Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Соғыстың соңғы сарбаздарына құрмет

Соғыстың соңғы сарбаздарына құрмет

10 май 2024, Пятница
45
0
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Мүтәліп Ережепбаевтың үйінің кіреберісіндегі қабырғаларды сырлау, ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Аталған игі шараға «Тұрғын үй жөндеу – Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері, қаланың белсенді жастары, волонтерлар белсене атсалысты.
Іс-шара соңында Ұлы Отан соғысының ардагері жастарға батасын беріп, алғысын жеткізді.
– «Таза Қазақстан» акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында қаламыздың жастары өз еріктерімен келіп, тазалық жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, мұндай бастаманы жастарымыздың қолға алып, үйлестіріп отырғандарына шын жүректен қуаныштымын. Осы орайда, қаламыздың тұрғындарын «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсене қатысып, шаһардың көркеюіне үлес қосуға шақырамын. Осы арқылы әрбіріміз қала тазалығын сақтап қана қоймай, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлттық тәрбиеге баулимыз, – деді қарт майдангер ағынан жарылып.
Акция аясында облыста тұрып жатған Ұлы Отан соғысыының сегіз ардагерінің үйлерінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді және оларға лайықты құрмет көрсетілді.
Бүгінгі күні облыста Ұлы Отан соғысының сегіз ардагері елінің құрмет қошеметіне бөленуде. Олар – Тараз қалсында тұратын Геннадий Иванович Иванов, Иван Федорович Макеев, Мүтәліп Ережепбаев, Зоя Алиевна Мамедова, Григорий Владимирович Нещеретнев, Шалданбай Шанбаев, Байзақ ауданында тұратын Рахымжан Мамралиев, Меркі ауданында тұратын Азим Жармұхамбетұлы. Жыл сайынғы бір реттік көмек ретінде биыл оларға 1 миллион 500 мың теңгеден қаржы берілді.
Жалпы Жамбыл облысында биыл Жеңіс күніне орай 3167 адамға 267 978 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған.
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 79 жылдығы қарсаңында барлық соғыс ардагерлерінің үйіне Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков, Байзақ ауда-нының әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасов, Меркі ауданының әкімі Жорабек Нұрменгенұлы Баубеков арнайы келіп, Жеңіс мерекесімен құттықтап, сый-сыяпатын жасады. Ұлы Отан соғысындағы жеңіс мерекесі Тараз қаласында және барлық аудандарда кеңінен атап өтілді. Ұлы Отан соғысында қаза болған боздақтардың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды, майданнан қайтпай қалған жауынгерлеріне құран бағышталды. 
«Ғұмыр-Дария»–АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
Жүз жасаған жауынгер
09 март 2022, Среда
Жүз жасаған жауынгер
БІРЛІК БІЗДІҢ – МҰРАТЫМЫЗ
27 апрель 2023, Четверг
БІРЛІК БІЗДІҢ – МҰРАТЫМЫЗ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры