Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » МОЙЫНҚҰМДА – ЖАҢА ТӨРАҒА

МОЙЫНҚҰМДА – ЖАҢА ТӨРАҒА

12 август 2026, Среда
31
0
Мойынқұм аудандық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс пленумы өтіп, онда ұйымдық мәселе қаралды.  Жиынға Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қонысбай Қуандықұлы Ильясов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауылдық округтердегі бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, қоғамдық негізде құрылған әкелер және аналар кеңестерінің төрағалары қатысты. Пленум жұмысын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Оразымбетов ашты. Ол денсаулық жағдайына байланысты атқарып отырған қызметінен босату туралы өтінішін білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Сәбит Оразымбетовтың өтінішін бірауыздан қанағаттандырып, оны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Пленумда сөз алған облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қонысбай Қуандықұлы Ильясов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалығына бұған дейін аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген Баяхмет Шынжарбековтың кандидатурасын ұсынып, оның ардагерлер қозғалысындағы белсенді қоғамдық қызметі мен ұйымдастырушылық қабілетіне жоғары баға берді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалығына ұсынылған кандидатураны талқылауға Мойынқұм ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Мұқан Сабыров, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жамбылов, Жамбыл ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Кәрібай Оспанов және аудандық аналар алқасының мүшесі Айнаш Боташева қатысып, Баяхмет Шынжарбековтың кандидатурасын бірауыздан қолдайтындарын білдірді. Олар жаңа төрағаның тәжірибесі мен іскерлігі аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Ашық дауыс беру нәтижесінде пленум мүшелері Шынжарбеков Баяхметті бірауыздан Мойынқұм аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы етіп сайлады. Сонымен қатар пленумда осы уақытқа дейін аудандық аналар алқасының төрайымы болып қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген Ғалия Шубаева аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды. Жаңадан сайланған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Баяхмет Шынжарбеков өзіне көрсетілген зор сенім үшін алғысын білдіріп, аудандық ардагерлер ұйымының бірлігі мен сабақтастығын сақтай отырып, ардагерлердің әлеуметтік мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жастарға тағылымды тәрбие беру және қоғамдық жұмыстарды жандандыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратынын айтты.   «ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ 19 август 2026, Среда
Тағылым 18 август 2026, Вторник
Даналық мекені – кітап әлемі 18 август 2026, Вторник
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры