Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖАҢАТАС ПЕН ҚАРАТАУ қиын боп тұр қатынау

ЖАҢАТАС ПЕН ҚАРАТАУ қиын боп тұр қатынау

10 октябрь 2024, Четверг
93
0
Облыс орталығынан шалғайда жатқан Талас, Сарысу аудандары тұрғындарының Тараз қаласына қатынауына байланысты туындайтын ешқандай мәселе жоқ. Қоғамдық көлік те такси де ағылыпақ жатыр. Бір өкініштісі, әлі күнге екі қаланы бірбірімен байланыстыратын қоғамдық көлік жоқ. Көрші жатқан қос аудан тұрғындарын осы мәселе көптен бері толғандырып келеді. Мәселен Қаратау қаласының тұрғыны Жаңатасқа баруы үшін жаяу-жалпылап, «Тараз-ҚаратауЖаңатас» бағытындағы жолға шығып, сарылып көлік күтуге мәжбүр. Тараздан Жаңатасқа жолға шыққан көлік бос болып, ала кетсе, жолаушының жолы болғаны. Сол секілді Жаңатастан Қаратауға бару үшін де Таразға бет алған көлікке мініп, жолдан түсіп қалуына тура келеді. Жол азабын тартып жүрген мен ғана емес. Бұл осы екі аудан тұрғындарына ортақ мәселе. Қаратаудан Жаңатасқа барып қайтатын жолаушысы болмаса, такси де жүрмейді. Жолай кетіп бара жатқан көлік адам басына 1500 теңге алады. Ал көлік болмаса 90 шақырымға кемі 5 мың теңге төлеп, такси жалдап баруыңа тура келеді. Айтпақшы кейінгі кезде Тараз қаласынан Тамды, Өрнек арқылы қатынайтын автобус пайда болды. Ол таңғы тоғызда жүріп кетеді. Көбіне бос орын бола бермейді. Бізге тек екі ауданның орталығына тікелей қатынайтын қоғамдық көлік қажет. Қос ауданның басшылары екі араға қоғамдық көлік жүргізу мәселесін шешсе деген ұсынысым бар. Бір қуанарлығы қыста екі ортаға пойызбен қатынаймыз. Бұған да шүкір. Жолақысы да арзан. Аталған пойыз биыл болар ма екен, болса қыс мезгілінде ғана емес, жыл он екі ай жүрсе нұр үстіне нұр болар еді.

Ырымкеш БАЙЕГІЗ, еңбек ардагері Қаратау қаласы
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры