Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » АУЫЛ ЖАСТАРЫН КӘСІПКЕ КІМ БАУЛИДЫ?

АУЫЛ ЖАСТАРЫН КӘСІПКЕ КІМ БАУЛИДЫ?

08 август 2023, Вторник
129
0
Құдайға шүкір, қазір халықтың әл–ауқаты жаман емес, тұрмыс – тіршілігі жыл өткен сайын түзеліп келеді. Жасыратыны жақ, қазір ауылда әр үйдің ауласынан күніне жекеменшік көліктер кіріп - шығып жатады. Киімді таңдап киетін болдық, тамақтың, тағамның түр - түрі дастарханымыздан үзілмейтін болды.
Солайы солай. Десек те, ауылдық жерде жұмыссыз жастар баршылық. Көше бермей сенделіп жүрген сол жастарды тұрақтандырып, кәсіби маман етіп даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселесі, деп ойлаймын.
Жастарға жұмыс тауып беріп, ауылда тұрақтандырсақ деген ой көкейден ктпейді. Жастардың көпшілігі жұмыс іздеп қаланың көшелерін жағалайды. Ауылда қалғаны да жетерлік. Енді, соларға қандай жұмыс тауып беру керек? Бұл үлкен әлеуметтік һәм экономикалық мәселе. 
Ең бастысы ауылды жерде кәсіптік бағдар беруге назар аударғанымыз жөн! Заманның талабына сай 12 жылдық білім беруге көшсек, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытсақ, біраз мәселенің шешімі табылып қалар еді. Бір сөзбен айтқанда, ауыл жастарын кәсіпке баулуды қолға алуымыз керек. Кәсібі жоқ адам – мүгедек адам. Кәмелетке толғаннан кейін ер - азамат қарап жүрмеуі керек.
Ал, енді, ауылда осы мәселелерге ұйытқы болатын, ұйымдастыратын кім? Әрине, ол ауыл әкімі. Мен бұл арада басшыны мақтайын деп отырған жоқпын. Жүрген жерінде облыс әкімі Нұрлан Молдиярұлы Нұржігітов «әрбір ауылдың әкімі күнде бір отбасында болып олардың бір мәселесін шешіп отыруы керек» деп айтып жүр. Осы жағы бізде жеткіліксіз. Қазір жер–жерде шаруасын “дөңгеленіп”, едәуір нәтижелерге қолдары жетіп жүрген, шағын және орта кәсіпкерлікпен табысты айналысып жүрген жас жігіттер мен қыздар баршылық.
Енді негізгі әңгімеге көшейін. Ауылды жерден қандай кәсіпті ашуға болады? Негізінен біздің ауданымыз қуаңшылық, шөлейтті жерде орналасқандықтан, біріншіден мал шаруашылығына байланысты кәсіптерді қолға алуға болады. Мәселен, шұжық цехын ашуға болады ма? Болады.
Елдің әл - ауқатының жақсаруына байланысты қазір құрылыс материалдарына сұраныс аз емес. Сол себепті, екіншіден, күйдірілген кірпіш пен селикат кірпіш шығаратын цехтар салса, артықтық етпес еді. Тері өңдеу және одан тон тігетін цехтар, қызыл тас карьерлерін қолға алу қажет деп ойлаймын. Жем шығару, май шығару жағын да ойластырған жөн. Сары май, құрт, бринза жасауға болады ма? Әбден болады. Киіз үйге қажетті ағаш егіп, олардан киіз үйдің уық, керегесін, шаңырағын жасайтын жастар да ауылдан табылады Баяғы әйелдердің киіз басу дәстүрін қайта жандандырсақ, кәнекей! Қамыс орып, пашын жасап, құрылысқа қажетті материалдар өндірісін жолға қойса, ауыл тұрғындарының табысы еселеніп өзіне де, елге де жақсы болар еді.
Әйтеуір, ауыл жастарына тынымсыз әрекет керек...


Пана РАХМАНБЕРДІҰЛЫ
Ойық ауылдық округі
ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Талас ауданы.
Обсудить

Похожие материалы:

Облыс ардагерлер ұйымдарында
29 апрель 2022, Пятница
Облыс ардагерлер ұйымдарында
Билік және бастауыш ұйым
30 май 2022, Понедельник
Билік және бастауыш ұйым
ТҮЛЕКТЕР АУЫЛДЫ ТҮЛЕТУДЕ
08 июнь 2023, Четверг
ТҮЛЕКТЕР АУЫЛДЫ ТҮЛЕТУДЕ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры