Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ЛАЙЫҚТЫЛАРДЫҢ БӘРІ ЕСКЕРІЛЕ БЕРМЕЙДІ

ЛАЙЫҚТЫЛАРДЫҢ БӘРІ ЕСКЕРІЛЕ БЕРМЕЙДІ

27 сентябрь 2023, Среда
88
0
Әрине, көсілтіп ақыл айту оңай. Дегенмен, ардагерлер болғаннан кейін ойда жүрген бірер ұсынысымызды айтсам деймін.
Ардагерлер ұйымы қызметінің бір бағыты белсенді қарияларды қошеметтеп, құрметтеп, марапаттарға ұсынып отыру деп есептеймін. Өкінішке орай, көбінесе ардагерлер ұйымы тарапынан марапатқа ұсынылғанда қарапайым, еңбегі адал, көзге көп көріне бермейтін еңбекқор жандар тасада қалып кете береді. Көкірегіне орден, медаль, төсбелгілер тағатындар көбінесе сол баяғы басшы, қосшы болып істеген азаматтар. Әрине, олардың кезінде еткен еңбектерін, төккен терлерін, бүгінгі күнге дейін қоғамдық жұмыстан қалмай белсенділік танытып жүргендерін жоққа шығаруға болмас. Оның үстіне ардагер атаулының бәріне бірдей үлестіре берсе оның несі марапат? Марапатқа таңдаулылар ғана ілігеді ғой. Ол жағын түсінеміз.
Сонда да болса кешегі қиын кезеңдерде уақытпен санаспай еңбек етіп, қоғам мүддесін өзінің жеке мүддесінен жоғары қоя білген қарапайым азаматтар қағаберісте қала беретіні мені ойлантады. Қара жұмыстың қазанында қайнаған, бірі егінші, бірі малшы болып еңбек еткен замандастарымыз рет - ретіне қарай тиісті марапаттарын алып жатса деген тілек менікі.
Мен бұл арада біреуді кінәлаудан аулақпын. Ардагерлер кеңесінің төрағасы, оның белсенділері айлық алып, жұмыс істеп жүрген кісілер емес. Барлығы қоғамның тіршілігі үшін шапқылап жүрген жандар. Сондықтан оларға бәлен деп кінә артудың өзі артық. Қалай десек те лайықтылар марапаттан құр қалғаны дұрыс емес. Мәселен біздің ауылда Аманкүл Сәменбаева, Ханпатша Тәшібаева, Ғазиза Билібаева, Ырысқыз Рахметова, Сенай Ысмайылова, Зияш Рәпілжанова, Мираш Мырзахметова, Күлжар Ортаева сынды асыл аналар бар. Олардың барлығы бала тәрбиелей жүріп еңбектен қол үзбеген жандар. Оның үстіне отбасының берекесін кіргізіп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға ұшырған кісілер. 
Осылардың бәрі де қандай марапатқа болса да лайықты. Әрине, бәріне бірдей марапат тарату мүмкін де болмас. Бір жолы біріне «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін», келесісіне «Ауданға сіңірген еңбегі үшін», басқаларына «Еңбек ардагері», «Жамбыл облысының Құрметті ардагері», «Ауданның Құрметті ардагері» төсбелгілерін рет - ретімен беріп жатса жарасар еді. Марапат деген зейнетте жүрген кісінің рухын көтереді ғой. Бұл арада мен мемлекеттік деңгейдегі орден, медальдар туралы айтып отырған жоқпын. Мәртебелі наградаларға ұсыну кезінде жалпы билік пен ардагерлер кеңестері осы мәселелерді ойластырғаны жөн деп есептеймін.
Біздің осы бір ойда жүрген ұсыныстарымыз алдағы уақытта ескерілсе деген тілегіміз бар.


Кеңесбек НҰРИДИНОВ.
еңбек ардагері.
Байзақ ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры