Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

02 март 2025, Воскресенье
50
0
🔰Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні Қазақстан халқының Ассамблеясының 30 жылдығымен қатар келіп отыр. Ұлт бірлігін насихаттау жолында тер төгіп жүрген түрлі этнос өкілдерінің қоғам үшін маңызы зор. Тілі басқа болғанымен тілегі бір этнос өкілдері қазақ халқына әрдайым алғыстарын білдіреді.
🔰Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толу мерейлі мерекесін атап өту аясында   1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне арналған «Алғыс айту- асыл қасиет» атты салтанатты шара өтті. 
🔰Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, аудандық мәслихат депутаты Оңласын Мұқашов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, мекеме, бөлім басшылары, өзге ұлт өкілдері мен тұрғындар қатысты.
🔰Шарада аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов құттықтау сөз сөйлеп, барша аудан тұрғындарына бақ-береке, зор денсаулық тіледі. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты Оңласын Мұқашов та ізгі тілегін жеткізді. Ауданға еңбегі сіңген бірқатар азаматтар Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың, аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен және "Ауданға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
🔰Кеш концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық мәдениет үйінің әншілері ән шырқаса, "Айжанқыз" халықтық бишілер ұжымы өзге ұлттардың әуендеріне мың бұрала биледі.






Сарысу ауданы


Обсудить
Блок в статье:

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры