ҚАРТТЫҚ – ӨМІРДІҢ БАҒА ЖЕТПЕС БІР СЫЙЫ
...Иә, сіз әзірше жассыз, күш-қайратыңыз бойыңызда, араласатын әріптестеріңіз, сыйла-сатын ортаңыз, құрметтейтін замандастарыңыз бен таныстарыңыз бар. Ештеңеге мұқтаж, біреудің алдында тәуелді емессіз. Уақыт деген зымырап, анау-мынау дегенше ертең есігіңді сығалап қарттық қағады. Жасыңыз зейнеткерлікке жетіп, ондаған жылдар абыроймен қызмет еткен ұжымыңыз көп жылғы еңбегіңізді бағалап, иығыңызға шапан жауып, қолыңызға «Алғыс хат» және сыйлығыңды ұстатып, «ұзақ, баянды ғұмыр кешіңіз» деп арқаңыздан қағып құрметтеп шығарып салады (әрине, мұндай құрметтің өзі кім болса соған көрсетіле бермейді). Сол асқарлы жасқа жеткеніңе «Тәуба!» дейсің. Одан әрі сіз үшін жұмбаққа толы бұлынғыр мүлдем басқа өмір басталады. Ол – әркімнің пешенесіне жазылған қарттық. «Қартайсаң, жақсы, әдемі қартай!» деген қазақтың киелі тілегі, астарлы сөзі бар. Бірақ, өмір-өзен өз дегеніне көндіріп, мойыңды еш бұрғызбай шалқар өмір теңізіне жетелеп алып кете барады. Бұрынғы бойыңдағы арқыраған күш кемиді, денсаулық сызат бере бастайды, сыйласатындар сирейді, ойын-қалжың айтар достарың мен құрдастарың да азаяды. «Көп жасаған құрдасынан айрылады. Жұғымы жоқ – жолдасынан айрылады» демей ме қазақ даналығы. Рас, кейде ой-пікір бөлісетін серік таппай жалтақтап қалатының жанға бата бастайды. Есейген бала-шағаң таң сәріден түнге дейін қызметте, күнделікті проблемаларын шешуден қолы бір сәт босамайды. Немерелерің де күн сайын оқу-сабақ, спорт секциясы, мәдениет және басқа көпшілік шаралары деп зыр жүгіріп, алаөкпе болып жүріп, қолы қалт етсе бірер сағат қолындағы смартфонмен ғаламторды шарлап, сенімен сөйлесуге де уақыты жетпей жатады. Бұл – бүгінгі күннің дәлелдеуді қажет етпейтін шындығы.
«Өсетін елдің қарты қазына болар. Өспейтін елдің қарты қазымыр болар». Немесе, «Жақсы адам қартайса, жазып қойған хатпен тең. Жаман адам қартайса, бықсып жанған отпен тең» дейді қазақ атамыз. Атадан қалған осы бір дана сөздердің растығын өмір көрсетіп отыр. Қазақтың халық батыры Бауыржан Момышұлының қарттық туралы мынадай бір пікір-сөздері бар: «Қарттық аяғымды тұсап, үйден шығармай, отбасында көгендеп қойды. Қолым қалтырап, түрегелсем тізем дірілдеп, буыннан әл кеткенімен, көкірегім сарайдай ашық, ақылым тетік, көзім әлі де қырағы. Ойдың жүйріктігін кісі қартайып, бөстекке тұтқын болғанда ғана біледі екен. Ел іші, ақыры үй шаруасына айналысып, тірлікке алданбағаннан кейін, өткен-кеткеннің барлығы ап-айқын болып, көкірегіңде сайрап, көз алдыңда жолдай жосылып тұрады екен...
Менің тірлігім - ой, ой үстінде қалғу. Қалғу–менің тұлпарым, ұйқы – менің желмаям. Көзім ілініп кетсе, жаһан кезіп, серуендеп шаршағанымды бір-ақ сезем.
Қарттықтан мүгедек болып отырып, өзіңді-өзің бұл дүниеге ертең-бүрсігүні кететін қонақ санағандықтан ба, кісі өмір қадірін қартайғанда шынымен-ақ біле ме деймін. Қартайған сайын жан тәтті бола ма деймін. Ақырғы күніңде ешкімді ренжіткің келмейді, біреудің көңілі қалмасын деген пікір ойыңнан кетпей, жастардың бәріне «қарағым-шырағымды» алдап, айлалау үшін емес, шын ниетіңмен-ақ жақсы көргендіктен айтасың. Кімге болса да жаманшылық ойламайсың, бәріне де Алладан жақсылық тілейсің. Өзіңнен кішілердің барлығы көзіңе әртүрлі құлпырған гүл сияқтанып көрінеді. Қарт кісі жастарға гүлге мейірімденгендей мейірімденіп, қызыға жаны ашып, аяулы мінезбенен қарайды екен. Олар бақытты болса, шын ниетіңмен қуанады екенсің, бақытсыздығына, жеңіл-желпілігіне кәдімгідей-ақ кәрі қабырғаң қайысып, қынжыла қайғы ұрғандай боласың. Елдің барлығына бақыт тілейсің. Бәрі бірдей жақсы болып, өмір қызығын уайымсыз өткізсін дейсің. Бұдан бұрын қарттықтың соншама ақ ниет, мырза екенін кім біліпті...»
