ДӘН РИЗА БОЛЫП ҚАЙТТЫ
«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі үстіміздегі жылдың қазан айын «Қарттарға – қамқорлық» айы деп жариялау туралы бүкіл қазақстандықтарға Үндеу тастаған болатын. Онда атқарушы органдарды, жұмыс берушілерді, бизнес құрылымдары мен еріктілерді қарияларға, әсіресе, мүгедек ардагерлерге, жалғыз басты зейнеткерлерге, аз қамтылған қарттарға арнайы көңіл бөлуге шақырған. Үндеу еліміз бойынша қолдау тауып отыр.
Соның айғағындай, жуырда облыс және Тараз қалалық әкімдіктерінің қолдауымен 50 ардагер Түркістан өңіріне саяхаттап, Арыстанбаб және Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне зиярат етіп қайтты. Түркі дүниесі әлемінде «Екінші Мекке» атауымен әйгілі Түркістанға барған да арманда, бармаған да арманда.
Қазір Түркістан тотыдайын таранып, құлпырып кеткен. Сәулет өнерінің шығыстық үлгісімен салынған ғимараттар шаһарға ерекше сән беріп, ажарын ашып тұр.
Қариялар «Керуен сарайы» кешенін аралап, «Ұлы дала елі» мұражайын тамашалады.
Кесене жанындағы «Қазақ хандары» мемориалы еліміздің ежелгі тарихынан сыр шертіп, Тәуелсіздік тұғырын бекемдеп, көк байрағымызды биік ұстауға үндеп тұрғандай.
«Қарттарға-қамқорлық» акциясы аясында ұйымдастырылған бұл саяхатқа барып қайтқан 85 жастағы Барат Мыңбосынов, 80- ге қадам басқан Аман Зәуірбеков ақсақалдар зор ризашылықтарын білдірді. Осының алдында ғана осы айлық аясында Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен шаһардағы №1 және №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қарияларына мерекелік дастархан жайылып, концерт көрсетілген.Байсалды бас қосуда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова қарияларға өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Орталық тұрғындарына сый-сияпаттар жасалды.
Осы іс-шараларда Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы «Әулиеата әуендері» ансамблінің өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, көтеріңкі көңіл - күй сыйлаған.Тіпті, қариялардың өзі ансамбльге қосылып ән шырқап, би-билеп бір жасап қалды.
Қариялар қашанда қамқорлық аясында. Оларға қамқорлық жасау – парызымыз, қызмет көрсету –міндетіміз.

Малтабар ЖАМАНБАЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)