Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ҚАРАҚҰЙРЫҚТЫҢ КИЕСІ

ҚАРАҚҰЙРЫҚТЫҢ КИЕСІ

27 октябрь 2022, Четверг
158
1
Ілгеріде аталарымыз жан-жануарлар мен аң-құстардың арасында  киелісі болатынын, аң аулауға шыққанда сақтық ретінде арнайы дұға оқып немесе білетіндерге оқытып шығудың қажет екенін айтып отырушы еді. "Аң мен құсты атар кезде, мал бауыздағанда аузыңа Алланы алу керек", – деп отыратын үлкендер жағы.
Сапарбек аға  Жамбыл ауданы «Пионер» қой совхозында (қазіргі «Ащыбұлақ» ауылы) ұзақ жыл аға шопан болды. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және медальдармен марапатталған. Ел мінбеген сол заманның тұлпары «Москвич» көлігін де мінді. Шопандардың алды болды.
Бірақ, неге  екені белгісіз бір күні «не дейсің, Сапарбек елден жылу жинап жүр. Совхозға мал қарыз болып, таяғын ұстап қалыпты» деген сөз ауылда желдей есті. Рас екен. Біз ол кезде ауылдың айналасының шөбін шауып, маялап бітіріп, Мойынқұмдағы қыстауларға тасымалдап жатқан едік. Механизаторлар бригадасы совхоздың Мойынқұмдағы өзіне тиесілі жайылымдық жерінің орталығы саналатын «Ақби» деген жерде жатып жұмыс істейтін. 
Асханасы, газет-жорнал, кітап жинақталған «Қызыл бұрышы» бар, жанармай бекеті орналасқан сол жерге Сапарбек қарауыл болып қалыпты. Өзінің айтуынша кенеттен кедей болып қалған. Бірде дастархандас болып отырып, шәй үстінде осы жағдайға қалай тап болғаны туралы әңгімелеп беруін сұрадым.
— Өмірін жаз жайлауда, қыс қыстауда өткізетін малшылардың аңшылықты да ермек етіп, қызық көрмейтіндері кемде-кем, – деп бастады әңгімесін Сапарбек малшы. — Мен де аңшылыққа құмар  жандардың бірі едім. Бір күні дүрбі салып тұрып, «Қосқабат» аталатын құмжалдың етегінен бірі еркек, бірі ұрғашы екі қарақұйрықты көзім шалды. Оптикалық көздегіші бар карабинмен текесін атып түсірдім. Неге екенін қайдам ұрғашысы қашып кетудің орнына сол жерден кетпей тұрып алды. Оны да қарауылға алып шүріппені бастым. Ол да құлады. Астымдағы су жаңа «Урал» маркалы мотоцикліммен жедел жетіп барып қарасам, ұрғашысы лақтап, туып тұр екен. 
Осы көріністен өзімді қоярға жер таппай қатты қапаландым. Амал не, болар іс болды. Сасқанымнан енесінің әлі денесі жылы болған соң лағын емізіп, уыздандырдым. Сөйтіп, лақты үйде асырамақшы болдым. Ол бәрібір қолға үйрене алмай, өліп қалды. Содан көп ұзамай-ақ менің малымның біразын қасқыр қырып, енді біразын ұрылар үптеп кетті. Қалғаны ауырып өлді. "Не болса да отбасы мүшелерімнен аулақ, малға көрінсін!" деп тіледім Құдайдан. Осылайша аз ғана уақыт аралығында совхозға мал қарыз болып, тақырға отырғандай болдым. Ауылдастарыма алғысым шексіз. Осындай халге түскен маған және отбасыма жанашырлық танытып, жылуға мал жинап беріп, қарызымнан құтқарды. Ал, шаруашылық басшысы Мойынқұмдағы осы «Ақби»  штабына қарауыл етіп қойды. Менің  түсінгенім – әрбір аң мен құс түрлерінің ішінде киелілері болады екен. Киесінің назасы да өте ауыр болатынын өз басымнан кешірдім, – деп әңгімесін аяқтады Сапарбек.

Тұрмаханбет ҚАЗАҚБАЙ,
журналист.
 Тараз қаласы. 
Обсудить

Похожие материалы:

ТАҒЫЛЫМ
01 февраль 2022, Вторник
ТАҒЫЛЫМ
Білгенге-маржан
29 июль 2020, Среда
Білгенге-маржан
Дала академигі
01 июль 2022, Пятница
Дала академигі
Ер есімі - ел есінде
08 апрель 2020, Среда
Ер есімі - ел есінде
Ұлттық салт
29 июль 2020, Среда
Ұлттық салт
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Arlette
Arlette Гости 26 сентября 2024 11:02
Replica Sneaker pi503 Replica Sneakers for women,Reps Shoes rv669
Сотрудники
Партнеры