«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты іс– шара өтті




– Мейірімділіктің мерейлі мерекесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осынау жылдар белесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілік пен келісімді ту етіп, ел бірлігін бекемдей түсті. Жасампаз істердің жаршысына айналып, биік белестерді бағындырды. Достық пен ынтымақтың ордасы Жамбыл облысында бүгінде 87 этнос өкілі өзара түсіністікте тату-тәтті тұрмыс кешіп, өңірдің дамуына сүбелі үлес қосуда. Олардың барлығы дерлік ел басына күн туған шақта жұдырықтай жұмылып, сауапты істерден қалыс қалмады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, елдігімізді қорғаудың басты жолы – берекелі бірлік. Бірлік, татулық пен тұрақтылық бәрінен биік! Бағалай білмегенге бақ қонбайды. Сондықтан ең құнды, ең асыл қазынамыз – береке-бірлігімізді көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білуіміз керек, – деген облыс әкімі еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың нығаюына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа арнайы марапаттарды табыстады.
Келесі кезекте Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері сөз алып, жылы лебіздерін жеткізді.

Тараз қаласының әкімдігі
Обсудить
Блок в статье:
Мойынқұмның елге сыйлы Балжаны.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Похожие материалы:
Комментарии (3)