Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Жаңатаста «Асар» қайта жаңғырды

Жаңатаста «Асар» қайта жаңғырды

15 июль 2024, Понедельник
58
0
Бұл жолы қазақтың көне салты – «Асар» дәстүрі Жаңатаста қайта жаңғырды. Белсенді жастар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жауын суы басқан Жаңатас қаласын қоқыстан тазартты. Еріктілер көлбеу ағыннан қалған қоқысты жиып, коммуналдық мекеме қызметкерлеріне көмектесті. 13 көшені су басқан. 47 баспана жарамсыз боп қалды. 6 көшенің асфальт жабындысы қопарылған. Экологиялық акция аясында 150 ерікті селден соң қоқысқа толған арықтар мен көшелерді, ойын алаңшаларын тазалады. Бір күнде 12,5 тонна күл- қоқыс шығарды. 
Тараз қаласымен қатар Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Талас аудандарының еріктілері де апаттан зардап шеккен жаңатастықтарға көмек қолын созды.
Экологиялық акция барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев зардап шеккен тұрғындардың үйлеріне арнайы барды. Облыс басшысының тікелей бастамасымен және қатысуымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сел өткен Жаңатас қаласының көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Еске сала кетейік, су тасқыны болған өткен жексенбіде түнделетіп Ербол Шырақпайұлы апат аймағына жедел жеткен болатын.
Араға 3 күн аралатып Жаңатас қаласына аймақ басшысы қайта ат басын бұрды. Облыс әкімі тазалық шарасына арнайы қатысып, аудан тұрғындарын акцияға ат салысуға шақырды. 
– Халқымыз «Апат айтып келмейді» дейді. Десек те, қандай жағдайға да болмасын дайын болуымыз керек. Апатты аумақта 280-нен астам төтенше жағдайлар департаментінің жұмысшылары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылып, бұл іске 67 техника мен 40-тан астам су сорғыш мотопомпа тартылды. Өзара үйлесімді жұмыстың нәтижесінде табиғи апаттың алдын алу шаралары сәтті орындалды. Бүгінде қалпына келтіру жұмыстары қарқынды іске асуда, – деді өңір басшысы Ербол Қарашөкеев.
Аймақ басшысы мұнан кейін қызыл судан зардап шеккен тұрғындардың бүлінген баспаналарына бас сұғып, ахуалын көрді. Жалпы мұнда 47 үйге су кірсе, оның 2-еуі тұруға жарамсыз. Ербол Қарашөкеев жұртты сабырға шақырып, барлық шығын мемлекет тарапынан өтелетінін айтты. 
Обсудить

Похожие материалы:

ДӘН РИЗА БОЛЫП ҚАЙТТЫ
13 ноябрь 2023, Понедельник
ДӘН РИЗА БОЛЫП ҚАЙТТЫ
Батагөй қария
10 ноябрь 2021, Среда
Батагөй қария
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры