Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ЖАСТАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУ ПАРЫЗЫМЫЗ

ЖАСТАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУ ПАРЫЗЫМЫЗ

28 сентябрь 2023, Четверг
119
1
Қоғамда талай істер оң шешіліп жатқанымен,  ауылдың қарт анасы ретінде көңілімізде жүрген мәселелер бар. Мәселен, көпбалалы аналарға жасалып жатқан қолдаулар әлі де жеткілікті емес. Кәсіп ашамын, жұмыс істеймін деген көпбалалы аналарға жеңілдікпен несие берілмейді. Алдымен, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған аналардың жағдайы ескерілсе. Солардың есейген перзенттерін жұмысқа орналастыруға көмек болса. 
Бұл жерде, әрине, масылдық ой болмауы керек. Ал, өзім 9 ұл - қыз тәрбиелеп өсірген ардақты аналардың бірімін. Жолдасым Медетбай екеуміз 7 келін түсіріп, 2 қыз ұзаттық. Мен өз басымнан үлгі айтатын болсам, 9 перзентім бар деп қарап отырмадым. Дүкен ашып, алға қарай ұмтылдық. Жақсы ой ойладық. Асхана аштым. Әйтеуір, барлық мүмкіндіктерді пайдалансақ деген оймен жүрдік. Бір жағы өзімнің ұлдарым мен қыздарымды еңбекке баулыдым. Қазір олар өмірден өз орындарын тауып жатыр. Жақсы азамат, үлгілі келіндердің арасында менің де ұл -қыздарым бар. Соларға берген тәрбиемізді қоғамның жақсаруына қосқан үлесіміз деп есептейміз.  
Жас ата-аналарға, жас отбасыларға көмек берілгенін қалаймын.  Оған бола мені ешкім кінәламас деп ойлаймын. Қазақта  «Аш адамға балық берме, қармақ бер» деген нақыл бар. Ол жас азаматтарды еңбекке баулу жағынан айтылған нақыл деп білемін. Соны естен шығармағанымыз жөн. Ал, өзім де ұлдарымыз бен қыздарыма, немерелеріме адалдық, іскерлік, жақсы іс жөнінде үнемі ақыл айтып отырамын. Оның нәтижесі бар. 
Сөз соңында айтарым, біз, қарттар – жастар алдында жауаптымыз. Өмірден алған тәжірибемізді жастарға үлгі ретінде дарытуға тиіспіз. Жастар бізге қарап бой түзейді, бізден үйренеді. Оларға үйретеріміз, айтарымыз аз болмауы тиіс. Менің замандастарым осы міндетті естен шығармаса екен деймін. 

Сания САДЫҚОВА,
еңбек ардагері.

Байзақ ауданы.
Обсудить

Похожие материалы:

АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АСЫЛ ЖАНДАР
14 июль 2023, Пятница
АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АСЫЛ ЖАНДАР
АТАДАН – АҚЫЛ, АНАДАН – МЕЙІРІМ
10 ноябрь 2022, Четверг
АТАДАН – АҚЫЛ, АНАДАН – МЕЙІРІМ
Елге ел қосылса құт
30 май 2022, Понедельник
Елге ел қосылса құт
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Genesis
Genesis Гости 25 октября 2024 05:07
Fake Shoes mk175 replica shoes,replica shoes ot357
Сотрудники
Партнеры