Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Еңбегі ерен

08 июнь 2026, Понедельник
43
0
Қалбүбі Қалдығұлқызы Абдикадирова – ел құрметіне бөленген ардақты жан. Ол елу жылға жуықтайтын ұстаздық қызметте жас ұрпаққа үздіксіз  сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, абыройлы қызмет атқарды.
Қалбүбі Қалдығұлқызы Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебі ашылған сәттен бастап, осында үздіксіз  еселі еңбек етті. Қазір – еңбек демалысында. Ол ісіне деген адалдығы, жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігінің арқасында әріптестері арасында үлкен беделге ие болды. Шәкірттерінің бойына адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, үлкенді сыйлау секілді асыл қасиеттерді сіңіре білді. Оның тәлімін алған талай шәкірті бүгінде әр салада табысты еңбек етіп жүр. Александр Хорешков, Анастасия Хорешкова, Ольга Белаусова секілді шәкірттерін мақтанышпен айтады зейнеткер ұстаз. 
Қалбүбі Қалдығұлқызының еңбегі елеусіз қалған емес. Ол бірнеше мәрте марапатталып, білім саласындағы жетістіктері үшін Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарына ие болды. 
Ол отбасының ұйытқысы, ардақты ана, немере-шөберелеріне өнеге болған асыл әже. Балаларына жақсы тәрбие беріп, олардың өмірден өз орындарын табуына жол көрсетті. Ардагер ұстаздың ғибратты ғұмыры мен өнегелі еңбек жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі.

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

МАЙТАЛМАН
08 июнь 2026, Понедельник
МАЙТАЛМАН
МАЙТАЛМАН
08 июнь 2026, Понедельник
МАЙТАЛМАН
Оның еңбегі – жас мамандарға үлгі
08 июнь 2026, Понедельник
Оның еңбегі – жас мамандарға үлгі
Еңбек адамы
13 июнь 2025, Пятница
Еңбек адамы
Еңбегі елеулі азамат
09 февраль 2025, Воскресенье
Еңбегі елеулі азамат
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры