ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ ЖОЛЫ АШЫҚ
Біздің аудандық ардагерлер кеңесінің төңірегіне мықты, белсенді қариялар топтасқан. Бәрі ақы - пұлсыз, уақытпен санаспай ел бірлігі, қоғам тыныштығы үшін шапқылап жүреді. Бойларында жылдар бойы қалыптасқан ізгілігін, өмірлік бай тәжірибелерін өзінен кейінгілерге арнайды. Солардың арасынан бүгін Серік Балабеков туралы бөле - жара айтқым келіп отыр. Серіктің өзі маған туа бітті белсенді қоғамдық жұмыспен айналысып жүрген азамат сияқты болып көрінеді.
Қоғамдық жұмыс төңірегінде бірге жүргендіктен оны біразлан бері білемін ғой. Аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен өтетін іс - шараларының басы - қасынан ылғи да оны көруге болады. Оның үстіне Серік Балабеков – аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған әлеуметтік мәселелермен айналысатын тұрақты комиссияның төрағасы. Әріптесіміздің абыройын асырып тұрған оның ұйымдастыруымен 2019 жылдан бері қарай аудан орталығы Сарыкемер ауылында жұмыс істеп тұрған тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік арнайы қызмет көрсететін орталығы дер едім. Осы орталықты өзі жүгіріп жүріп ашып, оның жұмысын жолға қойып, бүгін - де халықтың ризашылығына бөленуде.
Серік Балабеков елгезек, көппен тіл табысып кететін белсенді азамат, сөзге шешен, іске келгенде тиянақты. Біздің ауданымыздың бүгінгі таңдағы баталы қарияларының бірі. Қатар жүргеннен кейін азаматтың өткені туралы зерделейміз, өскен ортасына барлау жасайтынымыз бар. Жалпы, ол – Сарысу ауданының тумасы. Сол ауданның Жайылма ауылында дүниеге келген, балалық шағы сонда өткен. Алматыдағы Абай атындағы қазақ педогогикалық институтын тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған ол, одан кейінгі жылдарда комсомол қызметінде болған, Сарысу аудандық атқару комитетінде жауапты қызмет атқарған. Кеңшар директорының орынбасары, кеңшар кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін да атқарыпты. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда жеке кәсіпкерлікпен де айналысыпты. Ел қала маңайына үдере көшіп жатқан тоқсаныншы жылдарда отбасымен Байзақ ауданына көшіп келеді.
Көпшіл, үлкеннің де, кішінің де тілін таба білетін Секең бөтенмін демейді, осындағы жерлестерімен тез үйренісіп кетеді. Әртүрлі салада еңбек етіп, бағын сынап көреді. Қай жерде жүрсе де еңбегі жемісті, табысты болады. Абыройы артып, елдің алғысына бөленеді. 2011 жылы зейнет демалысына шыққанан кейін Серік Балабеков замандасымыздың екінші тынысы ашылғандай болады. Зейнеткермін деп қарап отырмай, аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысына белсене қатыса бастайды, осында тұрақты комиссияның төрағасы болып бекітіледі.
Ол кісінің атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарын санамалайтын болсақ саусақ жетпейтіндей жағдайда. Секең бірде полицияның қоғамдық көмекшісі болып жүрсе, енді бірде аудандық әкімдік жанынан құрылған мониторингтік топтың мүшесі ретінде халықтың мұңын мұңдап жүргенін көруге болады. Қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, ел – жұрттан тұтынған киімдерді жинақтап, өзінің орталығы арқылы мұқтаж жандарға таратып, сауабын алып жатқанын көргенде еріксіз риза боласың.
Серік Балабековтің белсенді қоғамдық қызметі қай кезде болмасын өзінің лайықты бағасын алып жүр. Ол әр жылдарда «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл», «Қазақстан ардагерлер ұйымының құрылғанына - 30 жыл» мерекелік медальдарымен, «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Саяси науқандардағы белсенділігі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың, «Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың Алғыс хаттарымен аталып өтілді. Әріптесіміздің аудан орталығынан тұрмысы төмен азаматтарға арнайы әлеуметтік орталық ашқан қызметі облыстық ардагерлер кеңесінің төралқасында аталып өтіліп, оның игі тәжірибесі бүкіл облыс көлеміне таратылды.
Қоғамдық қызметте бірге жүргендіктен ол азаматты «Қолы да ашық, жолы да ашық біздің Серік» деп мақтанып айтып отырамыз.
Серік Балабеков – бүгінде ауданымызда құрметке бөленіп жүрген қарияларымыздың бірі. Жақында Серік ағамыз 75 жасқа толды. Ақсақалдық жасқа қадам басқан әріптесіміз қашан көрсең қайнаған қоғамдық тіршіліктің ортасында жүреді. Ардагерлердің төл басылымы «Ғұмыр – Дария» газетінің шын жанашыры. Баспасөзге жазылу науқаны кезінде қариялардың басылымын насихаттаудан шаршаған емес.
Қоғамдық жұмыстың майталманы, біздің белсенді азаматымыз Серік Балабековке қоғамдық қызметінде абырой, отбасында бірлік – береке тілейміз.

Төле НАРЖАНОВ,
Байзақ аудандық билер
кеңесінің төрағасы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)