ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ
Мен – Қарасай ауылының тұрғынымын. Қазіргі таңда зейнеттегі ардагермін. Өмірімнің 40 жылдан астамында жүргізуші бодым. Талай рет қыстың ызғарлы боранында жолда қалдық. Ми қайнатқан шілдедегі қиындықтарға да төздік. Менің айтайын дегенім ол емес.
Қазіргі таңда тақтайдай жолда апатты жағдайлар көп орын алуда. Жол апатынан өрімдей жап - жас азаматтар өмірден мезгілсіз өтіп жатады. Жол апаты адамдарды жұтатын үлкен қасірет апаны болып тұр. Бұған себеп - қазіргі таңда жастардың көбісінің жол ережесін жақсы білмеуі, жылдамдықты асыра көлік жүргізуі.
Айналайын жастар, жететін жеріңе 15 минут кешігіп жетерсің. Бірақ, көлікті ақырын айдаған дұрыс. Қазіргі көліктердің көпшілігі ескірген. Ескі көліктің ақауы қай жерден шыға келетінін білмейсің. Үлкен жылдамдықпен жүйіткіп келе жатқанда бір ақау шықса, өте қауіпті. Сондықтан, өте сенімді кезде болмаса, көлікті ақырын жүргізген дұрыс. Мен тәжірибелі жүргізуші ретінде жастарға осындай кеңес берер едім.
Жақында бір жағдайды естіп тағы да қамығып қалдым. Көрші ауылдардың бірінде бір жас жігіт өзінің көңілі жарасып жүрген адамына (болашақ жарына) көліктің тізгінін береді. Анау қыз бұрын машина айдап қалыптаспаған ғой. Көлікті орнынан қозғаған бойда қарсы келе жатқан «КамАЗ» көлігіне соқтыққан. «КамАЗ» жоғары жылдамдықпен келе жатса керек. Жеңіл көліктегі екі кісі де, «КамАЗдың» жүргізушісі де оқиға орнында қаза болады. Міне, бір қыз баланың еркелігі қаншалықты қасіретке ұрындырып отыр.
Көлік апатының содан кейінгі жауы түнде ұйқының қысуы. Ұйқы келіп жатса, айналайын жастар, көлікті жолдың шетіне тоқтатып, 30 минут көз шырымын алып алыңыздар. Кәдімгідей сергіп қаласыздар. Қазір такси бағасы қымбат. Ақшаға қызығып Астанадан Таразға түн ішінде жүретін такси жүргізушілері бар. Тіпті, олар ұйқылары шала болса да жолға шыға береді екен. Ондай тәуекелге баруға болмайды.
Сөз соңында айтарым, көлік тізгіндеген азаматтардың абай болғанын қалар едім. Сонда жол апаты да азаяды.

Сарыбай ҚАЛИЕВ,
еңбек ардагері.
Қордай ауданы
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)