Оның еңбегі – жас мамандарға үлгі
Ақтоты Әлімханқызы тек ұстаздықпен ғана шектелмей, мектептің қоғамдық жұмыстарына да белсене араласқан. Ол осы мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметін абыроймен атқарып, ұжым мүддесі жолында аянбай еңбек етті. Ерен еңбегі мен білім саласына қосқан үлесі елеусіз қалған жоқ. 2019 жылы сол кездегі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болған Асхат Аймағамбетовтың Алғыс хатымен марапатталыпты. Ал 2024 жылы ҚР Оқу-ағарту министрі қызметін атқарған Ғани Бейсембаевтің Құрмет грамотасымен наградталыпты. Ақтоты Әлімханқызы – ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан, өнер мен білімді қатар дәріптеген ардақты ұстаз. Оның еңбек жолы – жас мамандарға үлгі, кейінгі буынға өнеге.
Марат ДИХАНБАЙ,
Тұрар Рысқұлов ауданы
Марат ДИХАНБАЙ,
Тұрар Рысқұлов ауданы
Обсудить
Блок в статье:
БОЛАТ ЖОЛДЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ
12 август 2026, Среда
МОЙЫНҚҰМДА – ЖАҢА ТӨРАҒА
12 август 2026, Среда
ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН СӨЗ – ЖҮРЕККЕ ЖЕТЕДІ
12 август 2026, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (1)





