аз уақыт ішінде «Қасқабұлақ» колхозы миллионер ұжымға айналыпты. Кейіннен қазақ ағайындармен араласып, туыстай болып кеттік. 
Мен өзім 1952 жылы Қасқабұлақ ауылында дүниеге келдім. Осында орта мектепте бітірдім. Кеңес әскері қатарында болып, одан оралған соң Қаратау қаласында ұзақ жыл еңбек еттім. Көлік жүргізушісі, механик, учаске бастығы қызметтерін атқардым. Еңбегім еленіп, 1990 – 1998 жылдары қаладағы автокөлік мекемесінің бастығы қызметін атқардым. 2008 – 2010 жылдары Қасқабұлақ ауылдық округінде әкім лауазымын атқарып, кейін отбасы жағдайына байланысты қалаға қайта көшіп келдім. Сөйтіп құрметті зейнетке шықтым, бүгіндері жасым 72-де. Көршілерім қазақтар, барлығымен сыйласамын. Біреуі «сен күрдісің» деп кеудемнен итерген емес. 
Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан – біздің Отанымызға айналды. Осынау ынтымағы жарасқан, мейірбанды, ақылды халқы бар Қазақстанның азаматы болғанымды мақтан етемін. Елімізде бейбітшілік салтанат құра берсін деп тілеймін. 
Мұса МҰСАЕВ,
Қаратау қалалық билер кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
"Отбасындағы әкенің рөлі" 26 декабрь 2024, Четверг
« Ең үздік төрайымы» 26 декабрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (2)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
dianalas151
dianalas151 Посетители 19 июля 2024 08:04
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
dianalas151
dianalas151 Посетители 23 июля 2024 14:18
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
Сотрудники
Партнеры