Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

САРАСӨЗ

24 ноябрь 2022, Четверг
159
0
Орындалмайтын серт те бір, оңалмайтын дерт те бір.
***
Патшасы қайырымсыз елдің, халқы мейірімсіз болады.
***
Үйренем дейтіндер бар болса, үйрететіндер де табылар. 
***
Кейбір қазақтарды түйеқұсқа ұқсатамын. Себебі, түйеқұс не биікке ұшпайды, не арқасына жүк артқызбайды. Еш жерге де, ешкімге де пайдасы жоқ.
***
Халықты тығырықтан шығаратын жол іздемегендер жұмаққа да жол іздемей-ақ қойғандары жөн болар еді.
***
Шәйнекті - бақыттың бастауы деп алатын болсақ, екі кесе – екі жастың ырысты ыдыстары. Егер олардың татулықтары мен махаббаттары баянды болса, кеселері көбейе беретіні күмәнсіз.
***
Татулығының туы биік, шаттығының шуы басым елдімекенге бақ-береке үй салады.
***
Қазіргі қазақ қоғамында асылдардан гөрі, масылдар көбейіп барады.
***
Әйел заты жабық киінген сайын қымбат әрі жұмбақ болады.
***
Қазақcтанның билік басындағылар саясаттан гөрі, саяхатты көбірек ойлайтын болды. 
***
Әлемдегі ең әдемі әрі ең қымбат сурет - Ананың асыл бейнесі.
***
Танымы жоғары адамның тамыры тереңде болады. 
***
Сайтандар салтанат құрған жерде еркекте сес болмайды, әйелде ес қалмайды.
***
Адами қалпынан айнымайтын адамның артынан жақсы сөз ереді. 
***
Ой көсемдігі мен сөз шешендігінің ұлы ұстазы – кітап.
***
Құлқынның құлы болғанша, ұлтыңның ұлы болған артық.
***
Жылы жүздесулер – нұрлы күн кешулер.
***
Өмір деген – көз ілмейтін қарауыл, уақыт деген мызғымайтын төреші.
***
Сөз - жүректің үні, 
Көз - көңілдің гүлі.
***
Жұма – күнәлар жуылатын, бойдағы жын-шайтан қуылатын күн.
***
Бассыздыққа бастайтын жаман басшыларды жақсы бақсыларға көрсетіп алған артық болмас еді.
***
Ақын мен жазушы – 
Ой кенін қазушы.
***
Әкімі нашар ауыл – 
Күзді күнгі дауыл.
***
Алла жер-көктегі сұлулық пен жылылықтың бәрін әйелге қарап жаратқан.
***
Менің сөнбес шамым – білім мен таным. 
***
Білім мен тәлім алып қана қоймай, өзін-өзі тәрбиелей жүріп  есейген адамның орны алтын тақтан да биік.
***
Әйелі еркелей білсе, еркегінің ерсі қылықтары жойылар еді.
* * *
Таққа отырғандар жаман болса, атқа отырғандар надан болады.
***
Бейқамдық пен меймандық қазекеңнің өзгермейтін не өзгеге бермейтін ұстанымы сияқты.
***
Өмір деген – бес күндік, ал, уақыт – желден жүйрік бес киік. 

Бақытжан ӘЛІҚҰЛОВ,
ақын, журналист.
(Жалғасы бар)
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Дара айтқан дана сөз
10 ноябрь 2021, Среда
Дара айтқан дана сөз
Баспасөз
29 июль 2020, Среда
Баспасөз
Мәнді мысалдар
14 октябрь 2020, Среда
Мәнді мысалдар
Қазақы қалып
29 апрель 2022, Пятница
Қазақы қалып
Ұлттық салт
29 июль 2020, Среда
Ұлттық салт
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры