Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Кеңес беріп, ем-дом жасады

Кеңес беріп, ем-дом жасады

02 январь 2025, Четверг
36
0
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ардагерлер орталығы» ғимаратында тұмау және жедел респираторлық аурулардың алдын алу мақсатында "дөңгелек үстел" отырысы өтті. Облыстық  және Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысқан келелі бас қосуды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев  кіріспе сөзбен ашты. Тараз қалалық ардагерлер кеңесі денсаулық сақтау саласы бойынша тұрақты комиссиясының төрайымы  Жұмагүл  Абылғазина өз кезегінде елімізде жедел респираторлық аурулардың көбеюіне байланысты қаладағы №2 және №5 емханалардан дәрігерлер мен медбикелерді шақырып, ардагерлерге тұмауға қарсы екпе жұмыстары  жүргізілетінін және емхана дәрігерлерінің ардагерлерге тегін дәрі берудің жолдарын түсіндіретінін жеткізді. №5 емхананың бөлім меңгерушісі, терапевт-дәрігер Айгерім Тойлыбаева ардагерлерге «Әлеуметтік әмиян» бағдарламасын түсіндіріп берді.  А.Тойлыбаеваның айтуынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  министрлігінің 2024 жылдың 21 тамызындағы №75 бұйрығы бойынша жарымжан жандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі жасалынған. Осы бұйрықтың негізінде «Дамумед»  жүйесі арқылы дәрігер «Д» есепте тұратын науқастарға рецепт жазады да, сол жазылған дәрі-дәрмекті әр пациенттің телефонындағы Egov қосымшасына жүктейді. Осыны «Әлеуметтік Әмиян» деп атап, тегін дәрі-дәрмек алатын науқас дәріні  электронды нұсқадағы тізіммен өзі қаралатын емхананың дәріханасынан тегін  ала береді.Ал №2 емхананың терапевт-дәрігері Сандуғаш Дүйсен келген ардагерлердің денсаулықтарын тексеріп, оларға диагнозына қарай нұсқама берді, медбикелер Самал Сихымбаева, Эльмира Ширинханова, Еркеназ Сұлтанбаева, Гульмира Аширбаева, Балжан Ратова қабылдауға келген ардагерлерге екпе жасап,электрокардиограммаға түсіріп, қандарындағы қант деңгейлерін және қан қысымдарын тексеріп, ардагерлердің сұрақтарына жауап беріп, өз кеңестерін айтты. «Ардагерлер орталығы» ғимаратына келіп,ардагерлерге дәрігерлік көмек беру және кеңес барысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің көз алдында өтті.  
Ардагерлер осындай игі іске мұрындық болған Тараз қалалық ардагерлер кеңесі денсаулық сақтау саласы бойынша тұрақты комиссиясының төрайымы Жұмагүл Әбілғазинаға және де орталыққа келіп қызмет көрсеткен дәрігерлер мен медбикелерге  ризашылықтарын білдірді.                                                    
Сауранбек Жамалбеков,
Тараз қалалық ардагерлер
кеңесінің жауапты хатшысы
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры