Тарихтан тәбәрік
Қобыз – ертеден келе жатқан қасиетті ұлттық аспаптың бірегейі. Қобыз туралы сөз қозғағанда міндетті түрде алдымен сонау Х ғасырда өмір сүрген Қорқыт баба еске түседі. Содан кейін беріректе өмір сүрген Ықылас Дүкенұлын айтамыз. Алайда бүгінгі күні есімі көп атала бермейтін, қазіргі ұрпақ арасында, тіпті, беймәлім қобызшылар бар. Олар өз заманының даралары болғанымен, уақыт желімен есімдері ұмыт бола бастаған. Олар жайлы архивтер мен музейлердегі сақталған құжаттар, тарихи жәдігерлер арқылы там-тұмдап сыр тартуға болады.
Алматы қаласында Ықылас Дүкенұлы атындағы ұлттық аспаптар музейі бар. 2016 жылы біліктілікті арттыру курстарында болғанымда сол музейге жол түсіп, бір экспонатқа ерекше ықыласым ауды. Ол – Жарас бақсының нарқобызы. Зейінімнің ауған себебі – маңдайшасында Жамбыл облысы, Талас ауданынан екені жазылыпты. Жарас бақсы мен оның қасиетті қобызы өз заманында Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өңіріне танымал болған деседі. Музейде сақталған жазба деректері бойынша XVΙ ғасырда жасалған Жарас бақсының қобызын – Жамбыл облысы Талас ауданы «Қаратау» совхозына қарасты Қарой бөлімшесінің тұрғыны Құлтасов Бижан 1983 жылы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне тапсырыпты. Жарас бақсының нарқобызы – музей жәдігерлерінің арасындағы ең көне және тарихи маңызы бар аспап.
Қобыз 1942 жылға дейін атадан балаға мұра ретінде Жарас бақсының алты ұрпағына дейін сақталып, бірінің қолынан екіншісіне өтіп отырған. Жарас бақсы өз заманында нарқобызын жанына серік етіп бақсылық құрған. Одан кейін мұраны Бейсенбет, Құлтас, Бұралқы есімді ұрпақтары аталарының көзіндей сақтап қолдан-қолға қалдырыпты. Бұралқы 1942 жылы соғысқа кетіп, майданнан қайтып оралмайды. Атадан қалған қасиетті жәдігер келесі ұрпақтары Бердібекке, одан Бижанның қолына өткен. Қобыздың өн бойы әбден ысталып қарайған. Жамауы көп қобыздың көнекөз дүние екендігі тайға таңба басқандай анық. Музей дерегі бойынша қобыз тұтасымен өрік ағашынан ойып жасалған. Шанағы нар түйенің терісінен тартылып, ішегі аттың қылынан дайындалыпты. Нарқобыздың ұзындығы – 1 метр, шанағы – 29 см, шанақ ені – 37 см, шанақ аумағы – 1 метр, сылдырмағы үшеу.
2002 жылы музей қызметкерлері 91 жастағы соғыс ардагері Абдырайов Затыбектің айтуы бойынша бұл қобыз туралы аңызды қағаз бетіне түсіріпті. Аңызға сүйенсек, бірде Жарас бақсы кездейсоқ ат бәйгесі болып жатқан ұлан-асыр тойдың үстіне тап болады. Бақсы сол бәйгеге қатысқысы келіп рұқсат сұрайды. Алайда, сол жерде тұрған бір бай оған мысқылдап: «Бәйгеге неңді қосасың, қай түріңмен қатыспақшысың» деп кедейлігін бетіне басып, келемеж етеді. Содан соң жиналғандар Жарасты торанғы талға түбіне 12 құлаш арқанмен байлап, қолын бос қояды. "Қане", қолыңдағы қобызыңмен бүгінгі бәйгеде кім жеңіске жететінін болжап көрші",-деп күлкі етеді. Жарас бақсы ұзақ уақыт қобызын ойнап отырады да, болғаннан кейін жеңімпаздың есімін атайды. "Егер болжамың дұрыс болып шықса сені босатамыз, қателесетін болсаң, қамшының астына алып сыбағаңды береміз" дейді. Бәйге басталып, қалың көпшілік толғаныспен бақылап отырғанда, Жарас ештеңеге алаңдамай өзін сабырлы ұстады. Ақыры көп қатысушының арасынан, бақсының көрсеткен сәйгүлігі бәрінен оза шауып, жеңіске жеткен екен. Мұнысын сәуегейлікке балап, оның көріпкелдігін бағалаған той иелері Жарасты босаттырады. Ал жиналған қарапайым халық оған өздерінің ризашылығы мен жақсы тілектерін білдіреді.
Назым Қожамарова,
Шерхан Мұртаза атындағы
руханият және тарихтану орталығының
бөлім меңгерушісі.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)