"Ұлы ерлікке мәңгілік тағзым, Туған өлкеден Отанға!"

Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылдағы #15 Әлихан Бөкейханов атындағы орта тірек мектебінде "Ұлы ерлікке мәңгілік тағзым, Туған өлкеден Отанға!" атты мектеп оқушылары және ұстаздарының қатысуымен іс-шара өткізілді. Іс-шараға Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Жұмашев, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Абуғали Ералиев, Б. Момышұлы ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Дәуренов, ардагер Мамаджанов Шәкіржан қатысып, оқушыларға Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығының маңыздылығы туралы айтып, соғыстың елге тигізген зардабын, қайғы- қасыретіне тоқталып, Қазақстаннан шыққан батырлар туралы айтып, оның ішінде Бауыржан Момышұлының батырлығы ерекше екенін айтып жастарды батырлыққа, Отан сүйгіштікке, патриотты болуға шақырды. Іс-шараның мақсаты: Қазақстандық батырлар Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері туралы айтып оларды еске алу мақсатында, оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру, ардагерлерге құрмет көрсету, патриоттық тәрбие беру.
Обсудить
Блок в статье:
Шетелдік сарапшылар қызғалдақты Жамбыл облысының бренді деп атады: өңірде ғылыми конференция өтті
03 май 2025, Суббота
«Қазақстан – бірлік пен ынтымақ мекені"
02 май 2025, Пятница
«Қазақстан – бірлік пен ынтымақ мекені"
02 май 2025, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)