Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл!
Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Жуалы ауданында салтанатты іс-шара өтті. Оған әр шақырылымдардың депутаттары, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен аудан әкімі Мұртаза Жалғас Әліжанұлы қатысып жиылғандарды Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығымен құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың төрағасы Зиядхан Бүрлібаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мәслихат депутаты Сейтхан Жұмашев та әріптестерін құттықтады.
1994 жылы 7 наурызда Тәуелсіз Қазақстан тарихында жергілікті өкілетті орган – мәслихат депутаттарының бірінші сайлауы өтті. Отыз жыл ішінде барлық деңгейдегі мәслихаттардың еліміздің дамуына қосқан үлесі зор. Салтанатты шара барысында ел мүддесі жолында атқарған еңбегі үшін мәслихат депутаттары, бір топ қоғам қайраткерлері «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Жалғас Мұртазаға «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының Алғыс хаты тапсырылды. Құтты болсын!
Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, экс – депутаттарын Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығымен, 2025 жаңа жылмен құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс, абырой тілеймін!
Қасымхан Төлендиев
Обсудить
Блок в статье:
"Отбасындағы әкенің рөлі"
26 декабрь 2024, Четверг
Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл!
26 декабрь 2024, Четверг
« Ең үздік төрайымы»
26 декабрь 2024, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)