Халық қалауы - әділетті қоғам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауынан, сондай-ақ «Заң мен тәртіп, Әділ қоғам» тақырыбында өткен облыстық ардагерлермен форумының шешімдерінен туындайтын міндеттер аудандық ардагерлер жиынында талқыланды.
Іс-шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаев, ауданның зиялы қауым өкілдері, белсенді ардагерлері, аудандық полиция бөлімінің және прокуратураның жауапты қызметкерлері, әкелер, билер, аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары талқыланып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.
Алғаш болып сөз алған аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мелсхан Жұматаев Жолдаудың ел дамуындағы стратегиялық маңызына тоқталып, ондағы бастамалардың өміршеңдігін атап өтті.
Одан кейін аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Айдос Майнаусов баяндама жасап, аудан көлеміндегі құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Кеңес ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бауыржан Байдаулетов өз сөзінде ауыл ардагерлерінің қоғамдық өмірге белсене араласып отырғанын айтып, Жолдаудағы бастамаларды қолдайтынын жеткізді.
Ақын, "Құрмет" орденінің иегері Шырын Мамасерікова Жолдаудағы рухани құндылықтар мен ұлттық тәрбиеге қатысты мәселелерге тоқталды.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев өз сөзінде Президент Жолдауы – еліміздің алдағы даму жолын айқындайтын маңызды құжат екенін айта келе, қатысушыларды Қарттар күні мерекесімен құттықтап, ардагерлердің ел дамуына қосып отырған үлесін жоғары бағалады.
Жиын қорытындысында аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек сөз сөйлеп, Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындауда барша қоғам мүшелері, соның ішінде ардагерлер қауымының белсенді атсалысуы маңызды екенін атап өтті. Ол жиынға қатысушыларға алғысын білдіріп, ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Меркі ауданы
Обсудить
Блок в статье:
Қарттарымыз құрметтен кенде болмайды
14 октябрь 2025, Вторник
Есепте есе жібермеген
14 октябрь 2025, Вторник
"Таза Қазақстан" акциясына ардагерлер де атсалысты
14 октябрь 2025, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)








