Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Арнайы белгi қою қолға алынса...

Арнайы белгi қою қолға алынса...

08 август 2024, Четверг
91
0

Көшеде, үйде немесе мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеті. Осы мақсатта заңнамалар жетілдіріліп, қажетті шаралар да қабылданып жатыр.

Жақында жаңа оқу жылы басталады. Әсіресе ата-аналар балаларының жолдағы қауіпсіздігіне алаңдаулы. Өйткені соңғы уақытта жол-көлік оқиғаларының жиілеп кеткені белгілі.

Жолдың арғы бетіне өту үшін де белгілі бір тәртіп керек. Кейбір жүргізушілер жаяу жүргіншілер жолағына жақындағанда ғана тежегішті басады. Бұл өз кезегінде айналаңыздағылардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жүргінші де, жүргізуші де жол жүру ережелерін мұқият сақтауға тиіс.

Дейміз-ау, бірақ бұл тәртіптің біздің «Ұлы дала» мөлтек ауданындағылар үшін ауылы алыстау болып тұр. Өйткені Тараз қаласындағы «Ұлы дала» деп аталып кеткен 15-мөлтек ауданда жаяу жүргіншілер жолағы, бағдаршамдар жоқтың қасы.

Жақында ғана «Ғұмыр-Дария» газеті қолыма тиіп, қариялар жазған хаттарға көзім түсті. Қуанып қалдым. Бұл жақсы бастама екен. Қарияларға көңіл бөліп, айтарын көпке жария етіп жатқан газеттің ғұмыры ұзақ, жазылымы көп болсын.

Баршаға мәлім, былтыр улап-шулап жүріп, бір екі рет бала қағылған соң Бүркітәлі бастауыш мектебінен өтер жолға жолақ сызылды. 

Күннен күнге үй маңайынан үлкен-үлкен дүкендер ашылып, көлік саны артып келеді. Тіптен жолдың арғы бетіне өтудің өзі мұң болып қалды.

Әрдайым балалар қауіпсіздігін бақылап отырамын. Жаяу жүргіншілер жолағынан өту оқушылар үшін өте қауіпті. Балаларға ылғи бағдаршам орнатылған тұстан өтуін әрі үлкен адамдармен бірге өтуін ескертеміз.

Өйткені үлкендердің өзі ол жерден абайлап өтеді ғой. Кейбір жүргізушілер көлікті жоғары жылдамдықпен жүргізіп келе жатады. Әсіресе балабақша мен мектептердің маңындағы жаяу жүргіншілер жолын толықтай сызып қою керек.

Тек жаяу жүргіншілер ғана емес, халықтың мұңы ескеріліп, жол салынса. Қаламыз жылдан жылға өркендеп келеді. Барлық жерге жол салуда. Бірақ не жазығы барын қайдам, осы «Ұлы дала» мөлтек ауданындағы бірінші және бесінші үйдің арасындағы екі жүз метрге жетердей жолды елеусіз қалдырып отыр.

Ол аз дегендей бірінші үйдің тұрғындары есік алдарына барар жолға темірден тосқауыл орнатып қойған. Мұны сол жерде жүрген кепкілі мен шапкілілерде көріп жүр. Заңды ма бұл жалпы.

Әрине бала-шаға ойнар жердің барлығында көлік қаптады. Себебі арнайы тұрақ жоқ. Несін айта береміз. «Ұлы дала» мөлтек ауданына жақсылап мән берілуі керек. Қаншама жыл қарызға алынған үйлерден қуаныштың дауысы естілуі керек қой.

Бірінші үйдің жанынан арғы бетке өту тіптен мұң. Арғы бетінде балабақша, екі-үш дүкен бар. Осы жерлерге басқа да, үй маңайына көңіл бөлінсе. 

Ұзын сөздің қала билігіндегілерден сұрайтынымыз, жаяу жүргіншілер белгісі, тым болмаса, бағдаршам орнатылса екен.

Жаяу жүргінші де, жүргізуші де тәртіпке бағынса, жол-көлік оқиғалары болмас еді. Көп жағдайда жүргізушілер жылдамдықты асырып жіберетіні рас. 

Осы жағы ескерілсе деймін.

Бегісбек САЙЛЫБАЕВ, 

еңбек ардагері.

Тараз қаласы

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры