Мәнді мысалдар
Ойға шомды қарға отырып бұтақта,
Жазылсам деп, шіркін, «Қызыл кітапқа».
Ұзақ айтты: «Ей, қарғашым, ерігіп,
Қам көңіліңді құр бекерге жұтатпа.
Кітап жайлы ойлайтын не бетің бар,
Әрекетің бар ма сенің өтімді әр.
Өзің үшін өзің ғана тәуірсің,
Иттер иіскеп жемей тұғын етің бар.
Жөніңменен мақтан егер мақтансаң,
Құр орынсыз үміт отын тұтатпа.
Ең құрыса ала болмай, ақ болсаң,
Мүмкін сен де жазылар ең кітапқа».
* * *
Әркімнің де өз көңілі жоғары,
Өкпешілдің кімге батар обалы.
Ұзақ құстың сөзі дұрыс болғанмен,
Қарғаға да армандауға болады.
Жазылсам деп, шіркін, «Қызыл кітапқа».
Ұзақ айтты: «Ей, қарғашым, ерігіп,
Қам көңіліңді құр бекерге жұтатпа.
Кітап жайлы ойлайтын не бетің бар,
Әрекетің бар ма сенің өтімді әр.
Өзің үшін өзің ғана тәуірсің,
Иттер иіскеп жемей тұғын етің бар.
Жөніңменен мақтан егер мақтансаң,
Құр орынсыз үміт отын тұтатпа.
Ең құрыса ала болмай, ақ болсаң,
Мүмкін сен де жазылар ең кітапқа».
* * *
Әркімнің де өз көңілі жоғары,
Өкпешілдің кімге батар обалы.
Ұзақ құстың сөзі дұрыс болғанмен,
Қарғаға да армандауға болады.
Обсудить
Блок в статье:
ЖАС КӨШБАСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
22 май 2025, Четверг
КЕЗДЕСУ
21 май 2025, Среда
Құрмет
21 май 2025, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (1)