Қаһарман қайраткер Баукеңнен асып не айтуға болады?! Өмір жеткізсе қарттықтықтың, қариялықтың да өз қызығы, өз қиындығы болары анық, ақиқат. Бірақ ол жақсылығымен, берекесімен, әдемілігімен келсе екен деп ой қаузайсың ғой кей кезде. Барлық қарттарымыз отбасында, ел алдында сый-құрметке бөленіп, алғыс арқалап жүрмегені рас. Аталы, мәнді сөз айтудың орнына, «бүйректен сирақ шығарып», ел арасына жік, ру мен аталар ортасына іріткі салып, елді бөліп-жарып, қисық-қыңыр сөз таратып, дау-жанжал, айтыс-тартыстың «ұйытқысы» болып, беделін кетіріп, қадірін қашырып жүрген кейбір қарттарымыздың іс-әрекеттерін жөн деп айта алмаймыз. Жасының жарты жолдан асқанын біле тұра, бойынан әлі «ыстыға басылмай», балаларымен жасы тең жастармен әзіл-қалжың айтысып, арақ-шараптан еш тартынбай, жұтып алып, қызара бөртіп, қызыл кеңірдек болып отыратын олар туралы не айтуға болады?
Басшылардың табалдырығын тоздырып, орынды-орынсыз құрметті атақ сұрап, кеуделерін жылтырақ темірге толтыруға құмар қариялар да аз емес. Ондай үлкендердің бойында қандай үлгі алар қасиет бар? Әр нәрсенің өз орны, жөні бар емес пе?! Халқымызда «үлкеннен құрмет, кішіден ізет» деген қағидалы сөз бар. Өкінішке қарай, қазіргі күндері діннің әлдебір түсініксіз, бұлыңғыр жолына түсіп, «тек Құдайға, яғни Аллаға ғана құлшылық ет, жамағат!» деп қауғадай қара сақалдарын өсіріп, бет-әлпетін уақытынан бұрын қартайтып жүрген жастар қала мен далада көбейіп барады. Олар ата-аналарынан, бауырларынан, отбасынан безіп, оларға қарамай, қараспай өз бетімен кетіп бара жатқаны көкірегі ояу саналы азаматтардың арқасына аяздай батады. Сол жастарға бір мезгіл басу айтатын, олардың жалпы мұсылманға жат теріс қылықтарының ертелі-кеш жақсылыққа апармайтынын, тіпті, діни фанатизмге ұрындырып, кейде базбіреулерін діни экстремизмге, жиһад терроризмге жол ашатынын түсіндіретін ауыл қарттарының осындай маңызды шарадан теріс айналатындарына таң боласың.
Несін жасырамыз, қаптаған діни ағымдардың теріс жолына түсіп, жас жандарын сол үшін қиып, әке-шешелерін зар жылатып, өз басын құрбандыққа шалып, фәни өмірден мезгілсіз кетіп жатқандар туралы мәліметтерді теледидардан көріп жүрегің мұздайды. Ойды ой қозғайды. Біз де жас емеспіз, біздің бала кезімізде ауыл ақсақалдары «О, Жаратқан ием! Барлығын алсаң да абыройымды алма!» деп тәубелік жасап отыратын еді. Не айтса да байыппен сөз қозғап, салиқалы таза ойын жеткізетін, елдің басын қосуға, біріктіруге ниет қылып, ел мүддесін қорғайтын парасатты сол ақсақалдарды кейде шын аңсайсың, тіпті, сағынасың... Шариғатта «Сен ойыңа сақ бол, ойың бір күн сөзге айналады, сөзіңе сақ бол, сөзің іс-әрекетке айналады. Іс-әрекетіңе сақ бол, іс-әрекетің әдетке айналады. Әдетіңе сақ бол, әдетің сенің тағдырың болады» деген сөз бар. Демек, кез келген нәрсе жақсы ойдан туындайды. Ал жаман нәрсе жаман ойлағаннан, тіпті, көрген түсті жаманға жорығаннан болады. Сондықтан бұл кімді болса да ойландырар тақырып. Қазіргі қарттарымыз неге соншама майдаланып, жалтақ болып кетті? Неге кейбірінің, тіпті, өз отбасында қадірі жоқ? Ұлы мен қызы, немерелері оған құлақ асып, тыңдай біле ме? Оның басты себебі неде?
Әр заманның өз уақытына сай тұлғалары болады. Ұлы даламызды мекен еткен халқымыздың арасынан талай дүлдүл абыздар, көпшілікті өзіне қаратқан шешендер, әділдік ұранын биік ұстаған билер, ақыл-парасаты мол көсемдер шыққан. Олар өздерінің ақыл-парасаттылығымен елді айрандай ұйытып, ел шаңырағының биік, керегеміздің берік болғанына үлкен үлес қосқаны белгілі. Сөйтіп, олар халық арасында сый-құрметке бөленіп, есімдері алтын әріппен мәңгілікке жазылып, ел-жұрттың алдында тарихтың жібек жібін жалғастырып, аттары аңызға айналды. «Қартайдым деп қайғырма, жас бала бар артыңда. Жалғызбын деп қайғырма, жақсылар бар артыңда» деп ата-бабамыз қартықтың кейінгі саналы ұрпақпен, кеуделерінде нұры бар ел азаматтармен жалғасатынын айтып кеткен. Әдемі қартаюдың өнегесі болып өткен өңіріміздің белгілі азаматтары аз болмаған. Мысалы, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып адал қызмет еткен Хасан Бектұрғанов, билік биігінде болған Сейілхан Аққозиев, ширек ғасыр Мойынқұм ауданын іскерлігімен басқарған Айтбай Назарбеков, Талас ауданында ұзақ жылдар беріле ерен еңбек етіп, ел алғысына бөленген басшы Ералы Дадабаев, мәдениет және партия-кеңес саласында тындырымды қызмет еткен қоғам қайраткері Жандар Кәрібаев, облыстың әскери комиссары болған Айтжан Қалтаев және т.б. Қазіргі күндері басқаларға өнеге болып жүрген ақылман, жан дүниелері бай қарияларымыз ардагер-журналист ағамыз Баттал Жаңабаев, қоғам қайраткерлері Сағынхан Әміреқұлов пен Қасымхан Төлендиев, дәрігер-ғалым, профессор, кардиохирург Сейтхан Жошыбаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми академисының академиктері Жүсіпбек Сүлейменов пен Өскенбай Мәдиев т.с. сияқты сыйлы, абыройлы аға буын ағаларымыздың ортамызда барына шүкіршілік етеміз.
– Қартайған адамдардың бәрі бірдей сүйкімсіз болмайды. Қартайған адамды айналасына сүйкімді көрсететін жалғыз қасиет - даналығы. Ұзақ жасап, өмірден көрген-түйгені көп қария дана болса, айналасына қадірлі болмақ. Ал керісінше, өмірді көп көрсе де, көкірегіне ештеңе түймей күн кешкен пенделер қартайған сайын ақылы таяздана бермек. Мұндай жандар айналасына да сүйкімсіз көрінеді. Қартаю да, ажал да – өмір заңдылығы. Сондықтан, әрбір күнімізді мағыналы өткізіп, өмірдің жақсысы мен жаманын таразылап, имандылықты серік еткеніміз абзал. Жаны сұлу адамдар сұлу қартаяды. Сондықтан, қартаймаудың негізгі емі – салауатты өмір сүру салтын ұстану мен өн бойындағы мәдениеттілік, дұрыс тәлім-тәрбие деңгейі төмендемеуінде, - деп отырушы еді марқұм Ордабек Бейсенұлы әкем өткен күндеріне, жылжып өткен жылдарына көз тастап. Кейін білдік, сол айтылған сөздердің жаны бар екен...
...Бәзбір демалыс күндері, қолым қалт еткен сәттерде, қала орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябаққа барып серуен құратын әдетім бар. Ол жерде мен сияқты таза ауамен тыныстап, дене шынықтырумен айналысып жүрген жүзі таныс асыл қарттармен кездесем, сәлем берем, серуендей жүріп әңгімелерін тыңдаймын. Солардың арасында көп жылдар басшы қызметтерде болған, абыроймен ел басқарған, қаламды жандарына серік еткен зейнеткер-қарияларды кездестірем. Айтқандарын ой таразысына салып, көңілге түйем. Жақсы әңгімелерін естіп жүрегің жылиды, көңілің көтеріліп, тың пікір туындайды. Қариялардың салиқалы ойларын, өмір тәжірибелері туралы естеліктерін тыңдай жүріп «Қарттық – кәрілік емес, даналықтың, абыздықтың көрінісі» деп көнекөз аталарымыздың бекер айтпағанына көз жеткізем. Жақсы қартаюдың бір дұрыс жолы осылай таза ауада серуендеу, бір мезгіл замандастарыңмен әңгіме-дүкен құрып, ой бөлісу, пікір алмасу ма деп ойлайсың. Олардың біразы әлі де қоғамның қарбалас тіршілігіне белсенді араласып, мезгіл-мезгіл жастармен кездесулерге қатысып, өмірлік парасатты ақыл-кеңестерін беруді жалғастыруда. Ойлы қарттардың бұл игілікті істері көпке өнеге. Біле-білсек, шынында да, әдемі қартаю да бір бақыт емес пе?!
Ел алдында мағыналы, салмақты сөз айтып, парасатты ақыл-пікір қосатын, көпшілікке салиқалы ой тастайтын, елдің басын қосып, ауызбіршілік пен татулыққа ұйытқы болатын, әрдайым ел назарында жүретін сергек сезімді қазына қарттарымыз, кемеңгер ардагерлеріміз ортамызда көбеймесе, азаймасын деп тілеймін.
Қарияларымыз қасиетті, ұрпағымыз иманды болсын, ағайын!

Сағындық ОРДАБЕКОВ,
медицина ғылымдарының докторы, профессор,
Жамбыл облысының Құрметті азаматы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)