Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ӘБЕКЕҢ АСҚАН АСУЛАР

ӘБЕКЕҢ АСҚАН АСУЛАР

08 июнь 2023, Четверг
106
0
Қордай ауданының Құрметті азаматы, «Еңбек ардагері» медалі мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің «Құрмет белгісі» төсбелгісінің иегері, ардақты ақсақалымыз Амангелді  Садыханов жақында 80 жасқа толды. Оның өнегелі өмірі, үлгілі істері туралы көп әңгіме қозғауға болады.
Еңбек жолын тракторшы болып бастады. Германияда үш жылдық әскери борышын өтеп келісімен, Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтына түсіп, инженер-механик мамандығын алып шығады.  Киров атындағы колхозда механик, бригадир болып жұмыс атқара жүріп еңбектің қазанында қайнап шыңдалды.
Ісіне тыңғылықты жоғары білімді жас маман 1974 жылы жаңадан құрылған Красногор аудандық атқару комитетіне ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы қызметіне тағайындалады. Одан кейін аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, ал 1977 жылдан аудан таратылғанға дейін он жылдан астам аудандық партия комитеті жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарады. Осы кезеңде аупарткомның мүшесі және халық депутаттары аудандық кеңесінің депутаты болып сайланады. Аудан таратылғаннан кейін Киров атындағы ұжымшарда, «Ырыс-Дәулет» шаруа қожалығында бас инженер, бөлімше басқарушысы болып еңбек етіп, Қордай аудандық мәслихатының II және  III шақырылымының депутаттығына сайланады. 2002-2007 жылдар аралығында аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы болады. Оның мәслихаттағы еңбегі «Қазақстан Мәслихаттарына – 20 жыл» мерекелік медалімен, көптеген Құрмет грамоталарымен атап өтілген. 
Амангелді ағамыз зайыбы Шекер екеуі өнегелі отбасын құрып, үш ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген еді. Зайыбы ауылдық пошта торабында телефонистка болып жұмыс істеді.  Өмір өкінішсіз бола ма, қырық бес жыл отасқан зайыбы  2009 жылы  ертерек өмірден озды. «Орында бар оңалар» деген ұлдары Ерлан, Нұрлан, Болат, келіндері Айнұр, Назым, Әсия  үйлі жайлы болып, ұл-қыздарын тәрбиелеуде. «Болашақ» бағдарламасымен Англияда оқып келген кенже қызы   Динарасынан,  алды қызметке араласа бастаған немерелерінің  болашағынан күтер үміті мол.
Амангелді Садыханов зейнетке шыққан соң да он жылдай Кенен ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қоғамдық  жұмыстарға белсене араласып келді. Оның жүрек қылын тербеген асыл сезімдерін жырға қосатын ақындығы да бар. Балаларының, немерелерінің туған күндеріне, басқадай қуаныштардына  өлең жолдарымен құттықтаулар арнаса, терең ойға берілген  сәттерде  де сәтті жырлары туындайды. Мәселен: 
«Өкінбейміз кәрілік жеткеніне,
Көз жіберіп қарайсың өткеніңе.
Білмейсің сенеріңді, сенбесіңді, 
Жастығыңның жылдам өтіп кеткеніне» – деп келетін жыр жолдары дана ақсақалдың дара жолын көрсетсе керек.   

Құрманбек ӘЛІМЖАН,
Қордай аудандық ардагерлерлер кеңесінің мүшесі, 
ардагер журналист.


Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
ІЗГІЛГІ КӨП ІЗТАЙ АҒА
14 июль 2022, Четверг
ІЗГІЛГІ КӨП ІЗТАЙ АҒА
Тағлым
31 май 2022, Вторник
Тағлым
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры