Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » БІЗ ЖАСТАРҒА СЕНЕМІЗ!

БІЗ ЖАСТАРҒА СЕНЕМІЗ!

26 март 2024, Вторник
63
0
Жақында  Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековпен зиялылар кездесіп, Тараз қаласының мәдениетін қалыптастырудың 2024 - 2026 жылдарға арналған «Тараз - мәдениет мекені» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс - шаралар жоспары қабылданды. Қала зиялыларының және ақсақалдарының қатысуымен өткен жиында қызу талқылау болды, пікір алмасылды, жиналғандар көкейде жүрген айларын айтты. Бұл іс - шаралар жоспарының ауқымы өте кең. Оның жүзеге асырылуы да оңай бола қоймайды. Бір ғана билік өз күштерімен көп шаруа атқара алмайды. Осы әдемі бастамаға көп болып, қоғам болып қатысуымыз керек.
Рас, қаламыз әсем, тарихымыз терең. Қоғамдағы күрделі өзгерістердің әсері сөз жоқ біздің жастарымыздың жүріс - тұрысына, мінез - құлқына, әдеті мен әдебіне керіс әсерін тигізуде. Мұның өзі сайып келгенде біздің ортақ мәдениетіміздің құлдырауына, әлсіреуіне әкеліп соғуда.
Тұрғындардың мәдениеті неден басталады? Менің ойымша ең алдымен жастардың қоғамдық ортада, көшелерде, саяжайларда, мәдениет ошақтарында мінез - құлқынан, жүріс - тұрысынан басталады. Оның бәрін бір күнде тәртіпке келтіріп, жөндеп тастаймыз десек әбестік болар еді. Бірақ, қолға алсақ бітпейтін шаруа жоқ. Осы арада бір мысал келтіре кетейін. Бұдан біраздаған жылдар бұрын көшеде жүріп келе жатып, немесе кеңседе жұмыс істеп отырып темекі тарту үйреншікті көрініс болатын. Үлкен үлкен кеңселердің ұзына бойы дәліздерінде ошарылып темекілерін будақтатып тұрған талай тәуір азаматтарды көзіміз көрді. Үлкен бастықтардың өздері үлкен кабинеттерінде құйрығы күмістелген әдемі сигареттерін будақтатып отырғанын әдеттегі көрініске балайтынбыз.
Кәзір осының бірі жоқ. Кеңселерде, дәліздерде темекі тартылмайды, үйде, қонақта отырып темекі шегу әдепсіздік болып есептелінеді. Бірлі жарым жастар болмаса көшеде жүріп темекі тартудың өзі сирек.
Міні, көріп отырсыздар ма, осындай бір бастама көтеріліп еді, әдемі жүзеге асты. Қала мәдениетін қалыптастыруда да жүйелі жұмыс жасасақ, көп нәрсе атқара аламыз.
Біріншіден осы саладағы идеологиямызды қалыптастырып алумыз керек. Жастарымызыдың туған қаласы - Таразға деген сүйіспешілігін оятқанымыз жөн. Жастардың бойында «Мен - тараздықпын» деген патриоттық сезім болу керек. Аға буынның есінде, «Жамбыл жастарының вальсі» деген ән болатын. Қазіргі аға буын естіп, айтып өсті. Жамбыл жастары осы әнді бірігіп шырқап жататын. Қазір ондай жоқ. Біздің талантты композиторларымыз бар, ақындарымыз бар, тарихи Таразымызға арнап неге бір әдемі ән шығармасқа. Жақсы ән дүниеге келсе, халықтың өзі қабылдайды, айтып кетеді. Тіптен осындай бір әнге конкурс жариялап жіберсек те болар еді.
Қала әкімдігі жария еткен осы жобасына ауызша қолдау көрсету меніңше аз. Бұл жұмысқа бәріміз қатысуымыз керек. Жастардың арасына барып, әңгіме өткізгеніміз дұрыс. Олар құрғақ ақылды қабылдамайды, жастармен тең дәрежеде сөйлесуіміз керек.Бұл арада біздің газеттеріміз, телеарналарымыз көп жұмыс атқара алар еді. Жастардың арасына барып, тұрғындармен әңгімелесіп, сұхбаттар жүргізсек, сауалнамалар тастасақ, олардың ойларын білсек, жарияласақ, жұмысымыздың тиімділігі, сөз жоқ болар еді. Студенттер қауымы «Қаламызды мәдениет мекеніне айналдырайық» деген ұран тастап, бастама көтеріп жатса құба - құп.
Жалпы қаланы, мәдениет мекеніне айналдыру үшін өзіміз мәдениетті болымуз керек. «Тараздықтарды тәртібі қандай тамаша, жүріс - тұрыстарының өзі биязы екен» деп келген - кеткендер таңқалып жатса біз ойлаған мақсатымызға жеткен болар едік.
Осы бір күрделі де қиын жұмысқа ардагерлерді, зиялы қауымы атсалысуға шақырамын. Біздің қолымыздан көп нәрсе келеді, өйткені біздің көргеніміз көп, жүріп өткен жолымыз өнегелі де өрісті. Замандастарым мені бір ауыздан қолайды ғой деп ойлаймын.
Сланбек АЛДАБЕРГЕНОВ,
еңбек ардагері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы
Тараз қаласы.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры