Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Жамбыл облысында Алғыс айту күні кең көлемде атап өтілді

Жамбыл облысында Алғыс айту күні кең көлемде атап өтілді

01 март 2025, Суббота
74
0
Жамбыл облысында Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында тағылымды іс-шаралар өткізілді.«Достық үйінде» бастау алған шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ардагерлер кеңесінің, мәслихат пен партия төрағалары, ЖОО ректорлары, ҚХА ардагерлері мен мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.Этнос өкілдері қонақтарды құшақ жая қарсы алып, тайқазаннан дәм ұсынды.
Бұдан кейін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылуы, архивтік құжаттар алаңшасының таныстырылымы өтті.
Іс-шарада облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
– Тәуелсіз еліміздің және өңірдің әлеуметтік-экономикасының өркендеуіне атсалысқан аға буын өкілдерінен бастап, қазіргі таңда әр салада жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөленіп жүрген азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін!
Әрқайсымыздың жүрегімізде туған Отанымызға деген мақтаныш пен ризашылық сезім ортаймасын! Әр отбасыға бақ-береке, табыс тілеймін! Егемен еліміздің іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы тең болсын! — деді Ербол Қарашөкеев.
Облыс әкімі мерейлі мерекеге орай ҚХА-ның мүшелеріне марапаттар табыстады.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес «Ахыска» түрік этномәдени орталығы Жамбыл облыстық филиалының директоры Махмутжон Давришев «Құрмет» орденімен, Қордай ауданы «Қордай Су» кәсіпорнының бригадирі Қазақбай Көкішев пен Қордай ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылғы кәсіпорнының механигі Серік Жекебеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
А.Тоқпанов атындағы облыстық драма театрының әртісі Әбиірбек Тінәлі мен «Трансфер» шаруа қожалығының басшысы Владимир Бондаренко «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атанды.
Сонымен бірге бірқатар азаматқа ҚХА-ның «Жомарт жан» төсбелгісі, Облысқа сіңірген еңбегі үшін белгісі, өңір басшысының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты берілді.
Бұдан соң «Днепро» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Феодор Клименко мен «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева сөз алып, жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты шара ҚХА мүшелері және К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерттік бағдарламасына ұласты. Өнерпаздар ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұлттық ән мен биінен шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бұл күні «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында аз қамтылған 800 отбасыға 16 млн. теңгенің азық-түлік қоржыны үлестірілді.
Бұдан бөлек, этнос өкілдері «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚХА-ның 30 жылдығына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» экспозиция салтанатты түрде ашылды.
Айта кетейік, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған маңызды шаралар жыл бойы жалғасады.

Жамбыл облысының әкімдігі

Обсудить
Блок в статье:
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры